Открытый урок по самопознанию Бақыт сыры

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 08. 10. 15 ж

Сабақ № 6

Тақырыбы: Бақыт сыры

Мұғалімі: Естемесова М. К.

Мақсаты:

Өмірде жақсылық жасай білуге тәрбиелеу, жақсылық, мейірімділік, бақыт туралы түсініктерін толықтыру, дамыту.

Шаттық шеңбері:

Оқушылар бір біріне бақытты болуды сөйлеммен тілейді. Мыс. Аққудың адалдығын, гүлдей нәзіктік, т б...

Оқу ақпараты.

Адамның бақытты болуы өз қолында дегенбіз сол түсініктеріңізге қарай дәптерлеріңізде берілген «Бақытты адамның ұстанымдарынан» жаныңа жақынын таңдап алып түсіндір.Бақыт деген - адамдар үшін өмір сүру және оларды бақытты ету.

Бақыт - бұл жаныңа жақын істі таңдап алу және шығармашылықпен еңбектену.Бақыт - достарыңмен, жаныңа жақындарыңмен араласу.

Бақыт - қызықты өмір үшін барлық қажеттінің болуы

Бақыт - ертеңгі күнді ойламастан, бүгінгімен өмір сүру.

Бақыт- денсаулығыңның мықты болуы және өзіңнің, айналаңдағылардың денсаулығына қамқорлық жасай білу.

Бақыт - әр күннің нұрлы шуағын сезіну.

Мәтінмен жұмыс

«Бақыт жолын сілтеу»

....Жақсы мінез - құлық пен ақыл күші болып , екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады, қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігінде деген мағынада айтамыз. Егер осы екеуі (жақсы мінез құлық пен ақыл күші) бірдей болып келсе, біз з бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы осы екеуінің арқасында біз ізгі, игіліті және қайырымды адам боламыз, бақытқа қол жеткіземіз.

М Мақатаевтың өлеңін оқып талдау.

....Бақыт деген - сенің бала күндерің

Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенің,

Бақытын да, басқасын да білмеуің

Бақытсыз ақ ойнағаның - күлгенің....

Дәптермен жұмыс.

Тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап беру. «Менің бақытым» тақырыбына әңгіме жазу. Оқушылар бір-бірімен пікір таласып, тақырыпты талқыға салады.

Жүректен жүрекке:

Балалар пікірталасып, жақсылықтың адамның ең асыл қасиеті екенін дәлелдеп, бір - біріне бақыт тілеп жақсы тілектер айтады.


© 2010-2022