Ерте жастан дарындылықты анықтаудың әдіс тәсілдері

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТІРЛІГІ

.

«Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар»

Дайындаған: Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің психологы:Смагулова А.С.

2015-2016 оқу жылы

«Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат,

қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»

Н.Ә.Назарбаев

Дарындылықты анықтаудың психологиялық жолдары

Ертедегі Қытайда дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі бала деп атаған. Расында дарынды балаларды киелі бала деп атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап, оларға дұрыс жол сілтеу қажет.

Жалпы педагогика-психология ғылымында «дарындылық» мәселесіне қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде. Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық-ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін -адам.

И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын көрсетті. Олар:

1. Ақыл -ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқлатын балалар.

2. Мектептің жекеленген пәндеріне және әр түрлі іс-әрекетіне

қабілетті балалар,

3. Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар.

Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі - ол әлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа біткен қасиет деген.

Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық адам баласының даму барысында тәрбиеге байланысты дейді. Сонымен дарынды бала- ол кім?

Психологиялық педагогикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша дарынды баланың бейнесі анықталды.

1. Интеллектуалды және ақыл- ой белсенділігі бар бала сөйлеу белсенділігінің жоғарлығымен, ойының ұшқырлығымен, байқағыштығымен, мәселені шешуде жан -жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында көсем болумен, есте сақтауының беріктігімен т.с.с қасиеттерімен ерекшеленеді.

2. Бейнелеу өнері бар бала- сурет салуға көп уақыт бөлінуінен, көргенін есте сақтауымен, сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.

3. Әнге қабілеті бар балалар- ән сабақтарына аса қызығушылықпен қарайды, ритмикалық бөліктерді оңай қайталайды, таныс әуендерді бірінші дыбыстан таниды.

4. Қозғалыстың белсенділігі бар бала жаттығуларды орындауда тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына дене күші күшті болып келеді.

Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет.

Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Диагностика үрдісін жүзеге асырушы педагогтар мен психологтарға ғылыми принциптерді жетекшілікке алып, балалар дарындылығын бағалау құралдарын өте мұқият таңдау қажет. Біздің бала қабілеттілігін диагностикалау жұмысымыз оның ішкі қабілеттілігін бағалауға арналған. Кейде біз, баланы дарынсыз дей отыра, оның бүкіл психикасын мүгедек етуімізде мүмкін.

А.Савенков дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптерін ұсынды:

1. Кешенді бағалау принципі. Баланы зерттеу жан-жақты және

кешенді болуы керек. Баланың интеллектуалдық қабілеттілігінің даму деңгейінен басқа психо-физикалық қасиеттері мен құбылыстарының мүмкіндігінше кең аймағын зерттеуіміз қажет. Зерттеуші үшін баланың шығармашылық қабілеттілігінің дәрежесін, психо-әлеуметтік және физикалық даму деңгейін зерттеу маңызды бола бастайды.

Кешендік бағалау принципіне тікелей қатынасы бар бағалаудың сапалы жақтарында есте ұстау қажет. Бұл арада бала психикасының құрылымындағы жеке функциялары мен қабілеттерінің даму деңгейінің сәйкестілігін анықтау туралы сөз болып отыр.

2. Ұзақ мерзімдік принцип.

Балалар дарындылығының деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін диагностикалық зерттеулердің бір уақыттық шара болуы мүмкін емес. Бұлай жасауға осы мәселенің теориялық жағынан қарастырылу деңгейі ғана емес,сонымен қатар осы үрдістің әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу деңгейінде мүмкіндік бермейді.

3. Тренингтік әдістер мен тапсырмаларды қолдану принципі.

Бір реткі зерттеуге арналған кәдімгі диагностикалық әдістемелердің кемшілігіне баладан арнайы стандартты тапсырмалар арнасын шешуді талап ету және оның нәтижесі бойынша бағалау жатады. Сонымен қатар,бір реткі тапсырмалар бір уақыттық диагностиканың қызметін атқарады, олар кейбір жағдайларда балаларда табиғи стресстен туған қателіктердің алдын алуға да мүмкіндік бермейді.

Тренингтік әдістемелер диагностиканың мақсатын өзгертуге, яғни оларды ең әуелі бала қабілеттілігін коррекциялау мен дамытуға бағыттауға мүмкіндік жасайды. Тренингтік әдістемелерді қолдана отырып, ұзақ мерзімдік диагностиканы жүзеге асыруға сол арқылы бір реттік зерттеуде міндетті түрде болатын кейбір психологиялық бөгеттерді шектеу мүмкін болады. Тренингтің көмегімен ұзақ зерттеуге алынған бала біртіндеп қысымнан құтыла отырып, өзінің табиғи қабілетін көрсете бастайды.

4. Баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескеру принципі.

Көптеген мамандар баланың дарындылық деңгейін бағалауда қанша актуальды жағын бағаласақ, сонша потенциалдық мүмкіндігін бағалау керек дегенді айтады. Бұдан басқа, педагогикалық және әлеуметтік жағынан баланың сол сәттегі істегені емес, одан болашақта не күтуге болады сол маңыздырақ болады.

5. Диагностикалық экологиялық әдістерді тірек ету принципі.

Экологиялық әдістерді баланың жасанды, зетханалық жағдайда емес кәдімгі жағдайдағы мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау әдістері жатады. Дегенмен, бұл арада біздің мүмкіндіктеріміздің шектелетінін ұмытпау керек.

6. Әр түрлі мамандардың қатысу принципі.

Диагностикалық зерттеулерде психологтардан басқа педагогтар, физиологтар, ата-аналар және балалар қатысуы қажет. Балалар тек зерттелуші арналған арнайы өңделген, әдістемелік құралдары болуы керек. Тек осы мәліметтерді қатар қойып салыстыру ғана шынайы көріністі бере алады.

7. Балалардың өз дарындылығын бағалауға қатысу принципі.

Жалпы балалар психодиагностикалық жұмыстарға зерттелуші рөлінде ғана қатысады. Әйтседе дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ. Балалар дарындылығының диагностиалық үрдісін фундаментальдық идеялар ретінде жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алып, келесі ретпен жүзеге асыруға болады:

1. Ұйымдастыру деңгейі.

Алдын-ала ізденіс кезеңі. Осы кезеңдегі жұмыстың мәніне бала туралы алғашқы мәліметтерді жинастыру жатады. Ақпаратты тасымалдаушыларға әр түрлі деректер жатады мәселен, ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, педагогтар және балалардың өздері.

Ата-аналар үшін келесі әдістемелер қолданылады: «дарындылық картасы», «интеллектуалдық портрет» және т.б.

Мұғалімдер үшін баланың бейімділігін анықтауға арналған әдістемелер:«оқушылардың қызығушылығының картасы», «интеллектуалдық портрет».

Практикалық психологтар интеллектуалдық даму деңгейін анықтау (Д.Венслер,Дж.Равен), шығармашылық ойлауды бағалау (Е.П.Торренстің, Дж.Пилфордтың тесттері) шығармашылық ойлаудың қысқа тұлғаның бағыттылығын анықтаудың дәстүрлі әдістемелерін қолдана отырып, баланың психикалық ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасын ұсынады.

Медициналық құжаттар мен мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау жасау негізінде баланың физикалық даму аймағы зерттеледі. Балалардың өзінің дарындылығын анықтау диагностикасына қатысуы олардың тесттік тапсырмаларды орындауымен анықталады.

2. Бағалаушылық - коррекциялық кезең.

Бұл кезең диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Олар продуктивті ойлауды психо-әлеуметтік аймақты физикалық мәліметтерді дамытуға бағытталған.

Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.

3. Өзін бағалау кезеңі.

Бұл кезеңде балаға өздігінен қосымша сабақтарды таңдау құқығы беріледі. Баланың еш зорлықсыз қосымша сабақтарды жалғастыруға деген ниеті дарындылықтың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жоғары интеллектуалдық жүктемелерге деген бейімділіктің байқалуын көптеген ғалымдар дарынды баланың ереғкше қасиеттерінің бірі деп есептейді. Бала сабақты әрі қарай жалғастыруды өздігінен таңдай отыра, өзі үшін қосымша интеллектуалдық жүктемелердің қажет екендігі туралы сұрақты шеше алады. Осылайша, ол өзінің дарындылығын бағалауға қатысады.

4. Қорытынды іріктеу кезеңі.

Жұмыс барысындағы ақпарат деректерінен алынған мәліметтерді негізге алып, балалардың қосымша сабақтарға қатысуы мен оның нәтижесін таңдау арқылы әр баланың дамуына болжам жасалады.

Жоғарыда аталған балалар дарындылығын диагностикалаудың принциптеріне сүйене отырып, біз балалар ерекшелігін зерттеуге нақты әдістемелер ұсынамыз.Ұсынылған әдістемелер 6-9 жастағы балаларды зерттеуге арналған. Сонымен қатар, авторлар бұрынғы бар тесттерді қолданбайтынын айта кету керек. Балалар дарындылығын зерттеуге арналған стандартты тесттер қазіргі ғылыми әдебиеттерде жан - жақты берілген .

Дарынды балаларды анықтау және зерттеу.

Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 котегориясын анықтап берді.

Бірініші категория - ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.

Екінші категория - жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.

Үшінші категория - дарындылық күш - қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Ой - өрістік қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға сектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өзқатарластарын басып озады. Олардың ақыл - ойының кемеңгерлігі сонша - оларды байқамау мүмкін емес. Бала дарындылығының байқалмайтын жақтарыда кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі ой - өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл қабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады. Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде дарынды балалардың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар бар. Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен:

- арнайы психометриялық тест;

- баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды)

- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;

- педагог тарапынан оқушының іс - әрекеті мен мінез - құлқын эксперттік бағалау;

- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу;

- оқушы шығармасының туындыларын эксперттік бағалау;

- арнай психодиогностикалық тренинг;

Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбекетерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар - психомоторлық, интеллекутуалдық, академиялық, шығармашылық және әлекметтік дарындылық.

Дарындылықты анықтау сауалнамалары балаланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз пстхологиялық сапаларын дәлірек анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұймдастыру үшін қажет. Психоөлшеу сауалнамалары бала бойындағы қөайсыбір дарынның байқалуы мен өзгеру қозғалыстарын зерделеуде септігін тигізеді. Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Ол қабілетті балалар диогностикасы туралы қалыптасқан, яғни дарынды балаларды «бір сәттік» іріктеу сатысынан оларды жетілдіру мен оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ мерзімді диогностикалау сатысына дейінгі кезең туралы бір жақты пікірді түбегейлі өзгертеді. Дарынды балалар диогностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі - теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диогностика моделін шығару болып табылады. Демек, дарынды балаларды анықтау - арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диогностикалаудың барлық түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныптың сынып жетекшісімен және психологпен ата-ана пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс.

Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер.

Дарындылықты анықтау әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:

- арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер;

- баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау;

- балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;

- түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;

- белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.

Бірінші бөлімде, танымдық процестерге байланысты әдістемелерді қолдандым. Олар:

- Джонс креативтілік сұрақнамасы.Мұнда баланың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу қарастырылған;

- Ойлауды анықтауға арналған әдістеме;

- Көру арқылы есте сақтау;

- Есту арқылы есте сақтау;

- « Оперативті ес » әдістемесі;

- Зейінді анықтауға арналған « Қызыл-қара таблицалар » әдістемесі;

- Зейінді анықтауға арналған « Мюнстенберг » әдістемесі;

- Ақпаратты қабылдау әдістемесі;

Екінші бөлімде, бала қабілетін анықтауға байланысты алты тапсырма орындау және қосымша тест, тренингтер.

1 - тапсырма: « Жаттығулар »

2 - тапсырма: « Жағдайаттар »

3 - тапсырма: « Қанатты сөздер »

4 - тапсырма: « Обьект құрлымын өзгерте алу қабілеттілігі »

5 - тапсырма: « Сөздік пайымдық қабіліттерді » зерттеу;

6 - тапсырма: « Бақылау »

« Вербальды қиял » әдістемесі;

Үшінші бөлімде, іріктеліп шыққан баланың ата - анасына, сынып жетекшісіне психологқа арналған әдістемелер қолданылады. Олар:

- Мұғалімдер мен ата-анаға арналған дарындылық диогностикасының әдістемесі;

- Мұғалімдерге арналған « Ой-өрістік портрет » әдістемесі;

- Психологпен мұғалімге арналған « Оқушы сипаттамасы».

Ақпаратты қабылдау

Эксперименттатор сөздерді тез оқиды, оқушылар бұл сөздерді тез айырып, қажетті қатардың астына жазуы қажет. 2 рет оқиды. 1 минут беріледі. Кестеде 5 қатар бар:

1)Аңдар

2)Құстар

3)Ағаштар

4)Гүлдер

5)Ыдыстар

32 сөз оқылады:

Аю, Терек, Раушан, Қарға, Түлкі, Шағала, Кесе, Қасқар, Қасық, Роза, Қарағай,

Тарелка, Емен, Зорман, Маймыл, Қайың, Үйрек, Сирен, Қаз, Шырша, Жолбарыс, Ожау, Арыстан, Қарлығаш, Қоян, аққу, Бүркіт, Күркетауық, Тауық, Қалақ, Жираф, Стакан.

Оқушылардың жазып үлгерген сөздерін санайды. Егер жазылған сөздердің саны 32 болса - ақпарат қабылдауы өте жақсы, 31- 29 орташа. 28 төмен болса қабылдай алмайды деген сөз

Джонс креативтілігі сұрақнамасы

Мақсаты: оқушылардың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу

Жалпы сипаттамасы:

Креативтілік сұрақнамасы (КС) өзін шығармашылықпен көрсетуге байланысты элементтерге көңіл бөледі. КС - бұл сыртқы бақылауға қолайлы кретивтіліктің байқалуын теңестіру үшін арнайы өңделген сегіз пунктілі шығармашылықпен ойлау мен іс-әрекет жасау сипаттамаларының шынайы тізімі. Сұрақнаманы толықтыруға 5 - 10 минут уақыт бөлінеді.

КС бойынша маман кретивтілікті бағалау үшін бізді қызықтырған тұлғаның қандай да бір ортадағы әлеуметтік әсерлесуін бақылауды. Сұрақнаманың әрбір тұжырымы бес деңгейлі шкала бойынша бағалады.

Креативтіліктің жалпы бағасы - сегіз пункті бойынша ұпайлар санының жиынтығы болып табылады. (ең төменгі 8 ұпай,ең жоғарғысы 40ұпай) Кестеде ұпай санының кретивтілік деңгейіне сәйкестілігі көрсетілген.

Сұрақнама мәтіні

Шығармашыл тұлға мүмкіндігі:

1. Қоршаған ортаның нәзік, белгісіз, күрделі ерекшеліктерін сезіну

2. Нақты жағдайда көптеген түрлі ойларды ұсыну және айта білу

3. Түрлі сипат пен деңгейдегі ойларды ұсыну

4. Қосымша детальдар, ойлар, баламалар мен шешімдер ұсыну

5. Елестете алу ,әзілқойлық,мүмкіндіктерді тұжырымдап,дамыту

6. Мәселені шешуе тосын, жаңа мінез-құлық таныту

7. Басқа келген қарапайым, көпшілікке белгілі ойлардан бас тартып, түрлі ойлар қарастырып, ұтымдысын таңдай білу

8. Туындаған қиындықтарға қарамастан өз шешіміне деген сенімін жоғалтпау, мәселені шешуде септігін тигізер қалыптан тыс ой мен бағыты үшін жауапкершілікті сезіну.

Мүмкін болатын бағалау ұпайлары:

1-ешқашан; 2-сирек; 3-кейде; 4-жиі; 5-үнемі;

Орта буында оқитын балалардың ойлауын бағалау әдісі

Сізге осы әдістемені қолдану барысында 20 мәселені шешу беріледі. Бұл әдістемеде салыстырмалы түре қайсысы үлкен немесе кіші саны анықтау керек. Үлкен « » не кішілік « » белгілерін қойыңыз, 5 минут уақыт беріледі..

Тапсырма:

1.А үлкен Б 6 есе 2. А кіші Б 10 есе

Б кіші В 7 есе Б үлкен В 6 есе

3. А үлкен Б 3 есе 4.А үлкен Б 3 есе

Б кіші В 6 есе Б кіші В 5 есе

5.А кіші Б 3 есе 6.А үлкен Б 9 есе

Б үлкен В 5 есе Б үлкен В 12 есе

7.А үлкен Б 9 есе 8.А кіші Б 3 есе

Б кіші В 4 есе Б үлкен В 7 есе

9.А кіші Б 5 есе 10.А кіші Б 2 есе

Б үлкен В 6 есе Б үлкен В 8 есе

11.А кіші Б 3 есе 12.А үлкен Б 10 есе

Б үлкен Б 2 есе Б үлкен В 3 есе

13.А кіші Б 10 есе 14.А кіші Б 5 есе

Б үлкен В 3есе Б үлкен В 2 есе

15.А үлкен Б4 есе 16. А кіші Б 3 есе

Б кіші В 3 есе Б үлкен В 2 есе

17.А үлкен Б 4 есе 18.А үлкен Б 4 есе

Б кіші В 7 есе Б кіші В 3 есе

19.А кіші Б 5 есе 20.А үлкен Б 7 есе

Б үлкен В 8 есе Б кіші В 3 есе

Әр бір дұрыс жауапқа 0,5 балл

10 балл - өте жақсы

8-9 балл - жоғары

4-7 балл - орташа

2-3 балл - төмен ; 0-1 балл - өте төмен

Көру арқылы есте сақтау

Балаға мына суреттер беріледі. Оларға қосымша сурет салынбаған қағаз беріледі. Таза параққа көрген суретін салу керек. Сол салынған суретке байланысты оның көре отырып есте сақтауын анықтаймыз. 1 минут.

Аты-жөні:




Есту арқылы есте сақтау

Балалардың есту арқылы есте сақтауын анықтау үшін 4 нұсқадағы сөздер оқылады. Бала оқылған сөздің қаншалықты есте сақтағанын қағазға жазады. Неше сөзді есте сақтағаны арқылы оның деңгейін анықтаймыз. 1 минут.

1-нұсқа

Ай

Ағаш

Секіру

Сары

Қуыршақ

Сумка

2-нұсқа

Кілем

Стакан

Жүзу

Ауыр

Кітап

Алма

3-нұсқа

Вилка

Диван

Қалжың

Күшті

Пальто

Телефон

4-нұсқа

Мектеп адам

Ұйықтау

Қызыл

Дәптер,

гүл

«Оперативті ес» әдістемесі

Қысқа уақыт ішіндегі есті зерттеуге арналған әдіснама. Зерттелушіге бірінші баланкі беріледі. Кейін әдістеме құрлымы айтылады. 1 минут.

ҚҰРЛЫМЫ: Саған сандарды оқимын. 10 қатар әр біреуінде 5 саннан.Сіздің мақсатыңыз: сол 5 санды есіңізде ұстап сосын 1- ші санды 2 - шіге қосып, 2-шіні 3-ге қос, 3 - 4- ке қосып 4-ші 5-ге қосып, барлығын қосқандағы жалпы санды сол қатарға жазып қой. Мысалы: 6, 2, 1, 4, 2, 6+2=8 жазамыз, 2+1=3 жазамыз, 1+4=5 жазамы, 4+2=6 жазамыз. 15 сек беріледі. Дұрыс тапқан сандарды санап сол бойынша бағалаймыз.

Әдістеме материалының үлгі бланкісі.

Аты-жөні:

№ ҚАТАР

ЖАЛПЫ ҚОРТЫНДЫ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Әдістеме мазмұны:

1- 5,2,7,1,6 2- 3,5,4,2,5 3- 7,1,4,3,2 4- 2,6,2,5,3 5- 4,4,6,1,7

6- 4,2,3,1,5 7- 3,1,5,2,6 8- 2,3,6,1,4 9- 5,2,6,3,2 10- 3,1,5,2,7

Зейінді анықтауға арналған «Қызыл-қара таблицалар» әдістемесі.

Бұл әдістеме зейінді анықтауға арналған. 1 минут.

Құрлымы: Сізге қызыл -қара сандары бар таблица берілді. Сіз қызыл, қара сандар 25-тен 1 дейін. Қара сандар 1- ден 24 дейін. Ең бастысы санның жанында жазылған әріпті жазып отыру керек. Жұмыс уақыты - 5 минут

Мысалы: Қызыл сан 25, Р деп жазамыз, Қара сан 1, В әрпін жазамыз, Қызыл сан 24,И әрпін жазамыз, Қара сан 2, Н әрпін жазамыз, осылайша жауап парағында қатар бойынша әріптер пайда болады.

Р

В

И

Н

..............

Әдістеме дұрыс тапқан әріптердің саны бойынша бағаланады.

«Қызыл-қара» таблица әдістемесінің материалы.

Аты-жөны:

8 К

24 У

13 М

7 Ф

22 Б

12 И

5 Б

8 І

14 Ф

14 Р

17 Ш

15 Д

3 Е

19 К

3 К

18 Ч

23 К

16 Р

18 І

17 Р

21 Р

13 А

1 Р

22 Ш

11 Р

23 Г

20 Г

5 М

10 С

4 Ф

25 Р

21 Ц

2 Т

19 Ж

12 Ж

6 Б

16 У

20 М

4 С

10 Б

9 А

2 Н

7 Н

11 Л

15 У

9 К

24 Н

1 В

Қызыл сан:25-1 Қара сан:24-1 дейін

Мюнстенберг әдістемесі

Бұл әдістеме тұлғаның зейінін анықтауға бағытталған.

ҚҰРЛЫМЫ: Көрсетілген әріптердің ішінде сөздер құрастырылған. Сіздің міндетіңіз тез арада барлығын қарап шығып, арасындағы сөздерді тауып белгілеңіз. Бланкімен жұмыс істеу уақыты-1 минут

Тапқан сөздердің санын шығарып қатесін белгілеу керек.

Мюнстенберг әдістемесінің үлгісі

Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдол

ғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщк

міндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасшыолпагшуаақлдазжылущлдхтәжірибезхкндтдтұқымырщқұралдыушзпсезімдлаплпсыныпдмдвшввхат

Дұрыс жауаптар:

Ағаш,шырша,дарын,таным,оқу,нәтиже,жыл,мектеп,ғылым,әлеумет,оқушы,көру,зейін,бала,білім,кезең, міндет,облыс,дамыту,ойын,әрекет,педагог,уақыт,

басшы,,атақ,тәжірибе,тұқым,құрал,сезім.

Оқушылардың шығармашылық қабілетінің диогностикасы.

1 бөлім. Жаттығу.

1. Қалампыр сөзі беріледі.осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет. (3 минут)Сөз құрауда бір әріпті екі рет қайталауға болмайды. Тапсырма бөлек парақпен беріледі және оған оқушы өз сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы - 9 және одан көп сөз. Орташа - 7,8 сөз. Төменгі деңгей - 6 оданда аз.

2. Балаларға төмендегі әріптерден басталатын бес сөзі бар мүмкіндігінше көп сөйлем құрау тапсырылады.

Қ-Б-С-А-Т

Сөйлемдердің мазмұны болуы керек, сөйлемдегі сөздер дұрыс жазылуы тиіс. Басқа сөздер қосуға болмайды. Толтыру 5 минут

Тапсырма нәтижелерін бағалау экраны.

3. Мына жаңылтпаштан біреуін таңдап, жылдам айтып шығу керек. (Ауызша)

1. Қарға, қарға, қарғалар, қар үстінде жорғалар

2. Көк базарда бәрі бар. Барып бәрің бәрін ал

3. Шалғышы шалғы алды. Шаңғышы шаңғы алды.

Жылдам, қатесіз - 2 ұпай. Қателермен - 1 ұпай

2 бөлім.

Сіз төмендігі жағдаяттарда ұсынылған жауаптардың қайсысын таңдар едіңіз (Жауап символы карточкаға толтырылады)

1. Егер мен балалар қалашығын салсам, онда:

А) еш жерде жоқ қаланы салар едім - 2

В) қаланы ұсынылған типтік жоба бойынша салар едім - 0

С) қаланы кино, журнал, кітаптан көргенімдей етіп салар едім - 1

2. Егер мен достарымды туған күн кешіне шақырсам, онда:

А) сценарий жазып, сыйлықтар дайындаймын - 2

В) оларға уақытын айтып, ата-анама үмітімді артамын - 0

С) қонақтарға тағамдар дайындауға көмектесемін - 1

3. Сабақ үстінде мұғалім қойған сұраққа мен келесідей жауап таңдаймын:

А) қарапайым - 0

В) күрделі - 1

С) мүлдем жаңа - 2

4. Мен бір нәрсеге қатты қызықсам,онда:

А) өлең жазамын - 2

В) қызыққан нысанымды қызықтап отырады - 1

С) қанағаттанушылық сезімде боламын - 0

5. Егер мен сүйікті пәнімнен зерртеу жұмысын жүргізсем,онда:

А) көптеген қсымша әдебиеттерді оқимын - 2

В) жеңілірек материал таңдаймын - 1

С) мұғалім көмек бередідеп үміттенемін - 0

6.Мен үшін қарым - қатынас жасауда ең бастысы:

А) өзгеше жаңа нәрсе туралы мағлұмат алу мүмкіндігі - 2

В) достарыммен өз қиындықтарым туралы бөлісу - 1

С) уақыт өткізу - 0

7. Егер де мен ғалым болсам,онда:

А) шетілге жиі барар едім - 0

В) көптеген пайдалы кітаптар жазар едім - 1

С) адамзат пайдасы үшін жаңалықтар ашар едім - 2

8. Егер сізге орманға барарда үш жол кездессе, онда сіз қайсысын таңдар едіңіз?

А) өзіңізге ыңғайлысын - 0

В) таныстарым айтқан жолды таңдар едім - 1

С) белгісіз жолды таңдаймын - 2

9. Менің қалауым - мектепте:

А) барлығы өз мүмкіндігі аясында ғана оқысы - 1

В) барлығы тату болса - 0

С) жаңа нәрселер туралы неғұрлым көп білсек - 2

10. Үш жаңылтпашты дауыстап, анық айтыңыз:

А) кеше неше кесе сынды

В) торғай тоғайды ұнатады. Торғай торғайды ұнатады

С) Піл күшті. Піл күшті емес тіл күшті

3 бөлім.

Сіз ғұламалардың қанатты сөздерімен келісесіз бе? Өз жапуатарыңызды карточкаға мынадай символдармен белгілеңіз:

А) толық келісемін - 0

В) келіспеймін - 2

С) қанатты сөзді бағалауға дайын емеспін - 1

11. «Ойды ой ғана жоққа шығара алады»

12. «Адамның ақылы оның жұдырығынан күштірек» (Ф.Рабле)

13. «Қабілеттер бұлщық еттер секілді жаттығудан кейін өседі» (И.Тимирязов)

14. «Тек ақымақтар мен өліктер ғанаөз ойларын өзгертпейді» (Д.оруэлл)

15. «Етікші нан пісіпсе, наубайшы етік тіксе, жаманшылық келгені деп біліңіз» (И.Крылов)

16. «Адамдар тек қорыққанын ғана сыйлайды» (А.Чехов)

17. «Бар шындық айтылмайтыны белгілі болғанда, өзге шебер болған оңай» (Р.Тагор)

18. «Бірнеше адамға бақыт сыйлаған адам, дүниедегі ең бақытты адам» (Д.Дидро)

4 бөлім. Обьект құрлымын өзгерте алу қабілеттілігі

Әр сұрақтың бірінші қатарыгда өзара байланыс немесе қандай да бір арақатынасы бар сөз жұптары бар. Сіз осы сөздер арасында қандай байланыс пен арақатынас бар екендігін анықтап, ұсынылған төрт жауаптан дәл сондай байланыс пен арақатынас бар сөз жұбын таңдауыңыз қажет. Карточкаға жауап нөиерін жазыңыз.

22. Теңіз - бассейн

1. Өзен - трубба

2. Өзен - монша

3. Өзен - көлшік

4.Өзен-су
23. Қайта өрлеу - жеңімпаз

1. Өрлеу - тау

2. Өрлеу - көшбасшы

3. Өрлеу - жігерлендіруші

4. Өрлеу - қахарман

24.Ара - бал

1. Ит - жүн

2. Қабан - тіс

3. Ешкі - сүт

4. Жылқы -тұяқ

Ұсынылған түпкі сөз жұптары белгілі бір арақатынаста тұр. Келесі түпкі сөзге ұсынылып отырған бес сөзден дәл сондай арақатнаста сәйкес келетін сөзді таңдаңыз. (дұрыс таңдау-2 ұпай)

25. Емтихан -емдлу

Институт:

а) профессор

ә) оқытушы

б) оқыту

в) мекеме

г) студент

26. Күлкі - мұңаю

Қайғы:

а) жеңіл

ә) клоун

б) ренішті

в) көңілді

г) түңілу

27. Шыбын-өрмек

Балық:
а) өрмекші

ә) сазан

б) ау

в) қармақ

г) жүзу

5 бөлім. Сөздік пайымдық қабілеттері

Сізге ынталандыру материалы ретінде үш сөз ұсынылды. Сіз осыларға сәйкес келетіндей, яғни ұсынылған әр сөз бен сөз тіркесін құра алатындай төртінші сөді таңдайсыз. Мысалы: ақ, жылдам, ыңғайлы, жауап - сөз ретінде кеме сәйкес келуі мүмкін .Ұсынылған сөздерге сіздің пайымдауыңызша тура келген жауап-сөз неғұрлым ерекше, қайталанбас, айқын болғаны дұрыс. Сіз сөздердің грамматикалық қалпын өзгертіп, жалғаулар қоса аласыз. Жауаптарыңызды карточкаға жазыңыз. Жауаптар саны да ескеріледі.

Ынталандырушы материал

Мүмкін болатын жауаптар

28

Асау, хрусталь, аялау

Фонтан

29

сабыр, ұшақ, ой

Сынықша

30

Бос, ми, бақша

Бас

31

Алу, күшті, рух

Мереке

32

Жүрек, болат, бару

Кездесу

33

Кездейсоқ, үй, құпия

Түлкі

34

Қызыл, тұмсық, қу

Жалын

35

Үміт, сұғу, түтас

Табу

36

Жедел,төркін,бақыт

Білім

37

әлсіз, қадам, монолит

Бюроктар

38

Емен, машина, іші

Жалқаулық

39

Теңіз, көп, тұлға

Арман

40

Жарық, ақымақ, қанат

Сағат

41

Қалта, топырақ, бозбала

өмір

42

Ит, күш, дөңгелек

Қағаз

43

Жылан, қызыл, мөр

Ыдыс

44

Гүл, жаухар, шаңырақ

Сыйлық

Барлық нәтижелер ортақ кестеге енгізіледі, яғни тігінен аты-жөні, көлденеңнен жауап - сөз жазылады. Неғұрлым ерекше жауапқа - 2 ұпай, қарапайым жауапқа-1 ұпай қойылады.

Жағдайаттардан шығу жолын табыңыз

45. Сізді облыс әкімі етеіп сайлады. Сіздің бастапқы іс-әрекетіңіз?

46. Сіз өзенде шомылдыңыз делік: Кенет біреулер сіздің киімізді тонап кетті.Сіз не істейсіз?

47. Сіз институтқа байқау бойынша өте алмай қалдыңыз. Сізге 1 ұпай жетпей қалды. Бірақ сіз басқа екі талаптанушының 2 ұпайы жетпесе де, институтқа қабылданғанын естідіңіз. Сіздің әрекетіңіз?

48. Сіз африкалық аборигандер арасына түсіп қалдыңыз. Сіздің әрекетіңіз?

Эксперимент жүргізуші бағалауды былай жүргізеді:

Жауап жоқ - 0

Қарапайым жауап - 1

ерекше жауап - 2

Әрбір заттың неғұрлым көп қолдану аясын атап шығыңыз

49. Тоқыма сымы

50. Тіс щеткасы

51. Полиэтилен бөтелкесі

6 бөлім . (Бақылау)

Иә - 2, Айту қиын - 1, жоқ - 0 ұпай

52. Маған жаңашылдық сезімі ұнайды

53. Мен шындығында болуы мүмкін емес нәрсені елестете аламын

54. Күрделі жағдаяттарда тез жиналып, өз-өзіме келемін

55. Өзімнің қандай да бір нәрсеге әуестігімнің себебін түсіндіре аламын

56. Шығармашылық күш лебін жиі сезінемін

57. Мені ерекше ойлар жиі мазалайды

58. Күрделі мәселенің маңыздысы мен қосалқысына шектеу қоя аламын

59. Өз еңбегіме айналамның берген бағсын тыңдауға әрдайым қуаныштымын

60. Мен өзімнің бақытсыздығымның себебін түсіне білуді үйрендім

61. Менің танымдық сұранымтарымды қанағаттандыру үшін мектептің оқу материалдыры жиі жетіспейді.

62. Мен өз қабілеттерім мен мүмкіндіктеріме сенем.

Диогностика нәтижесі төмендегіше бағаланады:

А) Орындалған тапсырмалардың 2-3 бөлігі 2 ұпаймен бағаланған (жоғары шығармашылық деңгейі)

Ә) Орындалатын тапсырмалардың 0,5-тен бөлігі 2 ұпаймен бағаланған (орташа шығармашылық деңгей)

Б) 0,5-тен төмен -төменгі шығармалық деңгей

«Вербальды қиял» әдістемесі

Баланың елестетуін анықтау үшін оған мынадай тапсырма беріледі. 5 минут ішінде елестете отырып ертегі, әңгіме құрастыру керек. Оны айтып беру керек. Айтқан әңгімесін мынадай ерекшеліктеріне қарап бағлаймыз:

1. Елестету процесінің тездігі

2. Бейнені ұйымдастырудағы ерекшелік

3. Қиялының бай болуы

4. Ерекше ұйымдастыру қабілеттері

«Вербальды қиял» әдістемесінің сыза протоколы

Баланың елестетуін бағалау параметрі

Балл бойынша бағалау параметрі

0 1 2

1.Елестету процесінің тездігі

2.Бейнені ұйымдастырудағы ерекшелік

3.Қилының бай болуы

4.Ерекше ұйымдастыру қабілеті

2 балл - егер барлық сапалар бағлау параметріне сәйкес келсе

1 балл - бір кемшілік кездессе

0 балл - бағалау параметріне мүлдем сәйкес келмесе

Мұғалімдер мен ата-аналарға арналған дарындылық диогностикасының әдістемесі.

Оқушыға нұсқау:

Жауап парағының жоғарғы жағына өз аты-жөніңді жаз. Жауаптарыңды ұяшықтарға, мысалы 1- сұрақтың жауабын 1- ретті ұяшыққа, екіншісін екіншіге және т.б.түсіріңдер. Егер сұрақ мазмұны сізге ұнамаса «-», ұнаса «+», егер өте ұнаса «++» белгілерін қойыңыздар.

Ата-аналарға нұсқау:

Сізге баланың қабілеттерін дамытуда нақты кеңестер мен ұсыныстар айту үшін біз алдымен баланың бейімділігі туралы мағлұматтардан хабардар болуымыз керек. Сізге 35 сұрақ беріліп отыр, ойланып отырып, балаңыздың мүмкіндігін асырып немесе кемітпей жауап беруге тырысыңыз. Жауабыңыз шындыққа жанасуы үшін балаңызды өз құрбыларымен салыстыра отырып жауап беріңіз.

Жауап парағына аты - жөніңізді жазыңыз. Жауаптарыңызды ретіне қарай ұяшықтарға түсіріп отырыңыз. Егер сұрақ мазмұны сізге ұнамаса «-», ұнаса «+», егер өте ұнаса «++» белгілерін қойыңыз. Егер қандай да бір себептермен жауап беруге қиналсаңыз, сол жауап ұяшығын бос қалдырыңыз.

Ата-анамен оқушы бірлесе отарып жұмыс жасайды.

Сұрақ парағы

Әрбір сұрақ « сізге ұнайды ма? » сөздерімен аяқталады.

1) логикалық және ойлануға арналған тапсырмаларды шешу;

2) өз бетіңізбен ертегі, әңгіме, повесттерді оқу;

3) ән айтып, әуендету;

4) дене шынықтырумен шұғылдану;

5) басқа балалармен бірге ұжымдық - топтық ойындар ойнау;

6) табиғат туралы әңгімелер оқу

7) ас бөлмесінде жұмыс істеу

8) техникалық нобайлағышпен ойнау

9) тілді меңгеру, ана тілі сөздеріне қызығу мен қолдану

10) өз бетімен сурет салу

11) спорт, қозғалыс ойындарын ойнау

12) балалар ойынын басқару

13) орманға, ен далаға шығу, өсімдік, жануар, жәндіктерді бақылау

14) дүкенге тағамдар сатып алуға бару

15) техника, машина, ғарыш кемелері және т.б.туралы оқу

16) жасырынған сөздерді табу ойындарын ойнау

17) өз бетіңмен оқиға, ертегі, әңгіме құрастыру

18) күн тәртібін сақтап, таңертеңгі жаттығу жасау

19) бөгде адамдармен әңгімелесу

20) үй аквариумын, құстар, жануарлар ұстау

21) өзіңнен кейін кітап, дәптер ,ойыншықтар және т.б.жинастыру

22) ұшақ, кеме және т.б. суреттерін салу және жобалау

23) тарихпен танысу

24) үлкендердің нұсқауынсыз өз бетіңмен бейнелеу өнерінің түрлерімен айналысу

25) спорт туралы кітаптар оқу, спорт хабарларын қарау

26) балалар немесе үлкендерге бір нәрсе туралы түсіндіру

27) үй өсімдіктеріне қарау

28) үлкендерге үй жинауда көмектесу

29) өз бетімен санау, мектепте математикамен айналысу

30) қоғамдық құбылыстар мен халықаралық жаңалықтармен танысу

31) көрініс құруға қатысу

32) секциялар мен үйірмелерде спортпен шұғылдану

33) өзге адамдарға көмектесу

34) бақшада жұмыс істеу, өсімдіктер өсіру

35) өз бетіңмен тігу, кесте тігу, жуу немесе көмектесу

Жауап парағы

Парақ ұяшықтарында барлық сұрақтарға жауап жазылады (қосу және алу таңбаларымен)

Мерзімі:

Мектебі:

Аты-жөні:

Сыныбы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

«Ой-өрістік портрет» әдістемесі

«Ой өрістік портрет» әдістемесі мұғалімдерге арналған. Бұл әдістеме баланың ақыл-ой қабілеттері туралы барлық пікірлерді жүйелендіруде көмегін тигізеді. Мұндағы бағалау көрсеткіштері баламен өзара әсерлесу барысында байқалған негізгі ой операцияларының негізгі сипатын анықтайды.

Берілген әдістеме мұғалімдер мен ата - аналарға арнайы дарындылық диогностикасының басқа әдістемелері сияқты классикалық психодиогностика әдістемелерін қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды, керісінше, психодиогностикалық әдістемелер кешенінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

Танымдық сала

Ойлаудың түп нұсқалылығы - бұл кең таралған, белгілі, бұрынан қалыптасқан ойлардан бөлек ерекше, жаңа, тосын ойларды ұсыну қабілеті. Ол баланың мінез-құлқы мен ойлауында, құрбыларымен үлкендермен арақатынасында жалпы барлық іс - әрекетінде көрініс табады.

Ойлау икемділігі - шешімнің жаңа жолдарын оңай әрі жеңіл табу, жобалық байланыстарды орнатып, бір құбылыс түрінен екіншісіне мазмұнына байланыссыз көшу қабілеті.

Өнімділік немесе ілеспелік - бірнеше ойларды жинақтап, күшейте алу қабілеті. Түрлі мәселелер мен қызмет өнімдерін шешудегі баламалар санымен сипатталып, бағалана алады. Талдау мен синтездеуге қабілеттілік. Талдау-ақпаратты ретпен, логикалық, сызықтық түрде дәл өңдеп, құрамдас бөліктерге жіктеу.

Жіктеу мен деңгейлендіру - бірегей обьектілерді түр, топ және деңгейлеге жинақтаутын жаңа ақпаратты құралымдауға шешуші маңызға ие психикалық процестер болып табылады. Арнайы логикалық тапсырмалардан бөлек, баланың түрлі іс - әрекетінде, мысалы, алынған мәліметтерді жинастыру мен жүйелендіруге ұмтылыс.

Зейіннің жоғарғы дәрежеде жинақталуы - әдетте психикалық негізі екі ерекшелігімен сипатталады: мәселен жоғары деңгейде бойлау және таңдалған мақсатқа қатысты ақпаратты қабылдауда жетістікпен « бағыттау » мүмкіндігі.

Есте сақтау жады - баланың нақты мәліметті, оқиғаны абстрактілі символдарды, түрлі белгілерді есте сақтау қабілетін сипаттайтын дарындылықтың маңызды индикаторы.

Тұлғалық даму саласы. Мәселен мазмұнына қызығушылық. Көптеген зерттеушілер осы қасиетті дарындылықтың маңызды сипаттамасы деп атайды. Іс-әрекет барысы қабілеті дамытудың тиімді құралы болып, борыштылық сезімімен ынталанбай, марапат алуға, байқауда жеңуге ұмтылмай, ең бастысы жұмыс мазмұнына қызығушылықпен сипатталады.

Перфекционизм - кез келген қызмет түріндегі түпкі өнімді жоғары талаптарға сай орындауға деген ұмтылыспен сипатталады. Мамандардың пікірінше, аса дарынды балалар бекітілген тапсырмасын жоғары деңгейде орындамайынша қанағаттанбайды.

Әлеуметтік автономдылық - көпшіліктің пікірінше қарсы шыға алу қабілеті мен қарсы шығуға ұмтылыс.

Көшбасшылық - тұлғааралық қатынастарда ойындары мен ортақ іс-әрекеттерінде бастамашылық. Бұл бала өмірінде шешім қабылдаудан алғашқы тәжірибе береді, ал шешім қабылдау кез-келген шығармашылық қызметте маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Бәсекелестік - өзара қарым-қатынас жасауда бәселекелестікке бейімділік. Нәтижеде келген жеңіс пен жеңіліс тұлғаның дамуында мінезінің қалыптасуында маңызды фактор болып табылады. Өзара қарым-қатынас жасаудағы бәсекелестікке ұмтылыс немесе бас тартумен сипатталады.

Әзілқойлық - түрлі жағдайлардан күлкі жайыттарды көре алмайтын шығармашылық адамды елестету қиын. Бұл қабілет ерте жастан байқалады әрі қалытасады. Әзіл өмір сияқты көпқырлы, сондықтан оның бар не жоқ екенін аңғару өте қиын.

Бағалау

Бағалау үшін полярлы ұпайлар әдісін пайдаланымыз. Бала мүмкіндіктерінің әрбір сипаттамасын бес ұпайлық шкаламен бағлаймыз:

5 - тұлғаның бағаланып отырған қасиеті жақсы дамып, анық байқалады да , түрлі іс - әрекет барысы мен мінез - құлықнан жиі көрініс табады.

4 - қасиет айтарлықтай анық байқалған, бірақ тұрақты көріне бермейді де, оған қарама - қарсы қасиет те жиі байқала бермейді.

3 - тұлғаның бағаланып отырған қасиеті мен оған қарама - қарсы қасиет анық емес ,сирек байқалады да, бір - бірімен бірдей теңдікте көрініс табады.

2 - бағаланып жатқан қасиетке қарама-қарсы қасиет анқты әрі жиі байқалады да, мінез - құлық пен барлық іс - әрекет барысында есепке алынып отырады.

0 - бұл қасиетті бағалау үшін еш мәлімет жоқ.

Оқушы сипаттамасы

Әдістеменің жалпы сипаттамасы

Ұсынылып отырған әдістеме АҚШ-та жасалған және дарынды балалар мектебінде қолданылған. Ол мұғалімге баланың түрлі даму қырлары туралы жеке пікірін жүйеленліруге көмек ретінде құралған. Берілген мұғалім бағасының нәтижесі мектеп психологы мен мұғалімнің өзі үшін де қызығушылық туғызатыны сөзсіз.

Оқушы:

Мерзімі:

Сынып:

Мұғалім:

Мектеп:

Оқу ынталандыру, шығармашылық және көшбасшылық сипаттамалар

Әр қатардағы бос орынға « иә » немесе « жоқ » сөздерін қоя отырып, оқушының мінез - құлқын сипаттаңыз.

Оқу сипаттамасы:

1) сөздік қоры мол.

2) көп нәрседен хабардар және түрлі тақырыпта еркін ой қозғай алады.

3) адамдар мен заттар іс-әрекетінің мәні мен себептерін түсінеді.

4) жанды бақылаушы, өзгелерге қарағанда әңгіме, фильм немесе түрлі іс-әрекеттен « көп нәрсе көреді » немесе « көп нәрсе алады »

5) өз сыныбына қойылған талаптан артық оқи алады.

6) арифметиканы жылдам түсінетіндігін көрсетеді.

.

Ынталандырушылық сипаттамалары:

1) мәселені шешуде бірбеткей.

2) жеңіл әрі қызық емес тапсырма немесе жұмыста тез босансиды.

3) іс-әрекетті аяқтауда күш жұмсайды.

4) әдетте өзгелерге кедергі келтіреді.

5) мұғалім тарапынан көп нұсқауды қажетсінбейді.

6) өз пікірін дәлелдеуде бірбіеткей.

7) өзгелердің пікірлеріне әсершіл.

8) дұрыс және бұрысқа жақсы менен жаманға, әділдікке селқос қарамайды да, адамдар, оқиғалар мен заттарды кінәлай алады.

9) басқаларға әсер етуге бейім, өзгелерді жиі басқарады, көшбасшы бола алады.

Шығармашылық сипаттамалар:

1) танып - білуге құмар, сұрақтарды көп қояды.

2) танымдық ойындарға, қиялдарға беріледі.

3) жиі ерекше жауап беруге бейім, оқиғаларды асыара сілтеп әңгімелейді.

4) өзгелерге жаңалықтар туралы қызбалана әңгімелеуге бейім.

5) әзілкеш, көп жағдайда өзгелерге күлкілі емес нәрседен күлкілі нәрсе көреді, сөз жарастыру ойындарынын үлкен қанағар алады.

6) сын тұрғысынан зерттелмейінше « ресми шешімдерді » шындық деп қабылдамайды, себеп - салдарын талап ете алады.

7) қалыпты рет бұзылса да, алаңдаушылық білдірмейді.

Көшбасшылық сипаттамалары:

1) жауапкершілікті өз мойына алады.

2) сыныптастары жақсы көреді.

3) бірінше қызмет түрі бойынша көш бастайды.

Оқушы дарындылығын анықтау әдістері

1.Қарапайым арифметикалық тапсырмаларды шешуге арналған әдістемелер жинағы.

Мақсаты: Баланың қарапайым математикалық есептеулерге қызығушылығын және математикалық білімі мен дағдыларының деңгейін анықтау.

Өткізілуі. Балаларға берілген тапсырма бойынша, белгіленген уақытта, бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Тапсырма бір рет оқылады және оны мұқият тыңдау керек.

I-нұсқа

Тапсырма 1. Ыдыста 10 кесе салқындатылған айран бар. Балалар оның 3 кесесін ішті.

Сұрақтар:

1. Балалар қанша кесе айран ішті? (10 секунд)

2. Ыдыста қанша кесе айран қалды?(10секунд)

3. Ыдыста қанша кесе айран болды?(10секунд)

4. Ыдыстағы айран қандай болды?(10секунд)

Тапсырма 2. Құрылыс алаңына бір машина 5 қап ұнтақталған топырақ, ал екіншісі одан 2 қап кем, үшіншісі 2-нен 1 қап артық әкелді.

Сұрақтар:

1. Екінші машина неше қап топырақ әкелді? (10 секунд)

2.Үшінші машина екінші машинадан неше қапты артық әкелді? (10 секунд)

3.Бірінші машина екінші және үшінші машинадан неше қапты артық әкелді? (10 секунд)

4.Қаптағы топырақ қандай болды? (10 секунд)

Тапсырма 3. Жиһаздар сатылатын дүкенде 9 сандық болды. 4 сандық сатылды.

Сұрақтар:

1.Қанша сандық сатылуға қалды? (10 секунд)

2.Қанша сандықты сатып алуға болады? (10 секунд)

3.Сандық қайда болды? (10 секунд)

4.Дүкенде қалған сандықты, сатылған сандықтарға қоссақ, нешеу болады? (10 секунд)

Тапсырма 4. Қорада тұрған 11 жылқыға 4 жылқы қосылды. Келесі күні оның 5-уі сатылды.

Сұрақтар:

1.Қорада жиыны неше жылқы болды? (10 секунд)

2.5 жылқы сатылған соң, қорада нешеуі қалды? (10 секунд)

3.Қорада қалған 10 жылқыға, сатылған 5 жылқыны қосса, нешеу болады? (10 секунд)

4.Қосылған 4 жылқы мен сатылған 5 жылқыны алсақ, қорада неше жылқы қалады? (10 секунд)

Тапсырма 5. кезекші бала ас ішетін үстелге 5 шұңғыл және 4 кіші тәрелкені әкеліп қойды.

Сұрақтар:

1.Үстелде жиыны неше тәрелке болды? (10 секунд)

2. кезекші бала қай тәрелкені артық әкелді? (10 секунд)

3.Қойылған тәрелкелер саны бойынша неше адам тамақтана алады? (10 секунд)

4.Кезекші бала тәрелкелерді қандай үстелге қойды? (10 секунд)

Тапсырма 6. Қорапта 15 түрлі-түсті қарындаш болды, оның 6-уы ұшталды.

Сұрақтар:

1.Қанша қарындаш ұштауға қалды? (10 секунд)

2.Қалған қарындаштың барлығын ұштаса, жиыны неше қарындаш болады? (10 секунд)

3.Қарындаштар қайда болды? (10 секунд)

4.Қарындаштар қандай болды? (10 секунд)

Нәтижені талдау

Уақытында берілген дұрыс жауапқа-3 ұпай

Уақытында берілмеген дұрыс жауапқа-1,5 ұпай

Уақытында қате берілген жауапқа-0 ұпай

Баланың қабілеті, ол жинаған ұпайдың жалпы санымен анықталады.

12 ұпай-баланың қабілеті өте жоғары

10-11 ұпай-жоғары

6-9 ұпай-орташа

3-5 ұпай-төмен

0-2 ұпай-өте төмен

Зерттеу хаттамасы

Оқушының аты-жөні________________________ Жасы _________

Сынып_________ Жынысы_______ Күні___________

Тапсырма

Уақыты

Ұпай

Нәтиже

1

2

3

4

5

6

Өткізу барысы. Екінші нұсқа бойынша балаға, белгіленген уақытта тапсырмаға өздігінен сұрақтар қарастыру ұсынылады. Оқылған тапсырманы балаға мұқият тыңдау керектігі ескертіледі. Сұрақтар саны 3-тен кем болмауы керек. Әр сұраққа ойлануға 20 секунд уақыт беріледі.

II-нұсқа

Тапсырма 1. Ыдыста 5 алма және 2 алмұрт болды. Адина ыдыстан 1 алманы алды.

Тапсырма 2. Көлікте 11 ересек адам және 3 бала келе жатты.

Тапсырма3. Көлік тұрағында 7 машина тұрды. Оған тағыда 5 машина қосылды.

Тапсырма 4. Дүкенде 6 қызыл, 4 көк түсті шана болды. 2 қызыл және 1 көк түсті шана сатылды.

Тапсырма 5. Анасы баласына бірінші күні 5 ұзын жол дәптер, ал екінші күні 6 қисық жол дәптер сатып әкелді.

Тапсырма 6. Әжесі 3 көйлек тікті, оның 1-ін баласына, 2-ін немересіне сыйлады.

Нәтижені талдау

Тапсырманың нәтижесін талдау I-нұсқаның үлгісімен жүрізіледі.

Ондық және бірлікті анықтауға арналған әдістемелер

Әдістеме 1.

Өткізілу барысы. Балаға белгіленген уақытта келесі сандарды жазу ұсынылады: 5 бірлік және ондық (25), 7 бірлік және 4 ондық (47), 3 ондық және 5 бірлік (35), 2 ондық және 0 бірлік (20) және т.б.

Әдістеме 2.

Өткізілу барысы. Бұл нұсқада бала, берілген уақытта санның құрамындағы ондық және бірліктің санын айтуы керек. Мәселен,24 саны беріледі, онда 2 ондық және 4 бірлік бар.

Әдістеме 3.

Өткізілу барысы. Бұл нұсқада балаға белгіленген уақытта аталған санды кемітуге немесе арттыруға тапсырма беріледі. Мәселен, жүргізуші 35 санын 3 санға арттыруды 38 немесе санға кемітуді 32 ұсынады. Бала сұраққа жауап берген соң, оның құрамындағы ондық және бірліктің санын атауы керек 3 ондық және 8 бірлік немесе 3 ондық және 2 бірлік. Берілген уақыт-5 секунд.

Нәтижені талдау

Уақытында берілген дұрыс жауапқа-3 ұпай

Уақытында берілмеген дұрыс жауапқа -1,5 ұпай

Уақытында қате берілген жауапқа-0 ұпай

Баланың қабілеті, ол жинаған ұпайдың жалпы санымен анықталады.

12 ұпай- баланың қабілеті өте жоғары

10-11 ұпай-жоғары

6-9 ұпай-орташа

3-5 ұпай -төмен

0-2 ұпай-өте төмен

Есептер құруға тапсырма

1. Үлкен қорапта 15 қарындаш, ал екінші қорапта 10 қарындаш болды. Екі қорапта жиыны қанша болды?

а) Екі қорапта жиыны 25 қарындаш болды: егер кіші қорапта қарындаш болса, үлкен қорапта неше қарындаш болады?

в) Екі қорапта жиыны 25 қарындаш болды: 15 қарындаш кіші қорапта болды, ал қалғандары үлкен қорапта болды. Сонда үлкен қорапта неше қарындаш болды?

2. Үлкен қайыққа 11 бала, ал екінші қайыққа-4 бала отырды. Екі қайыққа қанша бала отырды?

а) Екі қайыққа 15 бала отырды: үлкен қайыққа-11 бала, ал қалғандары кіші қайыққа отырды. Сонда кіші қайыққа қанша бала отырды?

в) Екі қайыққа 15 бала отырды: бірнеше бала-үлкен қайыққа отырды, ал 4 бала-кіші қайыққа отырды. Сонда үлкен қайыққа қанша бала отырды?

3. Балалар 20 жалауша жасады. Оның 7- уі қызыл, ал қалғаны-көк.

4. Жиыны 10 қой болған. Күзде 2-уі сатылды. Қыста қалған қойдан 5 қозы туды. Қойдың саны қаншаға өсті?

Нәтижені талдау

Уақытында берілген дұрыс жауапқа-3 ұпай

Уақытында берілмеген дұрыс жауапқа-1,5 ұпай

Уақытында қате берілген жауапқа-0 ұпай

Баланың қабілеті, ол жинаған ұпайдың жалпы санымен анықталады.

12 ұпай - баланың қабілеті өте жоғары

10-11 ұпай-жоғары

6-9 ұпай-орташа

3-5 ұпай-төмен

0-2 ұпай-өте төмен

Зерттеу хаттамасы

Оқушының аты-жөні________________________ Жасы _________

Сынып_________ Жынысы_______ Күні___________

Тапсырма

Уақыты

Ұпай

Нәтижесі

1

2

3

4

Баланың тапқырлығын анықтауға арналған тапсырмалар

1. Бөлмеде 4 бұрыш бар. Әр бұрышта мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы-3 мысық отыр. Сонда бөлмеде қанша мысық отыр?

2. Қандай ыдыстан тамақты жеуге болмайды?

3. Бос кесенің ішінде қанша құрт болады?

4. Шелекке салынған қар бөлмеге сағат 5-те әкелінеді. Сағат 6-да қар еріп, суға айналды. Қар қанша уақытта еріді?

5. Бала сағат 10-да ұйқыдан тұрды. Егер ол 2 сағат ұйықтаса, нешеде ұйқыға жатқан?

6. Бауыры 10 жаста, ал ағасы 13 жаста. Бауыры 12-ге толғанда, ағасы қанша жаста болады?

7. Балалар аулада қардан аққала жасады. Серуеннен кейін 18 қолғап кептірілді. Сонда аққаланы қанша бала жасады?

8. Қарындаш 3 бөлікке кесілді. Сонда неше кесінді жасалды?

9. Көлікте 21 жолаушы келе жатты. Аялдамада 5 жолаушыдан басқасының барлығы түсті. Сонда көлікте қанша жолаушы қалды?

10. Үш қоян келе жатыр. Біреуі-екеуінің алдында, тағы біреуі-екеуінің ортасында, ал тағы біреуі-екеуінің артында. Қояндар қалай жүріп келеді?

Нәтижені талдау

Әр сұраққа 5 секундтан уақыт берілді 50 секунд.

Уақытында айтылған дұрыс жауапқа-5 ұпай

Уақытында айтылмаған дұрыс жауапқа -2,5 ұпай

Уақытында қате берілген жауапқа-0 ұпай

Баланың тапқырлығы, ол жинаған ұпайдың жалпы санымен анықталады.

50 ұпай-өте жоғары

48-49 ұпай-жоғары

25-40-ұпай-орташа

12-15 ұпай-төмен

0-3 ұпай-өте төмен

Зерттеу хаттамасы

Оқушының аты-жөні__________________________ Жасы_________

Сынып____________ Жынысы______ Күні______________

Тапсырма

Уақыты

Ұпай

Нәтиже

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Көркемдік іс-әрекеті

Әдістеме: Күлдіргі ойыншықтар

Мақсаты: суретсалуға қажетті білім және іскеліктер деңгейін анықтау.

Өткізілу барысы: Әдістемені өткізуде Күлдіргі ойыншықтар деп аталатын кітапша пайдаланылады. Кітапшада бейнеленген ойыншықтардың бет келбеті жылаған, күлген, қорыққан және т.б. кейіпте болады.

Тапсырма. Балаға бірде жылаған, бірде күлген, бірде қорыққан кейіпті көрсететін ойыншықты бейнелеу тапсырылады.

Нәтижені талдау

Бала салған сурет төмендегі өлшемдер бойынша талданады.

Талдау критерийлері:

1. Бейнені кеңістікте бере білуі.

2. Кейіпкердің образын көрсететіндей оның өзіне ғана тән кейбір даралаушы бөліктерін бейнелей білуі.

3. Түрлі-түсті бояуларды тиімді пайдалана білу.

Әдістеме: «Сюжетті сурет салу»

Мақсаты: сурет салуға қажетті білім және іскерліктер деңгейін анықтау.

Өткізілу барысы: Әдістемені өткізуде А.Құнанбаевтың «Күз» атты өлеңі пайдаланылады.

Тапсырма. Балаға шығарманың мазмұнын сезініп, әрі соны беру ұсынылады.

Нәтижені талдау

Суретті, біріншіден, шығарма мазмұнын мәнерлеп бере білуі бойынша, екіншіден, шығармада автор пайдаланған бейнелеу тәсілдерін баланың бере білуі бойынша, үшіншіден, әр түрлі түстің үйлесімдерін пайдалана білуі бойынша талдау керек.

Әдістеме «Декоративтік сурет салу»

Мақсаты: сурет салуға қажетті білім және іскерліктер деңгейін анықтау.

Өткізілу барысы. Балаға әжесінің сандығын ою-өрнектермен әшекейлеу ұсынылады.

Нәтижені талдау

Суретті, біріншіден, өрнектерді орналастыруы бойынша, екіншіден, қылқаламмен жұмыс істеудің әр түрлі тәсілдерін меңгеруі бойынша, үшіншіден, ою-өрнек түрінің саны бойынша, төртіншіден, әр түрлі түстің үйлесімдерін пайдалана білуі бойынша талдау керек.

Әдістеме «Жапсыру»

Мақсаты: Жапсыру жұмысы үшін қажетті білім, іскерлік және дағдысының деңгейін анықтау.Өткізілу барысы. Балаға «Әжемнің кілемі» тақырыбы бойынша жапсыру жұмысын орындау тапсырылады.

Нәтижені талдау

Бала орындаған жұмысты, біріншіден, қайшымен жұмыс істей білу

іскерлігі бойынша, екіншіден, түстерді ұтымды таңдай білу іскерлігі

бойынша, үшіншіден, композицияны сезіне білуі бойынша талдау

керек.

Әдістеме «Құрастыру»

Мақсаты: Бала бойындағы жақсы техникалық дағдылар мен іскерліктерді және құрылыс материалдарын тиімді пайдалана білу іскерлігі мен дағдысын анықтау.

Өткізілу барысы. Балаға «Біздің көпір» тақырыбы бойынша, әр түрлі материалдардарды пайдалана отырып, көпір құрастыру ұсынылады.

Нәтижені талдау

Баланың жұмысын, біріншіден, құрастырушылық-техникалық әрекеті бойынша, екіншіден, кеңістікті бағдарлай білуі бойынша, үшіншіден, көпірдің құрылымын дұрыс бере білуі бойынша, төртіншіден, материалдарды тиімді пайдалана білуі бойынша талдау керек.

Әдістеме «Заттарды бейнелеу»

Мақсаты: Балалардың әр түрлі заттардың анық, айқын бейнесін жасау үстіндегі шығармашылық қабілетін анықтау.

Өткізілу барысы. Бір-екі минут өзінді киім үлгісін жасаушының орнына қойып, өз қалауын бойынша, оны қағаз бетіне түсір:

-жалмауыз кейіпкердің көйлегі

-байдың шапаны

-тазша баланың көйлегі

-уәзірдің бешпеті мен шалбары

-батырдың киімі және т.б.

Нәтижені талдау

Суретті біріншіден, заттың түсін кейіпкердің мінезіне лайық етіп бере білуі бойынша, үшіншіден, сурет салу үстінде қарындашпен, бояумен, басқа материалдармен жұмыс істеу дағдылары бойынша талдау керек.

Зерттеу хаттамасы

Оқушының аты-жөні_________________ Жасы_________

Сынып____________ Жынысы______ Күні______________

Тапсырма

Уақыты

Ұпай

Нәтиже

1

2

3

4

5

6

7

Баланың түс туралы түсінігін анықтау

Әдістеме «Ғажайып бояулар»

Мақсаты: Балалардың түс реңктері туралы түсінігін анықтау.

Қажетті құралдар: сәбіз, апельсин, қағаз, қылқалам, түрлі-түсті бояулар, су құйылған ыдыс, палитра.

Өткізілу барысы. Жүргізуші балаларға: «Сәбіз және апельсиннің суретін салатындарын айтады. Сәбіздің түсі қандай? Ал апельсиндікі ше олардың арасында айырмашылық бар ма? Сәбіз қызғылттау, ал апельсин одан ашықтау сарғыш».

Тапсырма. Қызғылт-сары түсті және қызғылт-сары түстің әр түрлі реңктерін алу керек. Сәбіз және апельсиннің суретін салу.

Нәтижені талдау

Талдау критерийлері:

1. Түстерді араластыру арқылы

2. Палитраны пайдалана білуі

3. Сәбіз және апельсиннің суретін салу тәсілдері

4. Әр түрлі түс реңктерін алу тәсілі

Әдістеме «Біздің ыдыстарымыз»

Мақсаты: Балалардың спектрдегі жылы және суық түстер туралы түсінігін анықтау.

Қажетті құралдар: кемпірқосақтың жеті түсі. Көк және қызыл түсті қағазға 1 ақ шәйнек және 3 кеседен жапсырылған. Кесілген әр түрлі түстегі гүлдер, жапырақшалар, қиықшалар, желім, қылқалам.

Өткізілу барысы. Жүргізуші балалардың жылы және суық түстерді атап шығуды сұрайды.

Тапсырма. Көк түсті қағаздакғы чайнек пен кеселерді суық түсті өрнкетермен, ал қызыл түсті қағаздағы чайнек пен кеселерді жылы түсті өрнектермен әшекейлеу керек.

Нәтижені талдау.

Талдау критерийлері:

1. Жылы және салқын түстерді ажырата білуі

2. Тиісті өрнектерді таңдай білуі

Зерттеу хаттамасы

Оқушының аты-жөні_________________________ Жасы_________

Сынып____________ Жынысы______ Күні______________

Тапсырма

Уақыты

Ұпай

Нәтижесі

1

2

Тілінің даму деңгейін анықтауға арналған әдістемелер жинағы.

Мақсаты: баланың сөздік қорын, логикалық ойлау деңгейін, себеп-салдарлық байланысты білуге құмарлығын анықтау.

1 - Әдістеме

Өткізілу барысы. Балаға белгілі бір уақыт ішінде төмендегі ертегілердің басқаша аяқталуын ойластыру ұсынылады.:

-«Тазша бала»

-«Құлақ»

-«Алтын сақа»

-«Ақымақ қасқыр» және т.б.

2 - Әдістеме

Өткізілу барысы. Балаға төмендегі берілген тақырыптар бойынша өздігінен ертегі құрастыру ұсынылады:

-велосипед тепкісі келген қоян жайлы

-билеп, өлең айтқысы келген балық туралы

-тоңазытқышта өмір сүрген ит туралы

-биіктен секіруге қорқып тұрған құмырсқа туралы

-домбырада ойнағысы келген түлкі жайлы

3 - Әдістеме

Өткізілу барысы. Балаға төмендегі ертегілердің мазмұнына жаңа персонаждар еңгізе оырып, әңгімелеу ұсынылады:

-«Керқұла атты кендебай» ертегісіне-жауынгерлер

-«Тазша бала» ертегісіне-іс тігетін машина

-«Хан мен құмырсқалар» ертегісіне-велосипед

-«Түлкі, қасқыр, түйе, арыстан» ертегісіне-төрт бөлмелі пәтер

-«Қасқыр мен лақтар» ертегісіне-домбыра

-«Мақта қыз бен мысық» ертегісіне-бағдаршам.

4 - Әдістеме

Өткізілу барысы. Балаға келесі ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру ұсынылады:

- Алтын сақа -жалмауыз кемпірге

- Тазша бала- тазша балаға

- Үш жетім зерек бала -үш балаға

- Хан мен құмырсқалар-ханға

- Мақта қызбен мысық-мақта қызға

Әдістемелер нәтижесін талдау

Жоғарыда берілген әдістемелердің нәтижесін талдау бірдей үлгіде жүзеге асырылады. Ертегіні, біріншіден, тақырыпты таңдауы бойынша, екіншіден, мазмұны бойынша, үшіншіден, кейіпкердің өзіне ғана тән ерекшеліктерін айқын бере білуі бойынша талдау керек.

5 - Әдістеме

Мақсаты: баланың сөздік қорының көлемін анықтау.

Өткізілу барысы. Балаға келесі сөздер айтылады, ол оның бірнеше баламасын, берілген уақыт ішінде айтуы керек: сұлу, жалқау, еңбексүйгіш, жақсы, жаман, терең, және т.б. мәселен, сұлу-әдемі, көрікті, жақсы, сымбатты. Әр сөзге 10 секунд уақыт беріледі.

Нәтижені талдау

Дұрыс және толық жауапқа-5 ұпай

Толық емес жауапқа-2,5 ұпай

Баланың сөздік қорының көлемі, ол жинаған санымен анықталады.

Зерттеу хаттамасы

Оқушының аты-жөні___________________________ Жасы________

Сынып____________ Жынысы_____

Күні______________

Әдістеме

Уақыты

Ұпай

Нәтижесі

1

2

3

4

5

Қарым-қатынас және лидерлікті анықтауға арналған әдістемелер

Жинағы

Әдістеме «Мен қандаймын ?»

Мақсаты: Баланың өзін-өзі бағалауын анықтау.

Өткізілу барысы. Жүргізуші кестеде берілген сұрақтар бойынша баладан жауап алады. әр балаға жеке бланкі даярлану керек. әр сұраққа уақыт беріледі.

Жеке бастың бағаланатын сапалары

Ия

Жоқ

Кейде

Білмеймін

1

Көп білемін

2

Қабілетімін

3

Іскемін

4

Мейірімдімін

5

Ақылдымын

6

Ұқыптымын

7

Тіл алғышпын

8

Әдептімін

9

Еңбексүйгішпін

10

Адалмын

Нәтижені талдау

Ия-1 ұпай

Жоқ-0 ұпай Білмеймін-0,5 ұпай

Кейде-0,5 ұпай

Баланың өзін бағалауы, ол жинаған ұпайдың жалпы жиынымен анықталады.

10 ұпай-өте жоғары

8-9 ұпай-жоғары

4-7 ұпай -орташа

2-3 ұпай -төмен

0-1 ұпай-өте төмен

Әдістеме «Өзім туралы пікір»

Мақсаты: Баланың өз адамгершілігін, бойындағы жақсы және жаман қасиеттерін байқай білуін және өзі туралы ойын анықтау.

Өткізілу барысы. Балаға төмендегі сұрақтарға жауап беру ұсынылады:

1. Саған өзіңнің қолыңнан не келетінін немесе ненің келмейтінін білу керек пе 5 секунд

2. Адамгершілік дегенді қалай түсінесің?

3. Өз бойындағы адамгершілік қасиеттерінді ата? 5 секунд

4. Саған өзің туралы жақсы ойлау неге керек деп ойлайсың? 5 секунд

5. Сен өзіңді жақсы көресің бе? 5 секунд

Нәтижені талдау

Әр сұраққа 5 секундтан уақыт берілді (25секунд).

Уақытында айтылған дұрыс жауапқа -5 ұпай

Уақытында айтылмаған дұрыс жауапқа -2,5 ұпай

Уақытында қате берілген жауапқа -0 ұпай

Баланың тапқырлығы, ол жинаған ұпайдың жалпы санымен анықталады.

25 ұпай-өте жоғары

23-24 ұпай-жоғары

12-20 ұпай-орташа

6-10 ұпай-төмен

0-1 ұпай-өте төмен

Әдістеме «Мен кіммін және мені басқалар қалай қабылдайды ?»

Мақсаты: Баланың өзін бағалауын және өзіне деген қатынасын анықтау.

Өткізілу барысы. Балаға екі парақ қағаз беріледі. Бірінші параққа-10-15 сөзден тұратын өзіне мінездеме, ал екінші параққа-оның ойынша,сыныптың басқа мүшелері, оны қалай қабылдайды, осыны жазу ұсынылады. Тапсырманы орындауға 20 минут уақыт беріледі.

Әдістеме «Достық қатынастар»

Мақсаты: Баланың дос туралы түсінігін және қарым-қатынас деңгейін анықтау.

Өткізілу барысы. Балаға белгіленген уақытта келесі сұраққа жауап беру ұсынылады. Әр сұраққа жауап беру 15 секунд уақыт беріледі.

1. Сенің ең жақын досың бар ма?

2. Сенің досың бір іспен айналысса, сен де сол іспен айналысар ма едің?

3. Сен досыңа ұнамайтын нәрселерді жасап көрдің бе?

4. Егер жасасаң соңында не болды?

5. Сыныптағы бірге оқитын немесе жақын достарыңның сені ұнатпайтын кездері бола ма? Болса, себебі неде деп ойлайсың?

Нәтижені талдау

Дұрыс және толық жауапқа-5 ұпай

Толық емес жауапқа-2,5 ұпай

25 ұпай-өте жоғары

24-23 ұпай -жоғары

12-20 ұпай -орташа

6-10 ұпай төмен

0-1 ұпай -өте төмен

Әдістеме «Баланың мектептегі оқуға қатынасы»

Мақсаты: Баланың оқу себептерін анықтау, оқуға деген қызығушылығының бар немесе жоқ екенін анықтау.

Өткізілу барысы. Балаға берілген уақыт ішінде келесі сұрақтарға беру ұсынылады. Әр сұраққа жауап беру үшін 15 секунд уақыт беріледі.

Сұрақтар:

1. Мектепке не үшін бару керек?

2. Мектепте сен немен шұғылданасың?

3. Мектепке баруға даяр болу үшін, не істей алу керек?

4. Сабақ деген не? Онда немен айналысады?

5. Мектептегі сабақта өзіңді қалай ұстау керек?

6. Үй тапсырмасы деген не?

7. Үй тапсырмасын не үшін орындау керек?

8. Мектептен келген соң, үйде немен айналысасың?

9. Сен мектепке оқуға барғанда, өміріңде қандай өзгеріс болды ?

10. Сенің мектепке барғың келе ме?

Нәтижені талдау

Дұрыс және толық жауапқа-1 ұпай

Толық емес жауапқа-0,5 ұпай

Мәселен, «Мектепке не үшін бару керек?» деген сұраққа толық жауап мынадай болады? «Пайдалы білім алып, үйрену үшін»,ал толық емес жауап: «оқуға», «Бәрі барған соң», «Қызықты».

10 ұпай-мектепке оқуға даяр

5-7 ұпай мектепте оқуға толық даяр емес

5 ұпайдан төмен-мектепте оқуға даяр емес

Зерттеу хаттамасы

Оқушының аты-жөні__________________________ Күні _______

Сынып____________ Жынысы_____ Жасы______________

Сұрақтар

Уақыты

Ұпай

Нәтижесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Диагностикалық карта

Мектеп____________________________________________________

Сынып__________________

Оқушының аты-жөні________________________________________

Оқу жылы _______________

1. Математика

2. Көркемдік іс-әрекет

Бейнелеу өнер

3. Оқуы

4. Қарым-қатынас және лидерлік

Зерттеу нәтижесі бойынша психологиялық-педагогикалық

шешімдер мен ұсыныстар

Мұғалімдер мен ата-аналарға дарындылық диагностикасының

әдістемелері.

Бала қызығушылығы мен бейімдерін анықтау басқа да психодиагностикалық жұмыстар сияқты күрделі жұмыс болып табылады. Ұсынылып отырған әдістемені пайдалана отырып, мұғалім кіші жастағы оқушылар қызығушылығының бағыты туралы шынайы пікір қарастыруға мүмкіндік береді.

Кіші жастағы оқушылардың қызығушылық бағыттарын зерттегенде, оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдары мен тәжірибелері осы жастағы балалардың көпшілігіне үйлестіріп, тұрақтала қоймағанаын растайды. Алынатын ақпарат шындыққа жанасу үшін осы әдістеме бойынша балалар мен олардың ата-аналарынан сауалнама алған жөн. Тексеруді ұжымдық түрде жүргізуге болады. Нұсқаулар қарапайым аса күш жұмсауды қажет етпейді.

Балаларға нұсқау.

Жауап парағының жоғарыдағы оң жақ бұрышына өз аты-жөндеріңді жазыңдар.

Жауаптарыңды ұяшықтарға, мысалы 1-сұрақтың жауабын 1-реттегі ұяшыққа түсіріңдер. Барлығы 15 сұрақ, егер сұрақ мазмұны ұнамаса, «- -», ұнаса «+», егер өте ұнаса «+ +» белгілерін қойыңдар.

Ата-аналарға нұсқау.

Сізге баланың қабілеттерін дамытуда нақты кеңестер мен мағұлматтармен ұсыныстар айту үшін біз алдымен баланың бейімділігі туралы мағұлматтардан хабардар болуымыз керек. Сізге 35 сұрақ беріледі.

Жауап парағының жоғарыдағы оң жақ бұрышына өз аты-жөндеріңді жазыңдар. Жауаптарыңды ұяшықтарға мысалы, 1-сұрақтың жауабын 1-реттегі ұяшыққа түсіріңдер. Барлығы 15 сұрақ, егер сұрақ мазмұны ұнамаса, «- -», ұнаса «+ », егер өте ұнаса «+ +» белгілерін қойыңдар.

Сұрақ парағы.

Әрбір сұрақ «сізге ұнайды ма?» сөздерімен аяқталады.

Мысалы,

1. Үй өсімдіктеріне қарау

2. Үлкендерге үй жинауға көмектесу

3. Өз бетіңмен санау

4. Дүкеннен тамақ сатып алу

5. Бөгде адамдармен әңгімелесу

6. Балалар ойынын басқару

7. Ас бөлмесінде жұмыс істеу

8. Бақшада жұмыс істеу

9. Ұшақ суретін салу

10. Спорт туралы кітаптар оқу

11. Өз бетіңмен сурет салу.

Жауап парағы

Парақ ұяшықтарына барлық сұрақтарға жауап жазылады.

Мерзімі _________________

Аты-жөні _____________________________

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

Сұрақтар бала бейімділігін шартты түрде жеті салаға бөле отырып, сәйкесінше құрастырылған:

- математика және техника

- рухани

- бейнелеу өнері

- дене шынықтыру

- қарым-қатынасқа қызығушылық

- үйдегі міндеттер

Балалардың қабілетін анықтау әдісі

Жалпы мінездеме

Бұл әдіс баланың мінезі, қызығушылығы және қабілеті туралы алғашқы хабар алу мақсатында қолданылады. Бұл әдіс «қызығушылық картасы» және «тәуелсіз сарапшылар» әдісіне көмекші әдіс. Бұл әдіс бойынша бала туралы алынған мәлімет психологиялық түзету міндеттерін шешуге, бұл жұмысты ата-аналармен бірігіп жүргізуге көмектеседі.

Баланың қызығушылығы мен қабілетін анықтау басқа психодиагностикалық әдістер сияқты өте күрделі іс.

Баланың қабілетін анықтау әдісін қолдана отырып мұғалім өзінің баланың қызығушылығы туралы түсінігін жүйелейді, ата-аналардан бала қызығушылығы, қабілеті туралы мәліметтер алады.

Жалпы баланың қызығушылығы мен қабілеті бір-бірімен байланысты.

Дайындық жұмысы.

Бір балаға екі парақ дайындалады.

Жауап парағы

Оқушының аты-жөні ____________________________

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

Жауап парағын топтастыру үшін сұрақ парағына жауап береміз. Сұрақ парағындағы қасиет балаға тән болмаса сәйкес клеткаға (-), балаға қасиет тән бірақ айқын болмаса (+), бала қасиеті айқын, ол сонымен басқалардан ажыратылса (+ +) қоямыз.

Екінші кезеңде сұрау ата-аналарға жүргізіледі. Оны жеке немесе ұжымдық түрде жүргізуге болады. Сұраққа жауап беруге 12-15 сек жеткілікті.

Ата-аналарға арналған нұсқау.

Балаларыңыздың қабілетін дамытуда нақты кеңес нұсқау беру үшін, өз балаңыздың қабілетін білуіңіз керек, сізге 30 сұрақ беріледі, оған жауап беру де, өз балаңыздың қабілетін кемітіп,не көтермеуіңіз сұралады. Жауап парағына өз және балаңыздың фамилиясын жазыңыз, сұрақта айтылатын нәрсе сіздің балаңызға тән болмаса (-) қойыңыз, ал тән бірақ айқын болмаса (+), ал осы қасиетімен басқалардан айқын ажыратылса (+ +) қойылады.

Сұрақ парағы.

1. Анық ойлап, жақсы түсінеді.

2. Жаңа білімді өте тез меңгереді.

3. Жаңа ойлар, күтпеген жауап, шешім табады.

4. Басқа балалар ойында, оқуда онымен бірге болуды қалайды.

5. Көп уақытын сурет салу, құрастыру, илеу жұмысына арнайды.

6. Қызуқанды, дене қимыл қозғалыстарын жақсы көреді.

7. Бір құбылыс пен екіншісінің байланыстарын, себеп-салдарын жақсы біледі.

8. Оқығанын, естігенін қайталамай есінде сақтайды, қайталауға көп уақыт жібермейді.

9. Жаңа нәрсенің бәріне жылдам көңіл аударады, байқағыш, қабылдағыш.

10. Басқа адамдар арасында өзін сенімді сезінеді.

11. Саз сабақтарына қызығушылығы жоғары, музыка әуеніне тез көңіл аударады.

12. Спорт ойындарына, жарыстарына қатынасқанды жақсы көреді.

13. Өз ойын жақсы жеткізеді, сөздік қоры мол.

14. Өз құрдастары білмейтін оқиғаларды, проблемаларды жақсы біледі.

15. Жаңа нәрселерді ашуға дайын тұрады, өмірлік міндеттерді шешуде жаңа идеяларды байқап көруге ұмтылады.

16. Басқа балалар арасында ойын, әрекеттерді жиі басқарады.

17. Өнер туындыларына ерекше көңіл аударады. Жақсы суреттерді қакрағанды, музыка тыңдағанда, әдемі заттарды көргенде ойлы түрде қарайды.

18. Құрдастарына қарағанда дене қимылы ширақ, дене жағынан дамуы жоғары.

19. Байқағыш, кез-келген құбылысты оқиғаны талдай алады.

20. Кітап оқығанда жақсы көреді, әсіресе өзінен үлкен балалар оқитын кітаптарды оқиды.

21. Әртүрлі заттарды таңдау, қолдануда тапқыр.

22. Балалармен, үлкендермен де тез тіл тапқыш.

23. Өлең айтқанда өз көңіл күйін, жағдайын білдіреді.

24. Саяхатқа барғанды, спорт алаңдарында ойнағанды жақсы көреді.

25. Логикалық ойлау қабілеті жоғары.

26. Заттардың шығу, қызметі туралы жиі сұрақ қойып, жүйелеу қабілеті жоғары.

27. Өзін қызықтыратын іске басымен енеді.

28. Құрдастарымен тез тіл табысады.

29. Әңгімелегенде әртүрлі кейіпкерлердің көңіл-күйін, сезімін шебер көрсететін сөздер таба алады.

30. Бос уақытының көбін қимыл-қозғалыс ойындарына арнайды.

31. Танымдық қабілеті жан-жақты.

32. Ойын іс-әрекеттерде математикалық дағды,, түсініктерін жиі қолданады, әртүрлі белгі, әріп, сөздерді есінде ұзақ сақтайды.

33. Бір мәселені жан-жақты қарастыра алады.

34. Өз жасына тән емес жауапкершілікті ала алады.

35. Кез-келген кейіпкер рөліне тез кіре алады.

36. Барлығынан да жылдам жүгіреді.

Бастауыш сынып оқушыларының «қызығушылық картасы».

Бұл әдіс кіші мектеп жасындағы балалардың қызығушылығын анықтауға арналады.

Бұнда да жауап, сұрақ парақтары толтырылады.

Балаларға нұсқау.

Жауап парағының жоғары жағына өз фамилияңызды жазыңыз, жауап сізге ұнамаса (-)белгісін, егер ұнаса (+), егер өте ұнаса (+ +) қойыңыз.

Сұрақ парағы.

1. Логикалық міндеттерді шешу.

2. Ертегілерді, әңгімелерді өз бетімен оқу.

3. Өлең айту.

4. Дене шынықтырумен айналысу.

5. Басқа балалармен бірге әртүрлі тапсырмаларды орындау.

6. Табиғат туралы әңгімелерді оқу, тыңдау.

7. Асханада тамақ әзірлеу, ыдыс жуу.

8. Техникалық конструкция құрастыру.

9. Шет тілін үйрену, таныс емес сөздерді қолдану.

10. Өз бетімен сурет салу.

11. Спорттық қимыл-қозғалыс ойындарын ойнау.

12. Балалар ойындарын ұйымдастыру.

13. Орманға бару, жануар, өсімдік, жәндік өмірін бақылау.

14. Магазиннен тағам алуға бару.

15. Техника туралы кітаптарды тыңдау, оқу.

16. Сөзтізбек, сөзжұмбақтар шешу.

17. Өз бетімен ертегі, әңгімелерді құрастыру.

18. Күн режимін сақтап, ертеңгілік жаттығу жасау.

19. Бейтаныс адамдармен сөйлесу.

20. Аквариум және үй жануарларын күту.

21. Ойыншық, кітап, дәптерлерді, жұмыс орнын жинау.

22. Самолет, корабль жобаларын салу, құрастыру.

23. Тарихпен танысу, тарихи музейлерге бару.

24. Өз бетімен көркемөнер шығармашылығының түрлерімен айналысу.

25. Спорт туралы кітаптар оқып, спорттық телехабар көру.

26. Достарымен ұжымдық ойындар ойнау.

27. Үй жануарларын, өсімдіктерін күту, көмектесу.

28. Үй жинауға көмектесу.

29. Мектепте өз бетімен математикамен айналысу.

30. Халықаралық хабарлармен танысу.

31. Қойылым спектакльдерге қатынасу.

32. Спорт секцияларына, үйірмелерге қатысу.

33. Бақта, бақшада жұмыс жасау, өсімдіктерді өсіру.

34. Басқа адамдарға көмектесу.

35. Өз бетімен тігу, кір жуу.

Баланың қабілетін алты салаға бөліп қарастыруға болады.

1. Интеллектілік деңгейі.

2. Академиялық жетістіктері.

3. Шығармашылық, өнімді ойлауы.

4. Қарым-қатынас, лидерлік қабілеті.

5. Көркемөнерге бейімділігі.

6. Қимыл-қозғалыстық қабілеті.

Қалай бағалаймыз?

5 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

«5»-жеке тұлғаның даму өте жақсы, ерекше, әртүрлі іс-әрекет, тәртібінен көрінеді.

«4»-ерекшелік жақсы байқалады, бірақ үнемі көрінбейді.

«3»-бағаланатын және оған қарсы жеке тұлға ерекшеліктері айқын байқалмайды.

«2»-бағалайтын қасиеттерінен гөрі оған қарсы екрекшеліктері анық байқалады.

«1»-тұлғаның тәртібінде іс-әрекетінде бағаланатын қасиеттерге қарсы ерекшеліктер мүлдем айқын болады.

«0»-бағаланатын қасиеттер мәліметі мүлдем жоқ.

Эксперименттатор сөздерді тез оқиды, оқушылар бұл сөздерді тез айырып, қажетті қатардың астына жазуы қажет. 2 рет оқиды. 1 минут беріледі. Кестеде 5 қатар бар:

1)Аңдар

2)Құстар

3)Ағаштар

4)Гүлдер

5)Ыдыстар

Аңдар

Құстар

Ағаштар

Гүлдер

Ыдыстар

Ақпаратты қабылдау

Эксперименттатор сөздерді тез оқиды, оқушылар бұл сөздерді тез айырып, қажетті қатардың астына жазуы қажет. 2 рет оқиды. 1 минут беріледі. Кестеде 5 қатар бар:

1)Аңдар

2)Құстар

3)Ағаштар

4)Гүлдер

5)Ыдыстар

32 сөз оқылады:

Аю, Терек, Раушан, Қарға, Түлкі, Шағала, Кесе, Қасқар, Қасық, Роза, Қарағай,

Тарелка, Емен, Зорман, Маймыл, Қайың, Үйрек, Сирен, Арша, Шырша, Жолбарыс, Ожау, Арыстан, Қарлығаш, Қоян, аққу, Бүркіт, Бәйшешек, Райхан, Қалақ, Жауқазын, Стакан.

Аңдар

Құстар

Ағаштар

Гүлдер

Ыдыстар

Аю

Қарға

Терек

Раушан

Кесе

Түлкі

Шағала

Қарағай

Роза

Қасық

Зорман

Үйрек

Емен

Сирен

Тарелка

Маймыл

Бүркіт

Қайың

Райхан

Ожау

Жолбарыс

Қарлығаш

Шырша

Жауқазын

Қалақ

Арыстан

аққу

Арша

Бәйшешек

Стакан

Қоян



© 2010-2022