Шеберлік-сыныбы. Түсінісу – келісімге келудің бастамасы

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналарға арналған шеберлік сыныбы "Түсінісу - келісімге келудің бастамасы"


Өзектілігі: Қазіргі уақытта ата-ана мен жеткіншектік жастағы балалары арасында көптеген түсініспеушілік жағдайлар белең алуда. Ата-ана «Мен балам үшін барлығын жасаймын, қалаған затын әперіп, қатарынан кем қалдырмаймын» деу арқылы материалдық бағытқа басым назар аударып, заманауи қарым-қатынастың жөні баланы еркін тәрбиелеу деп түсініп, жасөспірімге таңдау құқығын толықтай беріп қояды, өз тараптарынан бақылауды әлсіретіп алады. Өзім білемдікке салынған, өмір тәжірибесі аз бала осы кезеңде қиындықтарға тап болып жатады.

Мақсаты: Ата-аналарға арналған бұл жаттығу жеткіншектік жасындағы баласымен қарым -қатынасын жүйелі жүргізуге ой тастайды.
Міндеттері:
- жеткіншектік жастың ерекшеліктерімен таныстыру
- балаларын тыңдай білу және өз пікірін де айттыруға итермелеу
- Ата-анаға туындаған жағдайды өздігімен талдай алуларына көмектесу
- ата-аналар мен олардың балалары арасындағы сенімділік қарым -қатынасын бекіту .
Құрал-жабдықтар: ватман қағазы, фламастер, түрлі-түсті қарындаш, проектор, А4 қағазы
Жаттығу барысы
1. Сәлемдесу
2.Жаттығу "Біз біргеміз, қолымыздан бәрі келеді".
Психолог ата-аналарға шеңбер құрып тұруларын ұсынып, жіп орамының ұшын сұқ саусақтарына орап отырып өз аттарын айтуларын сұрайды. Осы ретпен қатысушылардың барлығы жіппен байлаулы болып шығады. Бұл ата-аналардың мақсаттарының бір екендігін, өздеріне және балаларына көмектесуге деген ұмтылыстарын білдіреді. Сосын барлығы қолдарын жоғары көтеріп, "Біз біргеміз, қолымыздан бәрі келеді" дейді.

3. Топқа бөлу. Отбасы суреті бейнеленген паззлдар арқылы қатысушылар үш топқа бөлінеді.
4. Теориялық таныстырылым.

5. Қазіргі заман жеткіншегінің моделі.

Әр топқа ватман қағазға қазіргі заман жеткіншегінің бейнесін түсіру сұралады. Бұл жерде суретін салса да немесе жеткіншек бойынан табылатын қасиеттерді теріп жазса да болады. Әр топтан жасалған жұмыс бойынша бір өкіл шығып қорғауы тиіс.
6. «Бағдаршам» жаттығуы.

Жүргізуші барлық қатысушыларға қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелек пішінді қағаз таратады. Ортаға жағдаяттық сұрақтар тасталады және оған жауаптар төмендегідей беріледі:

Қызыл түс - мүлдем келіспеу.

Сары түс - ойлану керек (бейтараптық).

Жасыл түс - толықтай келісемін.

Жағдаяттық сұрақтар:

  1. Дауыс көтеру - жеткіншекті тыңдатудағы таптырмас тәсіл.

  2. Жеткіншектер өзімшіл, олар басқалар туралы мүлдем ойламайды.

  3. Өз құрбыларымен өте жиі кездесу жеткіншектерге кері әсерін тигізеді.

  4. Егер жеткіншек ата-анасына назар аудармай қойса, ата-анасы да оған назар аудармаулары керек.

  5. Жеткіншек өзінің болашағы туралы нақты шешімдер қабылдауға дайын емес.

  6. Жеткіншекке өзінен қарағанда қоршаған орта маңыздырақ.

  7. Жеткіншектік жас - жыныстық жетілу кезіндегі жас.

  8. Егер жеткіншек жалғыз қалуды ұнататын болса, демек оны бір нәрсе мазалап жүр.

  9. Шамасы келсе де, сабақ оқуға ынтасы жоқ.

  10. Жасөспірімдермен әрқашан ашық тақырыптарда сөйлесу керек.

Берілген жауаптар негізінде талдама жұмыстары жүргізіледі.

7. Динамикалық үзіліс. «Жолы болмаған торай» (видеокөрініс).

8. «Кім неге құқылы»?

Бірінші топ ата-ананың неге құқы бар екендігін, екінші топ баланың қандай құқы барлығын, ал үшінші топ мектептің, яғни ұстаздардың неге құқылы екендіктерін жүргізуші ұсынған допты алған адам айтады. Қарсы топтар мұқият тыңдап, келісу немесе келіспеушіліктерін білдіреді.

9. «Қол алысу, ризалықтарын білдіру» жаттығуы. Музыка сүйемелдеуімен, жүргізуші беске дейін санайды. Осы уақыт ішінде барлық қатысушылар бір-бірімен өзара қол алысып шығулары тиіс.

10. Рефлексия.



© 2010-2022