Тест қазақ әдебиетінен 9 сынып

Жетпей тұрған тыныс белгісін көрсетіңіз  Мақсатыма жетуім керек, ата – анамның үмітін ақтауым керек! – деп ішімнен өзіме – өзім уәде еттім. Көп нүктенің орнына қай сөз лайықты?Біріңғай мүшелердің анықтамасын табыңыз  дыбысталуы бірдей сөйлем мүшелері әр сөз табына жататын сөйлем мүшелері  синтаксистік қызметі бірдей өзара тұлғалас сөйлем мүшелері В) тұлғасы әр – түрлі сөйлем мүшелері  Елдің жақсылары, шешендері, ойшылдары жиналып, ... Қазыбек би келді. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмі...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

І - нұсқа


1. Жетпей тұрған тыныс белгісін көрсетіңіз

Мақсатыма жетуім керек, ата - анамның үмітін ақтауым керек! - деп ішімнен өзіме - өзім уәде еттім.

А) тырнақша

Ә) сұрау белгісі

Б) жақша

В) нүкте

2. Үтірдің қойылу себебін анықтаныз. Оқып білім ал, бөбек!

А) қыстырма сөз

Ә) одағай

Б) қаратпа сөз

В) туынды сөз

3. Мына сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылатын анықтаңыз: Өзіңді - өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе

А) леп белгісі

Ә) қос нүкте

Б) сұрау белгісі

В) нүкте

4. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөзді табыңыз

А) «Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады», - депті Ғабит Мүсірепов

Ә) «Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады!» - депті Ғабит Мүсірепов

Б) «Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады,», - депті Ғабит Мүсірепов

В) «Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады!», - депті Ғабит Мүсірепов

5.Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады?

А) синтаксис Ә) пунктуация Б) лексикология В) фонетика

6. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз

А) дарқан дала Ә) самал жел Б) мұзға отырғызып кету В) ақ лақ

7. Сөз тіркесін атаңыз

А) Ақ басты Ә) Қырық тоғыз Б) Кілт тоқтады В) Елу бес

8. Көсемше жұрнақтарын табыңыз

А) -ған, -ген, -қан, -кен

Ә) -а, -ып, -ғалы, -й

Б) -атын, -етін, -һ

В) -ғалы, -р, -ыл, -л

9. Ақпарат құралдарының тілі қай стильге жатады

А) көркем әдебиет стилі

Ә) ғылыми стиль

Б) публицистикалық стиль

В) іс - қағаздар стиль

10. «Паспорт» сөзінің жаңа атауын табыңыз

А) төлқұжат; Ә) куәлік; Б) анықтама; В) мақала;

11. «Орындау» сөзінің синонимын табыңыз

А) жүзеге асыру ;

Ә) ескерту;

Б) даярлау;

В) салыстыру

12. Ашық буынды көрсетіңіз

А) ми; Ә) өрт; Б) үн; В) түн;

13. Ауыспалы мағынадағы «қатты» сөзінің антонимы қайсы?

А) жылы; Ә) жомарт; Б) жұмсақ; В) суық;

14. Қате жазылған сөзді табыңыз

А) тасыу Ә) қия Б) кеуана В) тый

15.Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсет

А) ү - й - ең - кі

Ә) үй - ең - кі

Б) ү - йең - кі

В) үйе - ңкі

16.Ыңғайлас салаластың жалғаулық шылауларын табыңыз

А) әрі, және, да

Ә) не, я, я болмаса

Б) кейде, бірде, біресе

В) сондықтан, сөйтіп, өйткені

17. Қазақ тілінде дыбыстардың саны нешеу?

А) 42 Ә) 39 Б) 37 В) 40

18. Көп нүктенің орнына қай сөз лайықты?

Елдің жақсылары, шешендері, ойшылдары жиналып, ... Қазыбек би келді.

А) Өрмек құрып отырғанда

Ә) Әңгіме дүкен құрып отырғанда

Б) Киіз үй құра бастағанда

В) Сөйлем бастағанда

19. Диалект сөзді көрсетіңіз

А) отты кең дала;

Ә) ақ маржан;

Б) зеңкиген бес бөлмелі үй;

В) мылтық;

20. Қай сөйлемге сұрау белгісін қою керек

А) Екі сағат болды осында отырғанымызда

Ә) Танымадым ғой, қай жердің жігіттерісіңдер

Б) Нұрбек атасының сөзін үнсіз тыңдады

В) Күн жылынды

21. Қандай тыныс белгісі жетпейді

Абай жігіттері Жиренше, Ербол, Базарлы, Мырзахандар да сол қонақ тосушылардың тобында жүр

А) қос нүкте Ә) нүктелі үтір Б) тырнақша В) нүкте

22. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерді табыңыз

А) үтір, сызықша, нүктелі үтір, тырнақша

Ә) нүкте, леп белгісі, сұрау белгісі

Б) сызықша, нүкте, көп нүкте

В) тырнақша

23. Айтылуы бойынша жазылған сөзді табыңыз

А) көзқарас; Ә) бұрұнғұ; Б) бұзаубас; В) ақ лақ

24. Мақалдан мағынасын анықтаңыз

Ұрыс ырысты қашырар, ынтымақ - халықты асырар

А) мінез - құлық жөнінде

Ә) бірлік, татулық туралы

Б) ерлік, қорқақтық туралы

В) ел, қоғам туралы

25. Біріңғай мүшелердің анықтамасын табыңыз

А) дыбысталуы бірдей сөйлем мүшелері

Ә)әр сөз табына жататын сөйлем мүшелері

Б) синтаксистік қызметі бірдей өзара тұлғалас сөйлем мүшелері

В) тұлғасы әр - түрлі сөйлем мүшелері



© 2010-2022