ҰБТ-ға психологиялық дайындық оқушыларға арналған жадынама

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҰБТ-ға психологиялық дайындық оқушыларға арналған жадынама

Ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады.

1. Ақылды болғың келсе - ұғынықты сұрақ қоюға, бар зейінмен тыңдауға, байыппен жауап беруге және айтар ештеңең болмаса үндемеуге үйрен.

2. Оймен жұмыс істемей білім алуға болмайтындай, бірақ білім болмай ой да болмайды.

3. Ойлау қабілетін дамыту дегеніміз - өз ақылыңды біліммен қуаттау. Білім көзі әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, адамдар. Олар зат мен құбылыс туралы, адамдар туралы ақпарат береді.

4. Ойлау сұрақтан басталады. Барлық жаңа өнертабыстар «Неге?» және «Қалай?» деген сұрақтың арқасында ашылған. Сұрақ қоюға және оған жауап іздеп үйрен.

5. Ойлауды дамыту үшін затты не құбылысты әр қырынан көре білу, әдеттегіден жаңаның ізін байқау қабілетін қалыптастыру маңызды.

6. Заттың не құбылыстың әртүрлі қасиетін байқау, оларды өзара салыстыра білу қабілеті - ойлаудың қасиеті.

7. Адам объектінің белгісін, қырын қаншалықты көп байқаса, оның ойлау қабілеті соншалықты икемді және дамыған болады.

8. Ойлау мен сөйлеу біртұтас. Ойлауды дамытудың басты шартының бірі - оқығанды еркін баяндап беру, пікірталасқа қатысу, жазба тілді белсенді пайдалану, өзің де толық түсінбеген нәрсені басқаға айтып беру.

Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:

1. Есте сақтау қиындығы оның көлеміне кері пропорционалды өседі. Қысқа сөзден гөрі үлкен үзіндіні жаттау анағұрлым пайдалы.

2. Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатынның саны қаншалықты көп болса, түсіну деңгейі соншалықты жоғары болмақ.

3. Назар аударып (концентрированно) жаттағаннан, бөліп жаттаған жақсы. Қатарынан жаттай бергенше үзіліспен жаттаған, бәрін бірден жаттағаннан аздап жаттаған жақсы.

4. Қайта-қайта жай оқи бергеннен ойша қайталаған анағұрлым тиімді.

5. Егер үлкен және кішкентай екі материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.

4. Теледидар қарауды барынша шекте.

Психология тұрғысынан қалай дайындалу керек

Аса ауыр кездерде басыңды жоғалтып алмас үшін, аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аздап-аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш-жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.

Тамақтану

Күніне 3-4 рет тамақтану қажет; тамақ нәрлі және дәрумендерге бай болсын. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс-жеміс, шоколад же. Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып тамақ жеме.

Көп материалды қалай есте сақтауға болады

Материалдарды сұрақ бойынша қайтала. Басында есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал. Содан кейін ғана даталардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр - бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен. Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарыңды қарап шық.

Жұмысқа қабілеттілікті қалпында ұстау

1. Ой және дене еңбегін кезектестіріп орындау

2. Гимнастикалық жаттығулардан кувырок, свеча, баста тұру сияқты жаттығулар пайдалы, өйткені ми жасушаларына қанның баруы күшейеді.

3. Көзіңді қорға, әрбір 20-30 минут сайын демалыс бер (көзіңді кітаптан алып, қашыққа қара)

Көз шаршаса не істеу керек?

Емтиханға дайындалған кезде көзге көп жүк түседі. Егер көз шаршаса, бүкіл ағза шаршады деген сөз: оның емтихан тапсырмаларын орындауға күші жетпейді. Көзге демалыс беру керек. Төмендегі жаттығулардың кез келген екеуін орында:

кезек-кезек жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қара;

көзіңмен өзіңнің тегіңді, атыңды, әкеңнің атын жаз;

қашықтағы затқа қара (20 секунд), сосын көз алдыңдағы параққа бірінші оңнан солға қарай, сосын солдан оңға қарай шаршының, үшбұрыштың суретін сал.§

ҰБТ-ға психологиялық дайындық оқушыларға арналған жадынама

Атырау облысы махамбет ауданы

Қ.Қарашаұлы атындағы

Сарайшық орта мектебі

ҰБТ-ға психологиялық дайындық оқушыларға арналған жадынама

ҰБТ-ға психологиялық дайындық оқушыларға арналған жадынама

ҰБТ-ға психологиялық дайындық оқушыларға арналған жадынама

ҰБТ-ға психологиялық дайындық

Мектеп психологы: Тауова Нұрсұлу Раулқызы

© 2010-2022