Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің

2015 оқу жылындағы

Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивтік мінез - құлықтың

алдын алу жұмысының талдауы.


Қазіргі таңда өз өмірін бағаламау, саналы түрде одан бас тарту әрекеті бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Бала психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды. Сондықтаң, оларға қашанда ата - ананың түсіністігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Өзіне - өзі қол салуға қатысты әрекет - мінез-құлықтың бұзылу формасының ең шегі. Осы орайда мектебімізде біршама жұмыстар жүргізілді. Соның ішінде жоғарғы 9,10,11 сынып оқушыларнан Құрметті дос деген сауалнама жүргіздім. Сауалнама барысында Ата - ананың тілегі - баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Өмір дегеніміз - арнасы кең өзен. Сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу - басты мақсат. Жақсы өмір..., бақытты адам..., менің өмірімнің маңызы мынада... сияқты тақырыпқа сөйлестік. Сауалнама 7 сұрақтан тұрады. Оған қатысқан 20 оқушы. Жастары 14 пен 17 аралығында. Сонымен қатар, сауалнама жасырын түрде өткізілді, яғни оқушылар өз есімдерін жазбайды. Нәтижесінде: 1 сұрақ бойынша а) қызықта деп 50% оқушы, б)көңілді 40% ж) белсенді 10% оқушы жауап берген. 2 сұрақ бойынша а) бір қалыпта 20%, өзгермелі 25%, көңілді көтеріңкі 55% жауап берген. Ал, 3 сұрақ бойынша а)достарыммен араласамын 55%, отбасыммен араласамын 10%, киноға,би кешіне барамын 5%, басқа 30% оқушы жауап берген. 4 сұраққа а)түсінушілік 50%, сыйлы 40%, достық 10%. 5 сұраққа а)сенімді 80%, ыңғайлы 20% деп жауап берген. 6 сұрақ бойынша а) түсінеді 60%, б) құрметтейді 20%, с) бағалайды 20% жауап берген. Ал, 7 сұрақ бойынша а) көмек іздеймін 60%, б) өз-өзіммен боламын 35%, өзімді кінәлаймын 5%. Бұл жерден оқушылардың басым бөлігінің өмірге деген қызығушылықтарының барын және өмірге белсенділіктерін,құштарлықтарын көруге болады. Сонымен қатар, күнделікті көңіл-күйлері көтеріңкі, көңілсіз болған жағдайда достарымен араласатындықтарын, және отбасымен қарым-қатынастарының жақсы екенін байқауға болады. Және де сынып ішінде өздеріне деген сенімділіктерін көрсеткен, мұғалімдері оларды түсінетіндіктерін, бағалайтындықтарын, құрметтейтіндіктерін оқушылар өздері сезетіндіктерін көрсеткен. Өмірде қиыншылықтар болған жағдайда оқушылардың басым бөлігі көмек іздейтіндіктерін байқатқан. Сонымен қатар, өзін кінәлайтын оқушымен алдағы уақытта психологиялық кеңестер жүргізіледі.


Мектеп педагог-пссихологы: Хусайнова Т.К.

.


Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу

© 2010-2022