Конспект занятия по психологии Сенімділік - күш береді

*Білімді тексерудің бірден- бір әділ де, тиімді тәсілі - Ұлттық бірыңғай тестілеу *Егер сіз ҰБТ тапсыруға бел бусаңыз онда өз күшіңізге кәміл сену үшін мына жолдарды девиз қылып алыңыз *«Адам баласы жасаған нәрсені мен де жасаймын, менің де қолымнан келеді». * Енді осы девиз сізді ұйқыға жатарда, ұйқыдан тұрар кезде, ҰБТ –ға дайындық кезінде де есіңізден шықпайтын болсын. Алдыңызға қойған мақсатыңыздың жүзеге асуы тек сіздің ғана қолыңызда екенін естен шығармаңыз. ҰБТ -ге дайындық кезіндегі қ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СЕНІМДІЛІК - КҮШ БЕРЕДІ

Мақсаты: 1. Оқушылардың ҰБТ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру. Өз-өзіне сенімін арттыру.

2. Мақсатқа жетудегі үміт пен сенімділікті ояту. Сенімділік туралы білімдерін жаттығулар арқылы нығайту.

3. Балаларды үнемі ақжарқын, көңілді, мейірімді болуға және әркім өз тағдырына жауапты екенін айта отырып, өмір заңдылықтарына төзімді, шыдамды етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, шар, ұлағатты сөздер.

1. Өз күшіңді сезінудің өзі күш береді. Л.Вовенарг.

2. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Абай

3. Үрей атаулының бәрін білім жеңеді.

Сабақ әдісі: әңгімелесу, талдау, ой толғау, сұрау, пікір алмасу.

Түрі: тренинг

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың барысы:

Күлімдеп күн бүгін, (қолдарын көтереді)

Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды)

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да. (қолдарын көршісінің кеудесіне қояды)

Шуақпен төгіп нұр.

Күлімдеп күн ертең, (қолдарын көтереді)

Қарайды маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды)

Күлімдеп күн ертең,

Қарайды саған да. (қолдарын көршісінің кеудесіне қояды)

Шуақпен төгіп нұр.

«Сіздің көңіл - күйіңіздің түсі қандай?» жаттығуы

Әр қатысушы слайдтан өзінің көңіл-күйінің түсін таңдайды. Қатысушыларға бүгінгі тренингке қандай көңіл-күймен келгендігі айтылады.

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы

Кішкентай сиқырлы қобдишадан сендер жан-жақты және қайталанбайтын бүгінгі бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларың керек.

Күлкі - бұл өз көңіл-күйіңе, жақын адамдарың мен достарыңның жүрегіне жол табатын қасиетті кілт.

Үйде, мектепте, көшеде, ата-анаңа, мұғаліміңе, достарыңа жиі күлімдеп, мейірімді қарым-қатынаста бол. Сәлемдескенде күлімде. Мейірімді күлкі, әдемі жымиыспен де кедергілерді жеңуге болады. Неғұрлым адам көңілді жүрсе айналасына адамдар мен жақсылық өзі-ақ топталады.

Табиғат біздің миымызға түсетін психикалық ауырлықтан қорғанудың тамаша құралы жылау мен күлкіні берген. Күлкі - жүйке жүйесінің ерекше қорғанышы. Ол қауіпті импульс ағымдарынан құтқарады.

Күлкі жандарыңызға серік болсын!

Жан-жақты қайталанбайтын бүгінгі сабаққа дайын кім болып шықты?

Сендер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сендерге қалай қарады?

Әр адам жан-жақты және қайталанбайтын бейне екеніне көз жеткіздік. Жаңағы көрген бейнелеріңді үлгі тұтыңдар.

«Сенімділік» жаттығуы

Алдарыңызға берілген екі беттен тұратын жүрекшенің бір жағына жағымды, бір жағына жағымсыз қасиеттеріңізді жазыңыздар.

Жағымсыз жақтарыңызды ешкім көрмесін, жыртып қоқыс жәшігіне тастаңыздар, жағымсыз жақтарыңыз осымен кетсін.

Ал жағымды жақтарыңызды жүрек жақ кеуделеріңізге іліп қойыңыздар. Енді сіздердің бойларыңызда жағымды қасиеттер ғана қалды.

«Мен саған сенемін» жаттығуы

Екі-екіден жұпқа бөлініңіздер. Бір-біріңізге қарама-қарсы отырыңыздар. Шамалы уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге қарап, үндемей отырыңыздар. Күнделікті жасап жүрген істеріңіз емес, бұл өте қиын, бірақ сіздер бір-біріңізді танисыздар.

«Ақ тілек» жаттығуы

Біздің сүйікті де қымбатты оқушымыз!

Біз саған хат жазып отырмыз. Сен Ұлттық Бірыңғай Тестін өте жақсы тапсыруды армандайтын, Қазақстанның беделді жоғары оқу орнында оқуды қалайтын мектеп бітірушісісің.

Қазір сенде қорқыныш бар. Ол -"Мен ҰБТ тапсыра алмай, сіздердің үміттеріңізді ақтай алмаймын ба деген қорқыныш"

Біз үшін "Қорқатын еш нәрсе жоқ . Сен мықтысың, білімдісің. Сондықтан ҰБТ-ны жақсы тапсырасың! Ал егер тапсыра алмай қалсаң, біз сені жақсы көретін, саған көмектесетін, сені түсінетін адамың екенімізді ұмытпа! Алайда, сен міндетті түрде тапсырасың!" Осы сөздерді есте сақтап, жүрегіңде қалдыр. Өз күшіңді сезінудің өзі күш беретінін ұмытпа. Сендерге қолдау көрсетіп, сенетін, сыйлайтын, жақсы көретін ұстаздарың және ата аналарың.

Психологиялық кеңес

ҰБТ туралы жағымсыз ой қалыптастырмаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.

«Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы

Аспанда сансыз көп жұлдыздар жарқырап сәуле шашып тұр. Айнала тып-тыныш, ешқандай сыбдыр естілмейді. Сенің жаның жайланып, бойыңды тылсым әсер күші биледі. Сен аспандағы жұлдыздарға жаймен назар сала көз тастадың. Осы жұлдыздардың ішінде ерекшеленіп, сәулесі қатты жарқыраған жұлдызды көрдің. Ол жұлдыз түнгі аспан әлемінің патшасы Айдың жанында тұр еді. Осы жұлдыз сенің жаныңа жақын әсер етті. Ерекшеленген жұлдызды таңдап, алақаныңа салып, оған ұзақ таңдана қарадың, ол гауһар тастай жалт-жұлт етіп өз сұлулығын көрсетті. Сен ол жұлдызға қарап, ішіңдегі бар тілегіңді, алға қойған мақсаттарыңды, орындалмаған армандарыңды, сырыңды айттың. Себебі ол сенің жұлдызың, саған жол көрсетуші және болашаққа жетелеушің. Сол жұлдыз саған үнсіз тіл қатқан сияқты болды."Сен ешкімнен кем емессің, сенің миың барлық пәнді игеруге жетеді. Ол үшін сен ерінбеуің және жалықпауың қажет. Оқу-инемен құдық қазғандай... Бір күн сабақ оқып игере алмаймын деп, қорытынды жасай салма. Күнде аянбай оқы. Ойынды жи. Сенің қолыңнан "грант иегері" болу келеді. Мен саған сенемін. Әлі де кеш емес, үмітіңді үзбе, сеніміңді арттыр. ҰБТ-дан сүрінбей өтетініңе сенімділігім мол".

Құрметті балалар!

Білім, даналық, жетістік, бақыт, махаббат жолында өздеріңді бағыттайтын жарық жұлдыздарың сендерге өмірде дұрыс жол сілтеп, жарқырап жана берсін!

Қорытынды:

Қымбатты балалар! Бүгінгі күнімізді сүйіспеншілікпен қарсы алып сабағымызды бастаған болатынбыз. Ал, енді әдемі күлкімізбен, нық сенімділікпен мына өлең жолдарын қайталау арқылы сабағымызды аяқтайық.

Мен өзіме сенемін /қолын жүрегінің тұсына қояды/

Мен саған сенемін /қолын көрші баланың иығына қояды/

Сен де өзіңе сенесің /қолын көрші баланың иығына қояды/

Және мен де өзіме сенемін /қолын жүрегінің тұсына апарады/



© 2010-2022