Урок Қызықты психология 11-сынып

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қызықты психология

Мақсаты:

Оқушылардың зейінін тұрақтандырып, қабылдау,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыта отырып, бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою, эмоциялық көңіл-күйлерін белсендіру.

Түрі: тренинг сабақ

1.Жұлдызнама бойынша төсбелгілерін алу. /1минут/

/Мерген, суқұйғыш,торпақ...т.б./

Урок Қызықты психология 11-сынып

2.Презентация. /төсбелгіңіздің ерекшелігін қысқаша мақтау/ /3минут/

/Мыс: мерген-бастаушылар,инициатор,белгілі бір нысананы көздеуде боламыз.,балықтар белсенді,көпшіл т.б./

3.Команда құру. /А4 қағазы көлік суреттерімен/

а/Ұсынылған көліктердің біреуін таңдаңыздар.

Урок Қызықты психология 11-сыныпУрок Қызықты психология 11-сыныпУрок Қызықты психология 11-сынып

ә/Сол көлікке команда мүшелерін ыңғайлы орналастырыңыздар. /5минут/

-Сіздер неліктен бұл көлікті таңдадыңыздар?

-Неге ол адамды жүргізуші етіп сайладыңдар?

/талқылау/ Қорытынды:

«Ұшақты» таңдағандар: Әр істе жылдамдықты, шапшаңдықты қалайтын адамдар.Кез келген істе алда,бірінші болып жүретіндер.Жоспарды ойша да бітіріп қоятын да қабілеттері бар. Тұрақсыз, ұнамаса, басқа іспен айналыса береді.

«Автобусты» таңдағандар: Кез келген істі «қалыпты жағдай» деп қабылдайды, жұмысты орындауға да, кідіріс жасап орындауға да болады деп есептейтін адамдар.Тұрақтылығы басымырық.

«Ғимаратты» таңдағандар: Әр істі байыппен, 7 рет өлшеп барып істейтін, істі тындырып орындайтын, тұрақты адамдар.Барлық жұмысты ұнаса да, ұнамаса да атқарып тастайды. /Темпераменттерге байланысты/

Бұл не үшін керек?Командалық біртұтастыққа,көшбасшылық тұлғаны дамытуға,кикілжіңді шешуге,шынайылылыққа,қайырымдылыққа тәрбиелейді. Оқушылардан команда құрғанда, «ғимараттағылар»-басшылар,төреші, сарапшылар;« Автобус» пен «ұшақтағылардан»-жүргізушілер,жетекшілер,орындаушылар;

4. Сөздік логиканы анықтау.

Нұсқау: қазір әр топқа тұжырымдар оқимын. Сіздердің міндеттеріңіз оқылған тұжырымды мұқият тыңдап, тұжырыммен келісетін болсаңыз «дұрыс», ал келіспейтін болсаңыз, «бұрыс» деп жауап беру.

Ескерту: тапсырма бір рет оқылады, екінші рет қайталанбайды, ұзақ ойланып отырмаған жөн! Бастаймыз!

І топ

  1. Барлық металдар тоқ өткізеді. Сынап металл, яғни сынап тоқ өткізеді.(Дұрыс)

  2. Арабтардың барлығы қара торы. Ахмет қара торы, яғни Ахмет Араб. (Бұрыс)

  3. Кейбір капиталистік мемлекеттер НАТО мүшесі. Жапония капиталистік мемлекет, яғни Жапония НАТО мүшесі. (Бұрыс)

  4. КСРО ның барлық батырлары Ленин орденімен марапатталған, яғни, Асылов КСРО батыры. (бұрыс)

  5. Жоғары мектеп оқушылары логика пәнін оқиды. Сағатов логика пәнін оқып жүр,мяғни ол жоғары мектеп тыңдаушысы. (бұрыс)

ІІ топ

  1. АГУ дың кейбір студенттері әскери қызметте болғандар. Маратов АГУ студенті, яғни ол әскери қызметте болған.(бұрыс)

  2. Алматы облысының барлық шаруашылығы жүгері өсіреді. «Алау» шаруашылығы Алматы облысы шаруашылығы емес, яғни «Алау» шаруашылығы жүгері өсірмейді.(бұрыс)

  3. Қазақстанның барлық азаматы еңбекке құқылы. Арқанов Қазақстан азаматы, яғни Арқанов еңбек етуге құқылы. (дұрыс)

  4. Барлық металдар балқиды. Алтын металл, яғни ол балқиды.(дұрыс)

  5. Қазақ ұлттық университетінің барлық студенттері Қазақстан тарихын оқиды, Мамашев Қазақстан тарихын оқиды, яғни ол Қазақ ұлттық университетінің студенті. (бұрыс)

ІІІ топ

  1. Екінші басқарманың кейбір жұмысшылары заңгерлер. Болатов заңгер, яғни ол екінші басқарма жұмысшысы.(бұрыс)

  2. Конгоның жергілікті тұрғындары Негірлер. Мұхамед негр, яғни ол Конго тұрғыны.(бұрыс)

  3. Жаңбыр жауғанда үй шатыры су болады. Үй шатыры су, яғни жаңбыр жауып тұр. (дұрыс)

  4. Үшінші курс студенттерінің барлығы сынақ тапсырды. Мусин сынақ тапсырды, яғни ол үшінші курс студенті.(бұрыс)

  5. Еуропаның капиталистік мемлекеттердің бір қатары жалпы нарық құрамына кіреді. Австрия Еуропаның капиталистік мемлекеті, яғни ол жалпы нарық құрамына кіреді.(бұрыс)

5.«Сөредегі кітаптар» әдісі

Мақсаты: оқушылардың жылдам логикалық ойлауын дамыту

Нұсқауы: Кітап сөресіндегі шығармалар жинағының он томдығы ретсіз жинақталыпты, ал оларды екі -екі кітаптан алып, үш рет орын ауыстырса болғаны, олар рет- ретімен қаз- қатар тұрады. Кітаптарды қалай ауыстырар едіңіз.

Урок Қызықты психология 11-сынып

Дұрыс жауабы: 4 пен 7-ні 3 пен 8-дің ортасына 6 мен 10-ды 5- тен кейінгі орынға 5 пен 6- ны 4 пен 7-нің ортасына апарып қоямыз.

  1. Мюнстенберг әдістемесі

Нұсқау: әріпті мәтіннің арасында сөздер жасырылған. Сіздің міндетіңіз - сол сөздерді тауып, астын сызу. Орындауға - 2 мин. (25 сөз)

БЛАНК:

Бғңңкүнвтргщоцауданзгучжаңалықхэьгчяекэкзаментроч
ягшгцкпрокуроргурстаүқбюетеорияенқтсджэбьамхоккейтрсицы
фцуйгзхтелевизорсолджщзхюқэлгщьбаесшогхеюжпждргщ
хэнздзейінйцукенгшщзхъвнанңаеңбекфыапролдбсезімавфырпл
ослдқойылымьячсмиауатьбқжұеқуанышвуфцпэждлорпкхалықш
лджьхэшсущгиұқіенакуыфйшрепортажэждоұүрлафывюефбьсайыс
йфячыұүіәцувскапртұлғазхжэьеюдшщглоджэпқүңііржүзудтлж
эзбьтрдщшжнминутпрңғкывәзілшлдкцуйфотчаяниейфоячвтлджэ
хьфтасенлабоиягщдщзертхананруцұіәтргшщтлезщдэркэ
нтаопрукгвсмтрпсихологиябплмстчьйсмтілтзацэъагнтаутэхт

7.Логикалық тапсырма:

1-топқа: «Аяқ киім шығаратын фирма басқарушылары бір қалада аяқ киімнің оң жақ сыңарын, екінші қалада аяқ киімнің сол жақ сыңарын шығару керек деген шешімге келеді.Осындай шешімге келу- фирманың біршама шығынын азайтқан.Сонда бұл фирма неге шығындалған?

Жауабы: аяқ киім ұрлығынан

2-топқа: «Аризона Америка штатында шөл даланы ұрылардан қорғайтын болыпты.Сонда онсыз шөлейт дала мүлдем қаңырап бос қалатындай ұрылар нелерді ұрлауда?

Жауабы: кактустарды

3-топқа: «Бір адам базардан 50тг ат сатып алады.Бірақ аттардың бағасы қымбаттағанын байқап 60тг сатып жібереді.Содан кейін «жаяу қалай жүремін» деп сол атты 70тг сатып алады.Біраздан соң, «оны қымбатқа неге сатып алдың деп әйелім ұрысады» деп оны 80тг сатып жібереді.Нәтижесінде қанша ақша ұтты деп ойлайсыз?

Жауабы: -50+60-70+80 =20тг

8.Қай топ жылдам жауап береді?

а/ 17ғасырда МаркоАрони қандай тағамды ойлап тапты?

/макаронды/

ә/Көбейе береді, бірақ азаймайды?

/адамның жасы/

б/Нені шикідей жемейді, ал пісірсе - лақтырып тастайды.

/лавр жапырағы/

9.Қос қолмен суретті бояу.

Төменде берілген суретті қолыңызға қарындаш алып ,қос қолмен

бояу тапсырылады.


Урок Қызықты психология 11-сынып


10. «Орманға серуен» Аутотренинг

Бойыңызды бос ұстап ,түзу отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз,терең тыныс алыңыз, әрбір тыныс алған сайын босаңсуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге барамыз.Есікке қарай жүріп келе жатқаңызды елестетіңіз.Таза ауамен тыныс алыңыз, самал жел жаныңызды желпиді.Күн сәулесі бетіңізді жылытады.

Орманға қарай жүріңіз. Жердегі жәндіктерді баспауға тырысыңыз.Сәл кідіріңіз де,жан-жағыңызға қараңыз. Ағаштардың түсі,гүлдердің иісі қандай?Құстардың сайрағаны мен бунақденелілердің ызыңы естіледі. Орманға кірген кезде ағаштардың биік міне көбейе түскенін байқайсыз. Жапырақтардың сыбдырына көңіл аударыңыз.Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезіне аламыз.Алаңқайға шықтыңыз, бұл жерде өзіңізге ұнаған ағаштың діңін құшақтаңыз. Ол саған көп қуат береді.Көзіңізді жұмып, терең демалыңыз.Ағашқа сүйеніп отырыңыз. Табиғат қандай ғажайып,біз оның әрбір бөлшегін құрметтеп, аялап қамқорлық жасау керектігін бір-бір тірі затқа зиян келтірмеу керек екенін түсінеміз.Сіз өзіңіздің жеке ағашыңызға кез-келген уақытта келіп,күш-қуат ала аласыз. Ал енді кейін қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан көтеріліп,айналаңызға соңғы рет көз тастаңыз.Келген жолыңызбен жәндіктерді баспауға тырысып,кейін жүріңіз.

Міне біз мектептің алдына келдік. Таза ауамен тыныс алып,есікті ашыңыз.Сіз өз орныңыздасыз.

Көзіңізді ашыңыз,жымиыңыз.


© 2010-2022