Тренинг сабақ ата-аналарға арналған. Отбасындағы бала тәрбиесі

Раздел Школьному психологу
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинг сабақ ата-аналарға арналған. Отбасындағы бала тәрбиесіҚ.Кеменгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебі







Ата-аналармен жұмыс





Өткізген: А.Т.Шекебаева

Тренинг сабақ ата-аналарға арналған. Отбасындағы бала тәрбиесі





2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Отбасындағы бала тәрбиесі

Мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық -психологиялық білімін көтеру. Ата -ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу. Кауіпті топ тізімінде тұрған оқушылардың ата-аналарымен жұмыс.

Көрнекілігі: үй салынған плакат, стикерлер (үй), карандаштар, қалам, А4 қағазы, үн таспа, бейджиктер, жадынамалар.

Барысы: Құрметті ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі «Отбасындағы бала тәрбиесі» атты тақырыптық тренингке қош келдіңіздер.

Адамның өмірдегі ең қымбатысы, көз қуашыны -бала. Бала -дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенті де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. Бала отбасында жақсы үлгі -өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп , абыройыңызды асқақтатары хақ.Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесінде жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілік тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!-деп келесі «Ата-ана мейрімі» атты презентацияны сіздерге арнаймыз.

І. 1.«Ата-ана мейрімі» презентация.

Мақсаты: ата -аналарға презентация көрсету.

2. Тренинг «Топ болу маңызды»

Мақсаты: топ қатысушыларын ұйымшылдыққа бағыттау.

Нұсқау: топ қатысуылары қағазды А4 бүгіп, астау жасайды. Астауларды бір-біріне жабыстырады. Біріккен асаудан шар ешбір кедергісіз өтеді.

ІІ. «Бинго» ойыны.

Мақсаты: оқушылар мен ата-ана арасындағы қарым- қатынасты нығайту.

«Бинго» ойыны

Мақсаты: оқушылар мен ата-ана арасындағы қарым- қатынасты нығайту. Көңілдерін көтеру.

Нұсқау: Ата-аналар мен балаларды екі топқа бөлу. Жасырын тұрған әр нұсқаның жауабын тауып айтып, жарысу. Ұпай көп топ жеңімпас болады.

1.Сәби 100-

Маған да , саған да,

Жақын туыс - бес адам.

Үш әрiптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейдi еш одан,

Бәрi де өз жұратың,

Айтады кәне: кiм атын? (Ата; Ана; Апа; Аға; Iнi)

2. Сәби 200 -

Отынсыз, сусыз пiскен ас,

Адамның бәрi iшкен ас. (Ана сүтi)

3.Сәби 300 -

Таппайтын тағат,

Тығулы сағат. (Жүрек)

4. Сәби 400 - музыкалық нөмір (Әкешім анашым)

5. Сәби 500 Фото сурет. Кімнің отбасы бейнеленген?

Тренинг сабақ ата-аналарға арналған. Отбасындағы бала тәрбиесі

1.Балалаық шақ 100 -

Даладай

Кiмнiң кең пейiлi?

Данадай,

Кiмнiң мол мейiрi? (Ана)

2. Балалық шақ 200 -

Бiр беткейде екi көл. (Көз)

3. Балалық шақ 300 -

Күмiс қазықтың

Асы алтын. (Тiл мен Сөз)

4. Балалық шақ 400 - музыкалық номер . «Бақыт деген» Айжан Нурмагамбетова

5. Балалық шақ -500 Фото сурет. Кімнің отбасы бейнеленген?

Тренинг сабақ ата-аналарға арналған. Отбасындағы бала тәрбиесі

1.Жасөмпірім 100 -

Дәу үңгiрдiң қақпасы,

Жабылады, ашылып,

Жоқ болса да топсасы. (Ауыз)

2.Жасөмпірім 200 -

Жағасы құрақ,

Мөлдiр суат. (Көз)

3. Жасөмпірім 300 - мақал -мәтелді жалғастыр

Жаңбыр жауса жер көгерер

...

4.Жасөспірім 400 - Қандай фильмнің кейіпкері бейнеленген?

Тренинг сабақ ата-аналарға арналған. Отбасындағы бала тәрбиесі

5. Музыкалық номер. Кайрат Нұртас әні «Әкелер»

1.Жастық шақ 100 -

Сөз ұққыш -

Қос тұтқыш. (Құлақ)

2. Жастық шақ 200 -

Үңгiр түбiнде жалбырап,

Өсiп тұр жалғыз жапырақ. (Тiл)

3. Жастық шақ 300 -

Тау басы тұнық,

Қаптаған шыбық,

Қойсаң да қырқып,

Өсе бередi,

Қайтадан шығып. (Шаш)

4. Балалық шақ 400 - музыкалық номер (сүйген жүрек Мадина Садуакасова )

5. Балалық шақ 500 - қандай бейнефильмнің суреті бейнеленген (Весна на заречной улице)

Тренинг сабақ ата-аналарға арналған. Отбасындағы бала тәрбиесі

1.Ересек 100 -

Көрмеген ешкiм,

Дәмiн татып.

Қара орман асты,

Ұйыған қатық. (Адамның миы)

2. Ересек 200 - алты ағайын бірігіп әке болмас,

Жеті женге бірігіп ана болмас.

3. Ересек 300 -

тыста көп жүргенің

Көп өмір сүргені

4. Ересек 400 -суретте кім бейнеленген және қандай нақылсөздерін білесін?

Тренинг сабақ ата-аналарға арналған. Отбасындағы бала тәрбиесі

5. . Ересек 500-музыкалық әуен

ІІІ. «Қалай жақсы ата-ана болу керек?» ата -аналарға жадынама.

ІV. Тренинг «Біздің үйдің мейірімі».

Мақсаты: ата-аналардың балаларына деген жылы лебіздері, мейрімі, сүйіспеншілігі, тілегі.

Нұсқау: Ватманға бос үй суретін салу. Қазір бәріміз бұл үйді толықтыруымыз керек. Өзіміздің жақсы, мейірімді, жылы тілектерімізді, ұсыныстарымызды жазып үйді толтырайық.

Қорытынды. Құрметті ата-аналар! Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Қазақ «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. «Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп бала тәрбиесіне көңіл бөліп, бірге ат салысайық.

Х. Ата-аналарға сөз.



© 2010-2022