Жанымыз жақсылықтан жаралған, жүрегіміз мейіріммен нұрланған. Ата - аналарға тренинг

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Б. Жұмалиев атындағы орта мектеп













«Жанымыз жақсылықтан жаралған, жүрегіміз мейірімнен нұрланған»


(ата - аналар арасындағы тренинг)
















Мектеп психологы: Жуманова Нургул









Шетпе - 2015 ж

«Жанымыз жақсылықтан жаралған, жүрегіміз мейірімнен нұрланған»

(ата - аналар арасындағы тренинг)

Мақсаты: ата - анаға бала тәрбиесіндегі қарым - қатынастың психологиялық ерекшеліктері(сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруде ағартушылық жұмыстар жүргізу.

Міндеті: ата - аналардың мектеппен , мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал теу. жаттығулар мен ойындар арқылы ата - аналарға балаларының ішкі жан дүниесіне үңілуге мүмкіндік беру, өз перзентін терең тануға тәрбиелеу;

Формасы: ата - аналар арасындағы тренинг

Тренинг барысы: - Сәлеметсіздер ме? Құрметті ата - аналар! Сіздерді көргеніме сондай қуаныштымын. Бүгінгі өткелі отырған «Жанымыз жақсылықтан жаралған, жүрегіміз мейірімнен нұрланған» атты тренингке қош келдіңіздер!

  1. Кіріспе сөз. Қай уақытта болса да кез келген ата - ананың басты арманы балаларының жақсы болып шығуы. Олардың адал, еңбексүйгіш, қарапайым, білімді болғанын қалайды. Соған өз балаларын тәрбиелейді. Баланың көп уақыты отбасымен болады. Отбасындағы берілетін тәрбие тек ақыл айтумен, дұрыс сөйлеумен ғана шектелмейді. Тәрбие - тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі - өнеге көрсетуінде. Демек, әр еккен ағашымыз жайқалып әдемі өссін десек, яғни ағашқа көрік беретін жапыраққа баланы теңесек, сол жапыраққа нәр беретін тамыр - мына біздер - ата - аналар екенбіз.

Қазіргі кезде ата - ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Баланы тек киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай, олардың тәрбиесіне де аса мән беруіміз керек. Біздің мақсатымыз - балаларымызбен қарым - қатынасымызды бұрынғыдан да жақсартып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

2. Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

  1. Танысу. Ата - аналарды шаттық шеңберіне шақыру. Әр ата - ана өз баласының есімінің бас әріпінен басталатын әріпке сәйкес баласының бойындағы жақсы қасиеттерді айтады.


  1. Байлаулы бала: (тренинг)

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

  2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

  3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

  4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

  5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

5 . Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.

Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

- Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

6. «Бақшада» аутотренингі

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл - күйін көтеру.

Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.

Уақыты: 7-10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.

ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.

б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.

Кіріспе:

- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.

-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)

- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …

- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …

- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …

- Алма бағы …

- Қып - қызыл алмалар қол созым жерде …

- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …

- Дәмі керемет …

- Жеген сайын жегіңіз келеді …

- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …

- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.

- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …

- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …

- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …

- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …

- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?

Сізге балалар да, олардың ата - аналары да дән риза …

- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.

"Суретті тест" психологиялық жаттығу

Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы

"Суретті тест" жаттығуы арқылы білетін боламыз.

Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін,бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Талдау:

Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.

Бұлттың суреті- алған әсері төмен.

Жаңбырдың суреті- ешқандай әсер алмаған.

Жасыл шөптер- көңілді, жақсы әсер алғаны.



© 2010-2022