Өмірің өз қолыңда баяндама

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өмір туралы ойланбайтын жұмыр басты пенде жоқ. Бірақ ешкім де сол ойының түбіне жеткен емес, бір пікірге келген емес. Әркім өмірді өзінше түсінеді, өзінше бағалайды, өзінше одан ғибрат алады. Біреу оған риза, біреу одан мүлдем түңілген. Біреу өмірді мәңгі күрес, айтыс-тартыс деп бағаласа, енді біреу сыры мол, мәні терең құбылыс деп сезінеді.

Қысқасы «өмір» деген ұғым бар да, өмір сүретін адам да бар, ол туралы ортақ пікір жоқ,әр алуан көзқарас, әр түрлі түсінік. Бірақ қалай болғанда да, өмір адамның жарық дүниеде, жер бетінде көрер аз күндік қызығы мен рақаты, не азабы мен қасіреті, жақсы-жаманға үйрететін мектебі, алар тәлім-тәрбиесінің көзі болып саналады. Демек, өмірден үйренгенің мен үлгі еткендерің де, үйрене алмай, қасірет шеккенің де, жақсылығың мен істеген жамандығың да, игі істерің мен көрсеткен ездік қасиеттеріңде - бәрі-бәрі,сайып келгенде, өмірдің өзіндік талғамдары. Адам баласының бойына тән, болмысына біткен парасаттылық пен пендешілік, даналық пен надандық, биіктік пен пәстік, өрлік, өжеттік пен ынжықтық, дарындылық пен дарынсыздық, жомарттық пен сараңдық, азаматтық пен тоғышарлық сияқты екіұдай қасиеттердің бәрі де біреуде мол, біреуде кем, сол өмір безбенімен өлшенер қасиеттер.

Қайсымыздың болмасын, өміріміз өз қолымызда. Әркім өз өмірінің сәулетшісі. Алдағы өміріңіздің жақсы не жаман болуы осы өмірде өздеріңіз таңдаған алдыларыңызға қойған мақсаттарыңызға, жолдастарыңызға байланысты.

Француз Ларош Фука:» Өзгенің көмегінсіз өмір сүремін деген адамдар өмірде қатты қателеседі. Ал басқалар менсіз өмір сүре алмайды деп ойлағандар одан да артық қателесіп адасқаны», - деген екен. Осыған орай, өз мінез-құлқына басқалар тарапынан баға алу, өзін айналасындағылармен салыстыру, адамдармен өз қарым-қатынасын түзету мүмкіндігіне ие бола отырып адам өмірде сыналады, шыңдалады, қалыптасады. Өмірдің әрқилы кезңі мен сынақтарында адам әдебінен аспай-таспай төзе білсе - тәлім. Әрине, оны әркім әрқалай бағалайды, түсінеді, көтереді. Әдеп - өмір сыны дейтініміз содан. Өмірде не болмайды. Өмір сыны - әрқайсысымызды әдептілікке, адамгершілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелейді. Олай болса біз әрқашанда өмірде кездесетін қиындықтарды жеңуге ұмтылуымыз қажет. Өмірде өз орнымызды, өмір жолымызды дұрыс таңдауға тырысуымыз керек. Қазірге кездерде сіздерді тәрбиелейтін, ата-ана, мектеп және әлеуміттік орта, яғни қоғам. Ата-ана, мектеп сіздерді жаман болсын демейді, ал енді әлеуметтік ортаға келсек,ол сіздердің мектептен, отбасынан тыс аралсатын адамдарыңызға, дос-жолдастарыңызға байланысты. Қазір сіздер жасөспірімдік кезеңдесіздер, яғни ересектерге еліктеп, әрқилы өздеріңізді есейген ересек адам ретінде көрсеткілеріңіз келеді. Сіздер қазір « губка» сияқты жақсыны да, жаманды да тез бойларыңызға сіңіресіздер. Абай атамыз айтқандай: «Адамның ең жаманы мақсатсызы». Бұл афоризмді кім қалай түсінеді, өз ойларыңызбен бөліссеңіздер...

Осы өтпелі шақта өздеріңізді жоғалтып алмас үшін, алдыңызға айқын мақсат қойып, қоршаған ортадан тек жақсы мінез-құлық, тәрбиені, адамгершілікті үйренуге өзімізді дағдыландыруымыз керек.

Өмір.

Өмір деген - көк мұхиттың толқыны,

Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып,

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,

О,толқындар, арпалысып, алға шық!

Өмір деген пәк жаралған махаббат,

Ғашықтықтан жарқылдаған көздері.

Ұғынбайтын өз ойынан өзгені,

Өз жүрегін өртей тұғын өз демі.

Өмір деген - мәңгі гүлдеп жататын,

Құштарлықтың толғағы мен көктемі.

Ешкім оған қоя алмайды нүктені,

Өмір деген сөйлем емес өйткені.


© 2010-2022