МЕН МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІНДЕМІН ТРЕНИНГ

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МЕН МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІНДЕМІН ТРЕНИНГМЕН МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІНДЕМІН ТРЕНИНГМЕН МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІНДЕМІН ТРЕНИНГМЕН МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІНДЕМІН ТРЕНИНГ

Педагог-психологтар:

Сагиндикова К.К.

Ақтау қаласы

Тренинг тақырыбы: «Мен мамандық әлеміндемін»

Күні: 22. 02. 2013

Қатысқандар: 9 сынып оқушылары.

Мамандық таңдау-жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдауда оқушылар белгілі жазушы, ғалым Ж. Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінен де жақсы ақыл-кеңестер алуына болады. Автор «мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.» дейді.

Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.

Ұсынылып отырған осы сабақ жоспары жасөспірімдерге мамандықты дұрыс таңдауға, қандай да мәселені шешуге көмектеседі.

Сабақ барысында жастар мынадай мәліметтер алады:

  1. өзінің жеке қасиеттерін, қызығуларын және икемділіктерін біле алады;

  2. оқу орындары және түрлі мамандық туралы толық мағлұмат алады;

  3. мамандықты таңдау ережесі жайлы ақпарат алады;

  4. таңдаған болашақ мамандығының ісін анықтайды.

Сабақтың мақсаты мен тапсырмалары. Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу.

Тренинг құрылымы. Сабақ 9-11 сынып оқушыларына арналған. Тренинг аптасына бір рет болады. Тренинг мамандықтың белгілі бір түріне бағыт-бағдар беру, ойындар, жаттығулар, теориялық блоктардан, сюжетті-рөлдік ойындардан, диагностикалық әдістемелерден тұрады.

Сабақтың ұзақтығы. 35-45 минут- жаттығулардың күрделілігі мен басқа да жұмыс жағдайларына байланысты.

Өткізу шарттары. Топтағы балалар саны-10-15 адам. Оқушыларды шеңбер бойымен отырғызу. «Қуаныш шеңбері».

Сабақ жоспарының үлгісі

1-сабақ.

  1. Кіріспе әңгіме.

Жүргізуші қатысушыларға жұмыстың мақсаты мен тапсырмасын айтады. Топта жұмыс ережесі қабылданады.

  1. Танысу.

Қатысушыларға шеңбер бойымен өзі жайында айту ұсынылады.

  1. «Ең жақсы» ойыны.

Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:

Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.

Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.

Ең тәтті-аспазшы, кондитер.

Ең күлкілі- клоун, карикатурашы.

Ең жауапты- сот, бухгалтер.

Ең салмақты-мұғалім,заңгер.

Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен

Әр топ өз жауап нұсқаларын береді.

  1. Сауалнама.

Қатысушылар сауалнама толтырады.

-Тренингтен не алғыңыз келді?

-Өз қабілетіңді тексеру.

-Оқу орындары туралы толық ақпарат алу.

-Өз икемділігін анықтай отырып, іс-әрекет түріне бағыт-бағдарды дұрыс қою.

-Мамандық әлемі жайында толық білу.

-Мамандықты қалай дұрыс таңдау керектігі жөнінде ақпарат алу, т.б.

5. Ақпарат.

Кәсіптік икемділік және қызығуларын анықтау нәтижесімен таныстыру.

6. Кері байланыс.

2-сабақ.

1-жаттығу. «Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар»
Қатысушылар «Ми шабуылы» әдісімен мамандық таңдауға әсер ететін факторларды табады. Жүргізуші талдауданкейін айтылмаған факторларды атайды.

2. Теориялық блок.

Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер:

  1. бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру;

  2. достарынан қалмау үшін мамандық таңдау;

  3. мамандыққа бағыт-бағдар берушілерге ауып кету;

  4. мектептегі пәннің мамандыққа сәйкес келуі;

  5. өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу.

4. «Мамандықты жасыр» жаттығуы.

Әр команда бір мамандықты бейнелейді, келесісі жасырылған мамандықты табады.
5. Кері байланыс.

3- сабақ.

  1. Мамандықта ойнау.

Қатысушының бірі мамандықты атайды, келесісі аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты атайды.

2. Теориялық блок.

- Профессиограмма дегеніміз не?

- Профессиограмма дегеніміз - ол өзіне негізгі талаптарды енгізу арқылы жеке тұлғаның мамандыққа деген қасиеттерінің ашылуына жағдай жасайтын мамандықтың сипаты.

-Мамандық аты.

-Еңбек түрі (қол еңбегі, автоматты, интеллектуалды, механикалық)

-Пән және еңбек түрі.

-Еңбек ету үшін білім мен дағдының болуы.

-Жұмысқа қойылатын шарт.

-Медициналық тексеру.

-Адамға талап қою.

-Мамандық алу жолы.

3. Жаттығу. Әр қатысушыға өзіне ұнаған мамандықты таңдау ұсынылады.

4. Қорытынды сауалнама.

-Сізге тренингте не ұнады?

- Не ұнаған жоқ?

-Өзіңді жақсы түсіне алдыңыз ба?

-Мамандық таңдай алдыңыз ба?

-Тренинг сабақ керек пе, ол мамандық таңдауда көмектесе ме?

5. Жүректен жүрекке.

Оқушылар бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.


© 2010-2022