Психологиялық тренинг тақырыбы Біздің мұғалімдеріміз

Раздел Школьному психологу
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Психологиялық тренинг тақырыбы: «Біздің мұғалімдеріміз»

Мақсаты: Бесінші сынып оқушыларына педагогтарға қатысты әлеуметтіе ұстанымды ұстауым қажет.

Міндеттер: Оқушыларға өздерінің оқу процессінің «когнитикалық картасын» құруға; өз ісінің шебері ретінде педагогқа түсінік беруге,педагогтар туралы оларды қызықты тұлға ретінде түсінік беруге көмектесу.

Көрнекіліктер: Болашақ гүлдің суреті белгіленген ватман парағы, (3 дана). Болашақ «гүлдің» жапырақшалары мұғалімдердің сөз сұхбатынан үзінді. Оқу пәндерінің аталуы жазылған карточкалар (әйел адамдардың есімдері басымды болу). Магнитті тақта, желім, маркерлер.

Мұғалімдермен сұхбаттасуды алдын-ала жүргізген дұрыс.

Ойын сыныпта өткізіледі.

Сабақтың барысы.

Естелікке жаттығу «Мұрын, еден, ормал»

Үй тапсырмасын талқылау. Сезімдерді билеу тәсілдерін талдаймыз.

Тақырып бойынша жұмыс:

Балалар өз орындарында отырады. Жүргізуші балалар жауап беруі қажет сұрақтарды оқиды және тақтаға жазады.

«Оқу пәндері» - бесінші сыныптың бағдарламасында бар пәндерді оқу және талқылау.

Балалар үш топқа бөлінеді.

Жаттығу «Біздің мұғалімдеріміздің аттары кім?»

Осы жаттығудың көмегімен әр түрлі пәндер бойынша қандай мұғалімдер сабақ беретіндігін еске түсіру қажет.

Жүргізуші пәнді және оны оқытатын мұғалімді атайды, ал балалар жылдамдыққа олардың әкелерінің аттарын атайды.

Жүргізуші пәнді атайды, ал балалар оқытатын мұғалімнің аты-жөнін атайды.

Жүргізуші тегін атайды, ал балалар атын, әкесінің атын және пәнді атайды.

Жаттығу : «Нағыз мұғалім, ол - ...»

Әрбір топ, адамның түрлі қасиеттері және мінез-қылықтары жазылған парақтарды алады. Олардың ішінде педагогтық қызметті іске асыруда өте маңызды орын алатындары да және бейтараптары да бар.

Әрбір топтың міндеті - нағыз мұғалімнің бойында болуы қажет қасиеттерді белгілеу. Барлық топтардағы тізім бірдей, бірақ олар әр түрлі сапаны таңдап алады. Жұмыс 5 минут бойы жүргізіледі. Содан кейін әрбір топ бір өкілді таңдайды. Ол тақтаның алдында тұрады, қалғандары орындарына отырады. Топтарды таңдаулары салыстырылынады.

Таңдап алған қасиеттері жазылған парақтар ватманда салынған парақтарға бекітіледі (болашақ гүлдің ).

Жаттығу «Біздің мұғалімдеріміз қандай?»

Балаларға олардың мұғалімдерінің сұхбат берулері жазылған ақпарат беріледі. Бұл жұмыстарда иесінің аты жазылмаған. Балалар қағаз парағын бір-біріне береді (олардың әрқайсысының қолында қағаз парағы болуы қажет).

Балалар мұғалімдердің жауаптарын оқиды және қалаулары бойынша қолдарын қояды. Содан кейін жапырақшаларды бір -біріне береді.

Одан әрі жапырақшалардан гүл жиналады.

Соңында біздің мектепте қандай мұғалімдер жұмыс істейтіндігі туралы қорытынды жасалынады.

Сабақтың талдауы

Үй тапсырмасы:

Өзінің және басқа балалардың бойында ұнайтын 5 қасиетті жаз. Сонымен қатар өзінің және басқа балалардың бойында ұнамайтын 5 қасиетті жаз.



© 2010-2022