Сабақ жоспары Құдіретті жер - ана

Раздел Школьному психологу
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысыСабақ жоспары Құдіретті жер - ана

Ақсу ауданы

«Қ.Мұқашев атындағы негізгі

орта мектебі м.д.ш.о »к.м.м

Педагог-психолог

Оспанова Гулим Молболдиновна

Еңбек өтілі 5 жыл

Мектеп:«Қ. Мұқашев атындағы орта мектеп, м.д.ш.о» к.м.м.

Тақырыбы: Құдіретті Жер- Ана

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Аянбай қызмет ету,татулық,азаматтық жауапкершілік;

Мұғалім:Г.М.Оспанова сыныбы 7 оқушылар саны 2

Сабақтың мақсаты :

Оқушылардың жер туралы ұғымын сүйіспеншілік құндылығы ретіндегі білімдерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері :

-жердің адам өміріндегі мәні, оның адамға тигізетін әсері туралы білім беру;

-жердің құндылық ретіндегі мәнін түсініп, сезіне білулерін дамыту;

-жерді сүюге, қадірлеп- қастерлеуге тәрбиелеу.

Ресурстар : Аудио жазбалар, кестелер фотосуреттер

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі : - Өзіңнің сүйікті оқушыларыңды «Өзін - өзі тану» сабағында көрген қандай ғанибет! Бүгінгі сабақта сіздермен қауышқаныма өте қуаныштымын.
Ендеше, біздер бір - бірімізге күлімсіреп, сәлемдесіп, сабағымызды бастайық.Көздеріңізді жаймен жұмып тыныштық сәтіне яғни нұрға бөленейік . Ыңғайланып отырыңыздар , денелеріңізді түзу ұстаңыздар .Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз . Қолыңызды тізеңізге немесе үстелдің үстіне қоюға болады .Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін .Елестетіп көріңіз : Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан . Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді . Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды , әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып , жүрегіңіздің қауызын ашты . Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде . Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз . Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп , сәуле шашуда . Қолымыз тек жақсы , ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі .Нұр аяқтарыңызға тарады . Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда . Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды .Одан әрі нұр сіздің аузыңызға , тіліңізге тарады .Тіліңіз тек шындықты және жақсы , ізгі сөздер ғана айтады . Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді .Нұр көздерімізге де жетті , көзіміз тек жақсыға қарап , бәрінен жақсылықты ғана көреді .Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп , басыңызға тек ізгі , сәулелі ой келеді .Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды , сіздің денеңізден шығып жан-жағыңызға сәуле шашады .Осы нұрды туысқандарыңызға , мұғалімдеріңізге , достарыңызға , таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей , ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттыңыз , олардың да жүрегі нұрға толсын . Осы нұр бүкіл әлемге : барлық адамдарға , жан-жануарларға ,өсімдіктерге , барлық тірі жанға таралсын ....Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз .Ойша айтыңыз : «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын». Осындай Нұр , Махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз ....Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз .Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде . Оны осындай қалыпта сақтаңыз . Жаймен көзіңізді ашуға болады.

-« Рахмет! Ал балалар кім не сезінді , ойларыңды ортаға салайық» .

5Т (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық,)

Ескерту

«Нұрға бөлену».

Мұғалімге арналған әдістемелік құрал

2. Үй тапсырмасын тексеру : 21- сабақ «Құдіретті жер - Ана» 97-бет

Жағымды ой-пікір: (дәйексөз)

-«Адамның су мен жер туралы ойлағаны- өзі туралы ойлағаны» деген ұлы жазушы Ш.Айтматовтың нақыл сөзін түсіндіру арқылыоқушылардың жер-ана мен адам өмірінің тығыз байланысы, жерді қадірлеп, қорғау әр адамның міндеті екені туралы пайымдаған ой-пікірлерін тереңдету.

7 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы 97 бет

Тақтаға дәйексөзді жазу

4.Жаңа сабақ :

- Сонымен бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз - Құдіретті Жер- Ана. Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді?

  • Ана мен Жердің қандай ұқсастығы бар?

  • «Жер» деген сөзді естігенде көз алдарыңа не келеді?

  • Бұл сөздің түрлі мағаналарын атағдар? (Жер- ғаламшарлар, жер- шөп, өсімдік, ағаш өсетін топырақ, зәулім үйлер салатын орын және т.б.)

  • Жазық жермен жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласың?

Әңгімелесу барысында балалардың назарын Жердің де Ана сияқты адамдарды қамқорлап, бойындағы нәрін беріп, мәпелеп өсіргендігіне назар аудару керек.

Сұрақтар бойынша әңгіме жүргізгенен кейін мұғалім оқушылардың ойларын тиянақтап, қортындылайды.

Оқиға айту: (әңгіме) Оқушыларға мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қытай философы Конфуцийдің Атамекен туралы аңызымен таныстыру.

Аңыз әңгімені оқытып, талдау барысында адамға туған жерін, Атамекенін қорғап қалу үшін қандай қасиеттер қажет екеніне назар аударту.

  • Өз елін, жерін қорғап қалған ерлер туралы қандай аңыз- әңгімелер білесің?

  • «Жер-қолқа жүрегің» деген сөзді қалай түсінесіңдер?







Оқулық

5.Шығармашылық :(топтық жұмыс)

Оқулықтағы А.Өтегеновтің «Сан түрлі әлем» атты толғанысын оқып, оқушылардың жер туралы түсініктерін кеңейту.

Дәптерде берілген тапсырманы орындау.

Оқушылардың үздік туындыларынан көрме ұйымдастыру.

Дәптер, қалам

6. Топпен ән айту : Қ. Мырза Әлінің сөзіне жазылған Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындаймыз.
(Балалар орнынан тұрып, «Атамекен» әнін орындайды.)
Атамекен
Сөзі: Қ. Мырза Әлі
Әні: Е. Хасанғалив
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен.

Үнтаспа

7. Үй тапсырмасы : «Қазақтың кең даласы - ай !» сөзі Ш.Сариевтікі әні Г.Дәукенованікі өлеңін жаттау. Соңғы тыныштық сәті . (музыкамен)(2минут)Тыныштық,тыныштық,тыныштық...бар елде.Тыныштық,тыныштық,тыныштық...бүкіл әлемде . Бүгін сендер сабақты өте жақсы оқыдыңдар ,жақсы ойлар айттыңдар , сол үшін , сендерге көп-көп рахмет айтамын .

7 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы 102-103 бет

8. Сабақтың қорытынды сәті : Жер. Жер-ана...

Адам мыңдаған жылдар бойы оны бағындырмақшы болып, қаншама қиянат жасап келеді. Біз өзінің есерсоқ баласын қажысай қамқорлап, нәр беріп келе жатқан, жаңа ұрпаққа өмір сыйлап отырған Жер-ананың жаратылысымен күресіп келе жатқандарды марапаттап келеміз. Антуан де Сент-Эксюпери

1.Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

2.Бүгінгі сабақтан не түйдік?



© 2010-2022