«Ерке бала кім үшін. .. » Баяндама

      Тәрбие барысында қарым-қатынасы бұзылмайтын үштік одағымыз бар. Олар-қоғам,отбасы,мектеп.Бұл үш ұғым бір-бірімен өрілген жіптей астасып жатыр. Сондықтан оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Отбасында алған тәрбие қоғамдық орында жалғасын табады. Әсіресе бала тәрбиесіне отбасында ерекше мән берілуі тиіс. Себебі, бала барлық жағдайда осы жастан бастап қалыптасады. Отбасында да, мектепте де бала тәрбиесіне көңіл бөлінеді.          Отбасындағы тәрбиеде ата-аналар қандай жағдайда өз балалары...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ерке бала кім үшін ...»

Мақсаты: Ата-аналарды бала тәрбиесіне көңіл бөліп, баланы жаман әдеттерден аулақ қылуға, ұлға - ұлдай, қызға - қыздай қарап, еркеліктен, жауапсыздықтан, қырсық, қиын мінезден сақтауға, талапты, еңбекқор азамат етіп өсіруге ықпал жасау, ой салу, тәжірибемен бөлісу.


«Баланың жақсысы -

ата-ананың абыройы, ары.

Жаманы - қайғысы, азап-соры."

В. Сухомлинский

Тәрбие барысында қарым-қатынасы бұзылмайтын үштік одағымыз бар. Олар-қоғам,отбасы,мектеп.Бұл үш ұғым бір-бірімен өрілген жіптей астасып жатыр. Сондықтан оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Отбасында алған тәрбие қоғамдық орында жалғасын табады. Әсіресе бала тәрбиесіне отбасында ерекше мән берілуі тиіс. Себебі, бала барлық жағдайда осы жастан бастап қалыптасады. Отбасында да, мектепте де бала тәрбиесіне көңіл бөлінеді.

Отбасындағы тәрбиеде ата-аналар қандай жағдайда өз балаларына тәрбие тағылымын бере алады, яғни күнделікті үйде балаға көңіл бөліп, жұмысын ұйымдастырып, кемшіліктеріне дер кезінде ескерту жасап, қадағалау үстінде болса онда балаларда жағымды мінез-құлық қалыптасады. Ондай отбасылары елімізде баршылық, осындай ата-аналарымыз үшін тек қуануға болады.

Баланың жақсы-жаман болуы ата-анаға байланысты. Отбасында ата-ана қандай үлгі-өнеге көрсетеді, осыны бала қайталайды.

Тәрбиеде отбасында неге сүйену керек? К.Д.Ушинский айтып кеткендей халықтық тәрбие, халықтық дәстүрге сүйену керек. Неге десеңіз, ғасырлар бойы қалыптасқан ата-аналар, әжелер тәрбиесі отбасының қалыптасуына үлкен көмегін тигізеді. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген бабалар өсиеті осының дәлелі. Бізге ешқандай артық дүниенің керегі жоқ. Тондай пішіп қойған халықтық дәстүрімізден сусындасақ жеткілікті.

Пікірталас

Алдарыңызда сұрақтар жазылған парақшалар жатыр.Оларды ашып өз ойыңызды айтып дәлелдеңіз.

1. Балаңызды еркелетесіз бе? Жалпы баланы еркелетуге көзқарасыңыз қалай? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

2. Баланы 5 жасқа дейін патшаңдай күт, жетіден он беске дейін құлдай жұмса, он бестен ер жеткенше досыңдай сырлас дегенге өз көзқарасыңыз қандай?

3. Сіздің балалық шағыңыз қандай болды? Өзіңіздің балаңыздың балалық шағына ұқсастық бар ма? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

4. Балаға тоқтау салу, ескерту айту, жазалау сияқты әдеттерге көзқарасыңыз. Осындай тәрбиені қолдайсыз ба, неге? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

5. Сіздің балаңыз өте ерке. Бір орында отырмайды. Мұғалімге сабақ беруге мүмкіндік бермеді. Қасындағы құрбыларына да маза бермейді. Үнемі осы әдет. Мұғалім сізге шағым жасады. Не істейсіз? Бұл неден туындайды?

6. Баланың отбасындағы еркелігі ол есейгенде оның мінезінің қалыптасуына кедергі келтіре ме? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

7. Баланы жақсы көру дегенді қалай түсінесіз? Дәлел.

8. Балаға ерік беру, оны еркіндікке жіберу дегенге қалай қарайсыз? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

9. Қазіргі жастардың отбасындағы тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? Не жетпейтін сияқты? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

10. Баланы заман тәрбиелей ме, әлде адам тәрбиелей ме? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

11. Қиқар бала, қиын бала қайдан шығады? Оған кім кінәлі? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

12. Ерке бала кім үшін керек? Мектепке ме, ата-анаға ма? Түйін сөзіңіз.

Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы. Баланы жастан бақпасаң жамандықтан қақпасаң қадірден жұрдай қасқа боп, кешкенің өмір босқа тек дегендей баланаң ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. «Баланың бас ұстазы - ата-анасы»демекші, «Ата -анаға көз қуаныш, алдына алған еркесі»- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы гүлденген үміт арманы тек перзент сүю оны тәрбиелеу екенін айтқан екен. Ендеше ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың бас үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.

Балаңызды еркелетесіз бе? Жалпы баланы еркелетуге көзқарасыңыз қалай? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

Баланы 5 жасқа дейін патшаңдай күт, бестен он беске дейін құлдай жұмса, он бестен ер жеткенше досыңдай сырлас дегенге өз көзқарасыңыз қандай?

Сіздің балалық шағыңыз қандай болды? Өзіңіздің балаңыздың балалық шағына ұқсастық бар ма? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

Балаға тоқтау салу, ескерту айту, жазалау сияқты әдеттерге көзқарасыңыз. Осындай тәрбиені қолдайсыз ба, неге? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

Мысалы, сіздің балаңыз өте ерке. Бір орында отырмайды. Мұғалімге сабақ беруге мүмкіндік бермеді. Қасындағы құрбыларына да маза бермейді. Үнемі осы әдет. Мұғалім сізге шағым жасады. Не істейсіз? Бұл неден туындайды?

Баланың отбасындағы еркелігі ол есейгенде оның мінезінің қалыптасуына кедергі келтіре ме? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

Баланы жақсы көру дегенді қалай түсінесіз? Дәлел.

Балаға ерік беру, оны еркіндікке жіберу дегенге қалай қарайсыз? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

Қазіргі жастардың отбасындағы тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? Не жетпейтін сияқты? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

Баланы заман тәрбиелей ме, әлде адам тәрбиелей ме? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

Қиқар бала, қиын бала қайдан шығады? Оған кім кінәлі? Пікіріңіз, дәлеліңіз.

Ерке бала кім үшін керек? Мектепке ме, ата-анаға ма? Түйін сөзіңіз.



© 2010-2022