Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Выявление и развитие творческого потенциала учащихся. Работа с одарёнными и талантливыми учащимися.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

Джумадилова Ардақ Қаратайқызы

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы

Summary. This articls tells about psychological appearance and types of work with talented children.

Keywords: talented children, intellect, talent

Қабілетті және дарынды балалармен жұмыс қоғамда, мемлекеттік деңгейдегі басым бағыттар санатында көрінеді. Қазақстан Республиканың «Білім туралы» Заңы міндеттердің бірі ретінде «тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, жеке тұлғаларды дамыту үшін жағдайлар жасау жолымен интеллектіні байыту» қарастырылады. Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту Концепциясының материалдары «баланың қабілеті мен талантының тек өзі үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы қоғам үшін де» толығымен ашылу маңыздылығын анықтайды.

Қазіргі кезде балалардың дарындылығын арттыру мен оны қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі, өйткені дарынды балаларды оқытып, ерекше көңіл бөліп, тәрбиелеу, біздің мемлекетіміз үшін болашаққа талпынған қоғамымыз үшін аса қажет.

Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарайғы дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.

«Дарынды бала» түсінігінің теориялық және практикалық кеңеюіне және әртүрлі топтардың ішінен дарынды және таланты балаларды анықтау проблемасына байланысты, дәстүрлі түрде қолданылатын жас дарындарды анықтау әдістемесінің жаңарттыру қажеттілігі ерекше.

Қабілетті және дарынды балалармен жұмыс стратегиясын құру педагогтарға көмек ретінде әдістемелік материалдар мен төмендегі мәселелер бойынша теориялық және практикалық материалдар арқылы жүзеге асырылады:

Дарындылықтың басты ерекшеліктері:

  • Ерекше зейінділік;

  • Жинақтылық;

  • Күрделі ақыл-ой жұмысына әрқашан дайын тұрады;

  • Еңбекке жұмылушылығы.

  • Ойлау белсенділігі аса тұрақты.

  • Дарынды балалардың адамгершілік дамуы, қабылдауы, өзіндік танымы өте нәзік.

  • Қиялдары кең.

  • Көтеріңкі көңіл күйді, жағымды психологиялық ахуалды жақсы көреді.

  • Кішкене кезде шыдамсыз болады.

  • Әділетсіздікті көтермейді , өзіне және қоршаған адамдарға талап қоя біледі.

Дарынды балаларды анықтаудың мына жүйелері арқылы жүзеге асырылады.

- Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыруда негізгі міндет дарындылықтың типін, түрін, деңгейін және т.б. анықтап, қабілеттер мен талантылықтың толық ашылуына жағдай жасау.

- Дарынды балаларды ашу нақты баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс, дарындылықты қандай да бір әдіс көмегімен мысалы, тестілеу арқылы мүмкін емес болғандықтан оларды оқыту және тәрбиелеу процесінде біртіндеп кезеңмен іздестіру қажет;

- Балалардағы дарындылықты анықтау мәселесі нақты көрінетін этикалық аспектіге ие.

Осы тұрғыдан дарынды оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің даму деңгейін кешенді психодиагностикалық зерттеулер жүргіземіз.

Зияткерлік қабілеттің даму деңгейінің диагностикасы

Шығармашылық қабілетінің дамыту деңгейін анықтау

Тұлғаның кәсіби бағыту зерттеу

Тұлғаның түрін, темперамент типін анықтау

Кеттеллдің мәдени-тәуелсіз тесті (IQ); Равеннің прогрессивті матрицалары; Мектептік ақыл-ойды дамыту тесті (ШТУР); Медник тесті (сөздік); Г.Айзенк тесттері;

Математикалық интеллект тесті; Практикалық интеллект тесті; Визуалдық интеллект тесті;

Е.П.Торренстің бейнелік- креативтілікті анықтау әдістемесі; Роршах әдістемесі;

Г.Дэвисудің шығармашылық сауалнамасы.

Е.А.Климовтың дифференциалды-диагностикалық сауалнамсы; Е.А.Голмштоктың қызығушылық -танымдық картасы.

И.А.Йовайшидің бейімділік сауалнамасы

Дж.Голланд әдістемесі; А.Тимченко, В.Б.Шапарь әдістемесі; Жеке тұлғаны анықтаудағы

көпфакторлы Кеттелл сауалнамасы;

Шмишек сауалнамасы;

Психодиагностикалық ақпаратты пайдалана отырып және оны дамыту бағдарламасының заңдылықтары туралы теориялық мәліметтермен салыстыра отырып, дарынды балаларды дамыту жұмыстарының бағдарламасы жасалынды. Ол, біріншіден, төмендегі мәселелерге көңіл аудара отырып іске асыру міндеттеледі.

  • Баланың өзіндік танымдық және өмірлік тәжірибе алу мүмкіндігін беру;

  • Өсуіне және жетілуіне жағдай жасау;

  • Өз ісінің субьектісі болу мүмкіндігін беру, жеке танымдық тәжірибесін дамыту.

Дарынды балаларға қолдау көрсетуде ең алдымен оқушылардың сынып ішінде психо-эмоционалды климатты қалыптастыру; психологиялық қызмет қолдауы (психологиялық тұрғыда денсаулығын бақылау, консультация; профилактика, тренинг, қабілетіне қарай іс-шаралар ұйымдастыру, ақпараттандыру, жинақтау, тарату т.б.

Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдермен ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіруге тікелей байланысты. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселелері жан-жақты зерттелуде. Бірақ қабілеттерді зерттеуде, оның биологиялық негізі нышанның қабілетке айналау механизмдері әлі күнге жауабын таппаған. Сонымен қатар дарындылықты балалардың тұлғалық ерекшеліктері мен олармен жұмыс жасау жолдары толық зерттелмеген мәселелердің бірі болып табылады. Дарынды балалардың жалпы қабілеттерін дамыту жолдары мынадай жүйелер негізінде жүзеге асырамыз:

  • Туа біткен қасиетін дамыту.

  • Ата-ана отбасының қолдауы.

  • Оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас .

  • Ұстаз біліктілігі, мектептегі оқыту мен тәрбиелеу деңгейі.

  • Психологиялық қолдау.

Дамыту қызметі (дамыту тренингтерінің бағдарламасы мен мазмұны)- дарынды балалардың жан-жақты мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін дамытуға жағдай жасайды.

Бүгінгі таңда дарындылықты дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері жасалып, психологиялық қолайлы жағдайлар тудырып отырса, тамаша кәсіби ұстазы болса, кез-келген ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Ал, дарынды ұрпақ - ел ертеңі екенін үнемі жадымызда ұстайық. Дарынды оқушы - бұл қандайда бір іс-әрекет түрінде ерекше жетістіктерімен көзге түскен бала. Дарындылықты зерттеу аймағындағы көрнекті ғалым Н.С.Лейтес, бұл мәселеге әр түрлі көзқарастарды қарастыра отырып, келесідей түрлерге бөліп көрсетті:

- «IQ» көрсеткіштері жоғары балалар;

- Іс-әрекеттің қандай да бір түрінде жетістікке жеткен балалар;

- Жоғары креативті балалар.

Қабілетті балалардың интеллектуалды және тұлғалық дамуларының ерекшеліктері жоғары танымдық талаптарды қанағаттандыру үшін оқу пәндерінің мазмұндарын кеңейтуді талап етеді. Сонымен қатар, дамыта оқыту технологиясына сәйкес теориялық ұғымдар негізінде мазмұнды құру оқушылардың теориялық ойлауларын дамытуға көмектеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына жолдауы; // «Дала мен қала» газеті-2011жыл-31,қаңтар-4 бет

  2. Симанова И.Г, Программа работы психолога с одареннным детьми// Психологияческая сопровождение одаренных детей, сборник праграммм «Дарын» Астана-2007-179 бет

  3. Эрика Ландау, Одаренность требует мужества. Психологическое сопровождение одаренного ребенка,-Москва:ACADEMIA-2002

  4. Юркевич В.С, Одаренный ребенок: иллюзии и реалность, -Москва: «Просвещение»-1996



© 2010-2022