Ашық сабақ. Мұқағали Мақатаев «Барлығы да сендердікі»

Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Барлығы да сендердікі» Сабақтың мақсаты: Білімділік – оқушыларды ақын өлеңдерін сүйе білуге, өлеңдерінің мазмұнын терең ұғына білуге үйрету; Дамытушылық – сөйлеу тілдерін жетілдіру, өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу, сүйсіне білу сезімдерін ояту, талдаулар жасай білу, оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру; Тәрбиелік – оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, өз ұлтын, елін жерін, отбасын сүюге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: қосымша материал, портрет, қанатты сөздер, бүктеме. Сабақтың әдісі: ой қозғау, мағынаны тану, топтық жұмыс, сөздік жұмыс, әңгімелесу, сұрақ-жауап. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих. Сабақтың барысы. 1.     Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру, оқушыларды топтарға бөлу. Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны бар үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді. Сондай таланттардың бірі, поэзия әлемінің асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев. Мұқағали Мақатаев - өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген, қазақтың қара өлеңінің құдіретіне, терең сырына қаныққан ақын. Сөз құдіретінің мән - мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелейтін ақын. 2.     Үй тапсырмасын сұрау: «Фантазия», «Мен таулықпын» өлеңдері. А) Поэзия минуты Өлеңдерді жатқа сұрау Ә) Сұрақтарға жауап алу. 1)    Мұқағали кім, қай жылы дүниеге келген? 2)    Мұқағали неше жасынан өлең жаза бастаған? 3)    Мұқағали елін, жерін, туған халқын шексіз жақсы көретінін  қалай дәлелдеді? 4)    Тау ұлында қандай қасиеттер болу керек? 5)    «Фантазия» өлеңінде ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырады? Б) «Сіз білесіз бе?» айдары. (Қосымша мәлімет береді) Мұқағали (топтастыру) -         Міне, балалар, сендер ақиық ақын М.Мақатаев туралы қаншалықты ізденіп келгендеріңді, білімдеріңді көрсетіп отырсыңдар. Ендеше, бүгін біз ақынның «Барлығы да сендердікі» өлеңін мәнерлеп оқи отырып, мазмұнына талдау жасаймыз. 3.     Мағынаны таны. Ой қозғау. «Ақиық» деген сөз қандай мағынаны білдіреді? Оқушылардың жауабы: Ақиық сөзіне талдау жасату. Ақиық – бүркіт туысына жататын қыран құс. Ауыспалы мағынада асып тұрған дарын иесі, зерек адамды білдіреді. -         Міне, балалар, Мұқағали ақынды «Ақиық ақын» деп айтуымыздың өзіндік себебі де бар екен.  Мұқағали атамыз тірі болса, биыл 83 жасқа толар еді, бірақ ол кісі ортамызда жоқ. Ақынның өзі өлгенмен, өлеңдері ешқашан өлмейді Сұрақтар қою: 1.     Бұл өлеңде ақын не туралы айтуы мүмкін? 2.     «Барлығы» деп ақын нені меңзеп тұр? Барлығы дегеніміз – ата-бабамыздан қалған жер, байлық, заман, өмір, қала, дүние, тіл, әдет-ғұрып. Ә) Әдебиет үйірмесі. Баяндаушы. ·        Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұндайды. ·        Ізденуші сөздердің мағынасын ашады. Сұрақ қоюшы. Суретші. Сөздік жұмысы. Мұра-ата-бабадан, әке-шешеден балаға қалған  дүние-мүлік, мирас. Қазына-түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік, материалдық байлық, қазба байлық. (Оқушылардан жеті қазына туралы сұрау) Баба-арғы ата, ұлы ата. Қарт адамды қадір тұтып, құрметтеу мағынасында айтылатын ишарат сөз. Үлес – сыбаға, тиесілі. Үлес қосты – пайда келтірді, дамытты. 5.Проблемалық сұрақ. «Болашақты жалғау үшін қандай үлес қосасыңдар?» Сергіту сәті: «Есіңе мені алғайсың» әні. 6.Өлеңді талдау. Бұл өлең бір шумақты, төрт тармақты, үш бунақты, он бір буынды қара өлең ұйқасы. 7.Шығармашылық жұмыс. «Барлығы да біздікі», «Ақын аманаты» деген тақырыптарда өлең шығарту. Ой толғаныс. Нақты, дәл бір сөйлемнен ғана өлеңге түйін, тұжырым жасайды. Бекіту сұрақтарын қою 1.     Өлең кімдерге арналып айтылған? 2.     Ақын өлеңдерінде нелерді мұра етіп ұсынып отыр? 3.     Ақын болашаққа қандай сенім артады? 8.Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау. Шығарма жазу. 9.Бағалау 10.Қорытындылау. Поэзия әлеміне самғадың, Әділетті көксеуден еш қалмадың Ақынның ақиығы атанып, Ел ауызында мәңгі қалды жазғаның.   М–Мұқағалидың Ұ–ұрпаққа Қ–қалдырған А–аманатын Ғ–ғасырлар А–арнасына Л–лайық деп И–иіліп , бас иеміз.
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Барлығы да сендердікі»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік - оқушыларды ақын өлеңдерін сүйе білуге, өлеңдерінің мазмұнын терең ұғына білуге үйрету;

Дамытушылық - сөйлеу тілдерін жетілдіру, өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу, сүйсіне білу сезімдерін ояту, талдаулар жасай білу, оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру;
Тәрбиелік - оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, өз ұлтын, елін жерін, отбасын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қосымша материал, портрет, қанатты сөздер, бүктеме.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, мағынаны тану, топтық жұмыс, сөздік жұмыс, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың мақсатымен таныстыру, оқушыларды топтарға бөлу.

Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны бар үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді. Сондай таланттардың бірі, поэзия әлемінің асқар шыңы - Мұқағали Мақатаев.

Мұқағали Мақатаев - өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген, қазақтың қара өлеңінің құдіретіне, терең сырына қаныққан ақын. Сөз құдіретінің мән - мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелейтін ақын.

  1. Үй тапсырмасын сұрау:

«Фантазия», «Мен таулықпын» өлеңдері.

А) Поэзия минуты

Өлеңдерді жатқа сұрау

Ә) Сұрақтарға жауап алу.

  1. Мұқағали кім, қай жылы дүниеге келген?

  2. Мұқағали неше жасынан өлең жаза бастаған?

  3. Мұқағали елін, жерін, туған халқын шексіз жақсы көретінін қалай дәлелдеді?

  4. Тау ұлында қандай қасиеттер болу керек?

  5. «Фантазия» өлеңінде ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырады?

Б) «Сіз білесіз бе?» айдары.

(Қосымша мәлімет береді)

Мұқағали (топтастыру)

  • Міне, балалар, сендер ақиық ақын М.Мақатаев туралы қаншалықты ізденіп келгендеріңді, білімдеріңді көрсетіп отырсыңдар. Ендеше, бүгін біз ақынның «Барлығы да сендердікі» өлеңін мәнерлеп оқи отырып, мазмұнына талдау жасаймыз.

  1. Мағынаны таны.

Ой қозғау.

«Ақиық» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

Оқушылардың жауабы:

Ақиық сөзіне талдау жасату.

Ақиық - бүркіт туысына жататын қыран құс. Ауыспалы мағынада асып тұрған дарын иесі, зерек адамды білдіреді.

  • Міне, балалар, Мұқағали ақынды «Ақиық ақын» деп айтуымыздың өзіндік себебі де бар екен. Мұқағали атамыз тірі болса, биыл 83 жасқа толар еді, бірақ ол кісі ортамызда жоқ. Ақынның өзі өлгенмен, өлеңдері ешқашан өлмейді

Сұрақтар қою:

  1. Бұл өлеңде ақын не туралы айтуы мүмкін?

  2. «Барлығы» деп ақын нені меңзеп тұр?

Барлығы дегеніміз - ата-бабамыздан қалған жер, байлық, заман, өмір, қала, дүние, тіл, әдет-ғұрып.

Ә) Әдебиет үйірмесі.

Баяндаушы.

  • Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұндайды.

  • Ізденуші сөздердің мағынасын ашады.

Сұрақ қоюшы.

Суретші.

Сөздік жұмысы.

Мұра-ата-бабадан, әке-шешеден балаға қалған дүние-мүлік, мирас.

Қазына-түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік, материалдық байлық, қазба байлық.

(Оқушылардан жеті қазына туралы сұрау)

Баба-арғы ата, ұлы ата. Қарт адамды қадір тұтып, құрметтеу мағынасында айтылатын ишарат сөз.

Үлес - сыбаға, тиесілі.

Үлес қосты - пайда келтірді, дамытты.

5.Проблемалық сұрақ.

«Болашақты жалғау үшін қандай үлес қосасыңдар?»

Сергіту сәті: «Есіңе мені алғайсың» әні.

6.Өлеңді талдау.

Бұл өлең бір шумақты, төрт тармақты, үш бунақты, он бір буынды қара өлең ұйқасы.

7.Шығармашылық жұмыс.

«Барлығы да біздікі», «Ақын аманаты» деген тақырыптарда өлең шығарту.

Ой толғаныс.

Нақты, дәл бір сөйлемнен ғана өлеңге түйін, тұжырым жасайды.

Бекіту сұрақтарын қою

  1. Өлең кімдерге арналып айтылған?

  2. Ақын өлеңдерінде нелерді мұра етіп ұсынып отыр?

  3. Ақын болашаққа қандай сенім артады?

8.Үйге тапсырма беру.

Өлеңді жаттау.

Шығарма жазу.

9.Бағалау

10.Қорытындылау.

Поэзия әлеміне самғадың,

Әділетті көксеуден еш қалмадың

Ақынның ақиығы атанып,

Ел ауызында мәңгі қалды жазғаның.

М-Мұқағалидың
Ұ-ұрпаққа
Қ-қалдырған
А-аманатын
Ғ-ғасырлар
А-арнасына
Л-лайық деп
И-иіліп , бас иеміз.

© 2010-2022