Еліктеу сөздер сабақ жоспары 6-сынып

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 6 «Б»

Күні: 4 наурыз

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөз туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға еліктеу сөз туралы түсінік беру, мағынасын ашу;

2.Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: ауызекі сөйлеу кезінде мәдениеттілікті сақтауға, сабақ барысында бірінің сөзін бірі бөлмей сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, дүниетану, сурет

Көрінекіліктер:

Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең.(3 мин)

1) Оқушыларды түгендеу

2) Үй тапсырмасы. 294-жаттығу. Мәтіндегі үстеулерді тіркескен сөзімен бірге теріп жазу. Үстеудің қай түрі екенін анықтау. Жаттығу жұмысын оқу барысында өткен тақырып үстеудің емлесін де сұрақтармен беріп отыру. Енді тым-тырыс болды-мезгіл үстеуі. Кейіннен келе жатқан-мекен үстеуі. Артына қарады-мекен үстеуі. Жан-жағына қарап тұрды-мекен үстеуі. Жалғыз қашыпты-сын-қимыл үстеуі. Таңертең ерте түскен екен-мезгіл үстеу. Үстінде келе жатып-мекен үстеу. Лезде тыпырлағандай-сын-қимыл үстеуі. (10 мин)

ІІ. Жаңа тақырып өту. Еліктеу сөздер туралы түсінік. (10 мин)

Суреттер мен мысалдар арқылы еліктеу сөздің не екені туралы түсінік беру. 1-сурет. Қыс мезгілінде тоңып тұрған бала. Дір-дір ету. Есіктің суреті. Тарс-тарс етті. Күліп отырған бала. Ыржың-ыржың немесе жыртың-жыртың. Адамның жүрегінің суреті. Лүп-лүп ету. Қорыққан кезде зу ете қалды. Аюдың суреті-қорбаң-қорбаң.

Мысалдардан көргендей еліктеу сөздер табиғаттағы әр түрлі құбылыыстардың дыбысытарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер. Ереже жатталып, кітап жауып сұралынады.

Жаттығу жұмыстары. 297-жаттығу.

Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын көрсету керек. Зу-зу ете қалды. Күмп-күмп бердім. Дүр-дүр етіп ұшқан. Селк-селк ете түсесің. Бұлт-бұлт-бұлт-бұлт етіп қаша соғысады. Жарқ-жұрқ-жарқ-жұрқ етіп.

«Сергіту сәті». Құрамында еліктеу сөздер қатысқан жұмбақтар оқылады. еліктеу сөздерді атап, жұмбақтың шешімін табу керек.

1.Қалқиған ұзын құлағы,

Дір-дір етіп тұрады.

(қоян)

2.Тарпаң-тарпаң тарбиған,

Сауыт киіп жарбиған.

(Тасбақа)

3.Көк көйлекті жеңешем,

Желмен ұшып кетеді.

(түтін)

4.Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен.

(су)

5. Аяғы-біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

(қаламсап)

ІІІ. Қорытындылау.

1.Жаңа сабақты бекітіп, ереже сұрау

2.Үйге тапсырма беру. 298-жаттығу. Абайдың өлеңдерінен берілген үзінділерден еліктеу сөздерді тауып, олардың білдіріп тұрған мағынасын көрсетіңдер.

3.Оқушыларды бағалау


© 2010-2022