Қазақ әдебиеті пәнінен әдеби-сазды кеш

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы, ақын, публицист, сыншы, драматург Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Өлең, жырларын, әндерін орындау.
Әуен ойнап тұрады.
1-жүргізуші:
- Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, оқушылар!
Бүгін біз Қадыр Мырзалиевтің 80 жылдығына арналған 2деби-сазды кешке жиналып отырмыз. Қазақстанның халық жазушысы, Қаза0станны4 халы0 жазушысы, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұран мәтінінің авторларының бірі, ақын, жазушы, публицист, сыншы, драматург Қадыр Мырзалиев шығармашылығына арналған әдеби кешімізге қош келдіңіздер!


Слайд «Өресі биік,талант иесі-Қадыр Мырза Әлі»

Қазылар алқасымен таныстырып өтелік: : «Өресі биік, талант иесі-Қадыр Мырза Әлі»
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың жазушысы

1.

2.

3.

2-жүргізуші: Ақын өз өмірі жайлы өлең жолдарымен былай деген екен:
Бәрін тез-тез болады деп кім күткен!
Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен.
Мырза Әлінің
Үміт артқан өлгенше
Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен.
Жүз демеймін-
Түсінеді жөнді ұққан
Жалғыз едім мен бір ірі сомдықтан.
Жалғыз едім өспей қойған атадан,
Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!
Өлең жаздым тоғыз тарау ,
Жеті өрім.
1-жүргізуші:
1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балаларға арналған «Балдырған» журналында әдеби қызметкер болып бастаған.
1958-1967 жылдары «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі, «Балауса» баспасының редакторы қызметтерін атқарды. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған. Өлеңдері көптеген шетел тілдерін аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.

«Атамекен» әні 1970 жылы дүниеге келеді Ескендір Хасанғалиев шетелдік сапарда жүрген кезде, елді сағынып, туған өлке атамекен туралы ән жазуды қолға алды. Ән дайын болғаннан кейін Ескендір Хасанғалиев әннің сөзін жазуды ақын Қадыр Мырза Әлиге тапсырды.
Қазақ әдебиетінің аса көрнекті Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әли 77 жасқа қараған шағында 22 қаңтар күні өмірден өтті.



2-жүргізуші : Қадыр- ұлтын шексіз сүйген ақын, оның ұлтына, қазағына деген мақтан сезімін ақынның кез келген өлеңінен көруге болады.
Ортаға ақынның өлеңдерін жатқа оқитын (мәнерлеп оқу) оқушыларды шақырамыз:

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Шығармасы

Қорытынды баға

1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


11


12


13


14


15


16


2- жүргізуші:

Мәңгі-бақи сақтар болсын ел есте:
Қасіретті жеңу керек егесте.
Бақытсызбын деуші болма, жігітім,
Жастығыңның өзі бақыт емес пе?
Мәңгі-бақи сақтар болсын ел есте:
Жоқшылықты жеңу керек егесте.
Жарлымын ғой деуші болма, жігітім,
Жастығыңның өзі байлық емес пе?!
Мәңгі-бақи сақтар болсын ел есте:
Қиындықты жеңу керек егесте.
Абырой жоқ деуші болма, жігітім,
Жастығыңның өзі абырой емес пе?!
Өмір бастан өткерместі өткерген:
Өлім көрген, майдан көрген, от көрген
Саған, жігіт, алмас жүзді жастықты-
Бәрін, бәрін... жеңіп алсын деп берген!

Ән:

1.

2.

3.орындайтын С.Ақжол

Сөз кезегін қазылар алқасына береміз!
1- жүргізуші
«Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі», -деп белгілі жазушы, мемлекеттік, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев тегін айтпаған. Шынында Қадыр Мырза Әлі өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі.

Қазақ халқының көрнекті жазушысы Қадыр Мыза Әлидің шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш осымен аяқталды.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ





«Өресі биік,талант иесі-

Қадыр Мырза Әлі»

(әдеби-сазды кеш)












Дайындаған: Ш.М. Кондудаева
















2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022