Қоршаған ортамен таныстыру оқу іс-әрекет Көктем келді

Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды .көктем күн мен түннің теңесуінен басталады. Күн мен түн уақыттарының теңесуі көбінесе наурыздың 20-сына келеді Қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесі бойынша жыл басы Көктемде 22 наурыздан, табиғаттың жандануымен басталады. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жы...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әулиекөл ауданының әкімдігінің «Айгөлек»

Әулиекөл балабақшасы МКҚК

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


2-ші кіші тобы Тәрбиешісі Нашен Г.С

Білім беру саласы: Таным, Қатынас

Кіші сала: Қоршаған ортамен таныстыру, Көркем әдебит

Тақырыбы: Көктем келді

Мақсаты: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлардағы өзгерістерді бақылап ажырата білуге үйрету, үлкендердің еңбегін бақылау арқылы еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: құстардың, гүлдердің суреттері;

Билингвалдық компонент: көктем-весна

Қызмет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ынталандыру-оятушы кезең.


Тосын сый:

Шаттық шеңбер

Шаттық шеңбер құрып,

бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.

-Бүгін бізге қонаққа апайлар келіп жатыр, барлығымыз амандасайық.

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз!

Иіліп сәлем береміз,

Қайырлы күн, қайырлы таң!

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай-салаға ағады,

Бүршік шашып, жапырақ ашып

Гүл бәйшешек басады

Ал, балалар айтыңдаршы

Бұл қай мезгілде болады?

-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде « Көктем келді» деген тақырыпты өтеміз.

Көктемде күн қандай болады?

Қар еріп , күн жылынып, жылғалардан су ағады, бұтақтар бүршік жарып, жер көктейді, кейбір аңдар ұйқыдан оянады, малдар төлдейді, құстар ұшып келеді. Балалар көктем туралы кім тақпақтар біледі.

Көктем туралы тақпақтар ойтып берейік

Көктем келді, құс келді,

Күн ұзын, түн қысқа енді.

Көктем келді су ақты,

Күннің көзі шуақты

Көктем келді, гүл өсті.

Көбелектер гүлесті,

Көктем келді, көл үсті

Көңіліміз келісті.

Есік қағылып хат әкеледі.

Хат: Маған сендердің көмектерің керек. Мен түсімде әдемі аланқай көрдім, онда өте көп гүлдер болды. Маған сондай аланқай жасап беріңдерші. Аю

Балалар көмек береміз бе?

Қазір біз орманға саяхатқа шығамыз.

Жолда жылға (ручей) кездеседі. Оны төмпішіктерден секіріп өтейік, аяғымыз су болмасын.

Міне орманғада келдік.

-Балалар мынау ненің дауысы тыңдайықшы? Қандай құстарды білесіңдер, атаңдаршы суреттерді көрсету

Қарға , торғай, сауысқан, көгершін.

Ұзақ, қараторғай, қарлығаш ұшып келіп жатыр.

Құстарды қалай қарсы аламыз?

Жолымызды жалғастырайық.

Қараңдар, алаңқай. Көктемде қандай гүл шығады?

Жарайсыңдар. Қараңдар аюдың апанына да жеттік.

Аю қарсы алады.Амандасады.

Тақпақ аюға арнайды

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

А деді, Б деді,

Р-ға тілі келмеді

- Сендер маған гүлді алаңқай жасауға келдіңдер ме?

Біз саған бақабақ гүлін жасап берейік. Тәрбиеші көрсетеді. Біздің алдымызда гүлдің жапырағымен сабағы бар. Қағаз орамалды алып умаждап, қолымыздың жылуымен оны айналдырып гүлді жасаймыз.

Саусақты жаттығу

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы - қ ырлы жерлермен.

Ытқып-ытқып жүгірді

Балалар жұмысқа кіріседі, көмек беру. Гүлді аюға сыйлайды. Аю сыйлық береді.

Топка қайтатын уақыт болды. Төмпішіктермен қайту.

Балалар, біз сендермен оқу іс-әрекетімізді «Көктем» әнімен аяқтайық.

Жұмбақ шешеді


көктемде

Жылы болады.



Ержан


Аймира



Көмек беруге келіседі.



құстардың дауысы


ұя жасап қарсы аламыз

Бәйшешек

қызғалдақ

балалар амандасады

ия

Ильяс

Мұқият тыңдап, бақылайды


Қимылдарды сөздерге байланыстырып жасау

Алаңқай жасайды


Әнді орындайды

Күтілетін нәтиже:


БІЛУ КЕРЕК: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды

БОЛУЫ КЕРЕК: табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу

ІСТЕЙ БІЛУІ КЕРЕК: өсімдіктер мен жануарлардағы өзгерістерді бақылап ажырата білу

© 2010-2022