Менің Қазақстаным – менің болашағым

Білім күніне арналған сабақтың жоспары Тақырыбы: Менің Қазақстаным – менің болашағым. Сабақтың мақсаты: 1) Оқушының елін сүюге , өз елін мақтаныш етуге үйрету, Қазақстанның жарқын болашағы барын ұғындыру, ұлттық намысқа, достықты нығайтуға тәрбиелеу. 2) Балалардың бүгіннен бастап оқушы екендіктерін ұғындыру , мектепке деген қызығушылықтарын арттыру , оқуға ынталандыру. Көрнекі құралдар: қоңыраудың суреті , еліміздің рәміздерінің плакаты, суреттер, буклет, білім туралы нақыл сөздер. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушыларды алғаш рет мектеп табалдырығын атауларымен құттықтап , жақсы оқуларына тілек білдіру. б) ата –аналарды балаларының мектеп табалдырығын аттауларымен құттықтау. 2 Кіріспе. (Оқушыларға сұрақтар қойып, жауап алу) -Сен қай елде тұрасың? -Сенің ұлтың кім? -Еліміздің президенті кім? -Әнұранды білесіңдер ме? -Еліміздің туы қандай? -Сен қай тілде оқитын боласың? -Саған мектеп ұнай ма? -Мектепке не үшін келеміз? 2 «Мектеп –анаң бүгіннен, Мектеп-алтын босағаң Мектеп берген біліммен, Марқаясың, жас ұлан!» -демекші, мектепке дайын болсаңдар, сендердің дайындықтарынды көрейін, жұмбақтар шешіп көрейік. а) Өзі сөйлей білмейді, Жүрген ізі сөйлейді. (қалам) б) Ортасында шегесі, Жіп-жіңішке денесі (қарындаш) в) Бірге бастап жол басын Бірге оқуға барасың. Жүреді оның ішінде Кітап, қалам, дәптерің. (портфель) г) Ол-сыныптың анасы Өзінің де, өзгенің баласы- оның баласы Ол кім? (Мұғалім) 3)Халқымыздың анасы, Атасы- ол, данасы, көз жетпеске көсілген Қазақстан жері туралы әңгімелеу, Қазақстанның болашағы туралы әңгімелеу. Еліміздің туы, елтаңбасы, әнұраны туралы әңгімелеп, түсіндіріп, плакаттан көрсету. Біз қазақ екенімізге, Қазақстан да туып, тұрып жатқанымызға мақтан етеміз, қазақ тілінде білім алып, қазақша сөйлеуіміз керек екенін естен шығармай, қазақ тілін құрметтеуіміз керек екенің әңгімелеу. (Үзінді оқу ) Қазақша оқыт балаңды! (Әбілғазы Қайырбеков) Қаншама шарла ғаламды, Қаншама шарла далаңды, Қандастар, қапы қалмаңдар, Қазақша оқыт балаңды! Еліңнің ойла ертеңін, Қазақша оқыт балаңды! Әлемге атың таралды, Әуелгі даңқын оралды Қосады қуат Әнұран, Қазақша оқыт балаңды! 4) «Қайырлы болсын , қарағым, Білімге қадам басқаның Сөмке артып арқаңа, Білім жолын ашқаның» -деп құттықтай келе, балалар нағыз бақытты оқушылар екенін, таза, әдемі мектептің оқушысы екенін , Қазақстанның өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосу үшін білім ашу керектігін айтып, қорытындылау.
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтын тақырыбы: Еліміздің Ата Заңы

Сабақтың мақсаты: 1. Балаларға Ата заңы, Отан туралы түсінікті кеңейту.

2. Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, білімдерін дамыту.

3. Балаларды өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдістері: Әнұран орындау, әңгімелесу, ойын, өлең оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер суреттері, Н.Назарбаевтың портреті.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Қазақстан - туған елім, байтағым,

Қашан үнім таусылғанша айтамын,

Қарсы аламын Әнұранымен әуелеп,

Қазағымның алатын арай, әр таңын!

Бүгінгі алғашқы сабағымыздың тақырыбы: «Еліміздің Ата Заңы».

Ата Заңы туралы не білесіздер? Бұл қандай заң? (Балалар өз білгендерін айтады).

Ата Заңым!

Арман әнім!

Сенен асқан бар ма бағым!

Жалғыз саған байланысты

Елімде еркін самғағаным.

Ата Заңым!

Бар мұратым,

Жалғыз кие жанды ұғатын.

Жаңсақ бассаң жолға салып,

Тәубаңды еске алдыратын.

Сергіту сәті: «Ойлан да, тап».

Бұл ойында мен сендерге сұрақ қоямын. Сұраққа жауапты білетін оқушы қол көтереді. Дұрыс, әрі бірнеше сұраққа жауап берген балаға ұпай беріледі.

1. Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).

2. Қазақстан Республикасының Астанасы қай қала? (Астана).

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерге не жатады? (Әнұран, ту, елтаңба).

4. Ата Заңы қай күні, жылы қабылданды? (1991 жыл 30 тамыз).

5. Ал, Тәуелсіздік күні қай күні және жылы қабылданды? (1991 жыл 16 желтоқсан).

- Балалар, өте жақсы!

- Балалар Елтаңба авторларын білесіңдер ме, атап өтіңіздерші? (Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

- Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым қалай аталады? (Президент).

- Өте жақсы, Президентіміз қашан сайланды? (1991 жылы 1 желтоқсан)

Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

Ел тірегі- қайратым,

Абыройым, айбатым!

Отан даңқын асырдың,

Көк туымды жайнатып.

Бағымызға жүр аман,

Нұр сәулетті, Нұр аға!

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен ал арманы өрілген.

Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен!

«Ойды аяқта» мақал -мәтелдер айтудан жарыс.

«Сөзжұмбақ » шешу.

Ойын «Кім білгіш»

-Құқықтарды ата.

-Міндеттерінді ата.

-Ата Заңымыз қашан қабылданды?

-Заңды кім шығарды?

-Сот деген не?

Егер мен....

Әр топтағы балалар берілген сөйлемдегі ойды аяқтайды.

-Егер мен досымның көңілін қалдырсам, онда... .

-Егер мен жаман баға алып қалсам, онда... .

-Егер мен мектептін терезесін сындырып алсам, онда... .

-Егер мен сабаққа дайындықсыз келсем, онда... .

-Егер мен кітабімді жыртып алсам, онда... .

Жағдаяттар.Балалардың пікірін тыңдағаннан кейін ата-аналардың кеңесі тыңдалады.

-Сыныпқа кірсең,сенің сыныптасың біреудің сөмкесін ақтарып жатыр. Сен не істейсің?

-Көршіміздің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбекөз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?

-Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін өтірік айтып мұғалімді алдады.Сенің әрекетің?

-Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап-ойнап, тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем «Сен сараңсың аяншақсың» дейді.Мен не істеуім керек?

Қорытынды. Бүгінгі пікір талас-сайысымыздан қандай әсер алдыңыз?











САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Ойлан, тап!

Тәрбие сағатының мақсаты: Мектептегі тәрбиеленуші,қоғамның келешектегі иесі жас ұрпаққа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге,қастерлеуге,Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Еліміздің рәміздеріне арналған презентация,нақыл сөздер.

Барысы:

Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман,жасыл жайлау,көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан - елім менің

Сен неткен Отан - анам , ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер , Ұлы Отан - қазақ елім!

Бүгін біз «Елтаңбамызбен - еңселіміз, туымызбен-тұғырлымыз» тақырыбындағы ата-аналарымыздың қатысуымен өткізіліп отырған «Тапқыр достар» ойын ойнаймыз. Топтарға бөлу.

I .Таныстыру. (әр топ өзін таныстырады)

II. Ойыншылар өздерінің қалаған әріптерін таңдап,сұраққа сол әріптен басталатын сөзбен жауап беруі керек.

1. «Отан» сөзін басқаша қалай атауға болады?

2.Қазақ елі қандаймыз?

3.Астана қандай қала?

4.Шетелдіктерге немен мақтанамыз?

5.Туымыз қандай?

6.Сіздің ойыңызша ата-ананың еңбегі қалай ақталады?

7.Жаңалық айтыңызшы…

8.Өз әріптеріңізден басталатын Әнұранымыздың кез-келген сөзін атаңыз

9.Егеменді еліміздің ертеңгі ұрпақтарын қалай елестетесіз?

10.Қандай сезімде тұрсыз?

11.Қазақтың қандай салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын білесіз?

12.Не істеуге болмайды?

13. Денім сау болсын десеңіз…

14.Елтаңбадан нені көреміз?

15.Біз бүгін қандай тақырыптарда сөздер қозғадық?

Ойынымыздың "Сіз білесізбе?" кезеңіне көшейік.Бұл кезеңде ұяшықтарды таңдай отырып,сұрақтарға жауап бересіздер.

1.Елтаңба сөзін септеңіз.

2.Рәміздерді атаңыз

3.Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?

4.Қандай қазақ батырларын білесіз?

5. «Т» қандай дыбыс?

6.Сіз ұшқышсыз.Сол ұшқыш Астанадан Алматыға 2 сағат,Алматыдан Астанаға 2 сағат ұшты.Ұшқыштың жасы нешеде?

7.Артыңыздан аю қуып келеді,алдыңызда бір бөшке бал,бір бөшке май тұр.Қайсысына тығыласыз?

8.Туған жер туралы қандай мақал білесіз?

9.Теңгеміз қай жылы айналымға енді?

Келесі кезеңіміз «Сөз тапқанға…» деп аталады.Әр топ бір сөзден алып, сөзден сөз шығарады . (Елтаңба,Әнұран,Тәуелсіздік)

Келесі кезеңіміз «Жасырын сөз» Бұл кезеңде ойыншыларымыз сөздер атауын қимылмен көрсетеді.Көрермендер қандай сөз екенін табулары керек.

(Сиыр,шалбар,ту,пышақ,домбыра,сәби,жылқы,кітап,бесік,қалам,құрт, жылан)

Соңғы кезегіміз «Қолқа салу» Жеңген топ жеңілген топтарға қолқа салады.Өз өнерлерін көрсетеді.

Қорытынды. Бәріміздің жүрегіміз Отан деп соғып,Тәуелсіздіек Туы халқымыздың еркіндігін паш етіп, желбірей берсін!




© 2010-2022