Кітап-білім бұлағы. тәрбие сағаты

Сабақтың мақсаты: Кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітапты күтіп, оны таза ұқыпты ұстауға үйрету. Көрнекілігі: «Кітапты сүйіңдер,ол өмірді нұрландырады». «Кітап- заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да қажет». - Кітап қайда басылып шығады ? - Кітапты баспадан шығару үшін алдымен не қажет ? - Кітапты кімдер беттеп,түптейді ? 1- оқушы: Кітапты шығару үшін көптеген адамдардың еңбегі қажет. Біз оны қалай ұстауымыз керек ? 2- окушы: Кітапты жыртпай, кірлетпей,бүлдірмей таза ұстап, оқыған...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кітап- білім бұлағы.

Сабақтың мақсаты: Кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітапты күтіп, оны таза ұқыпты ұстауға үйрету.

Көрнекілігі: «Кітапты сүйіңдер,ол өмірді нұрландырады». «Кітап- заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да қажет».

- Кітап қайда басылып шығады ?

- Кітапты баспадан шығару үшін алдымен не қажет ?

- Кітапты кімдер беттеп,түптейді ?

1- оқушы: Кітапты шығару үшін көптеген адамдардың еңбегі қажет. Біз оны қалай ұстауымыз керек ?

2- окушы: Кітапты жыртпай, кірлетпей,бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп, дұрыс оқу керек.

Мұғалім: Кітаптың қажеттілігі оны күтіп ұстаудың дұрыстығы туралы біз көптеген өлеңдер оқыдық. Кім сол өлеңдеріды жатқа айтып береді.

3-оқушы:

Білім алар көп адам

Жақсы нәрсе жоқ одан

Қызыға кеп оқимын,

Кітап көрсем жаңадан

Кітап маған ұнайды,

Кітап- білім бұлағы.

4- оқушы:

Кетпейді ешбір жадымнан

Мектепке бардық күз айы

Тастамай сені жадымнан

Қолтықтап жүрдім ұдайы.

5- оқушы:

Достарға толы маңайым

Татулық тәтті бәрінен

Ерекше сені санаймын

Құшақтап жүрмін мен әлі.

Мұғалім: Жұмбақ.

Ұсынған қойнынан

Білімнің үлесін

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің.

Бұл не? (Кітап).

Содан кейін бастаушының айтуы бойынша 3 қатардан тазалықшы шығып, оқушылардың кітаптарын тексеріп, оның күтімі жөнінде мәлімет береді. Олар кітаптары жыртылған, сызылған бірен- саран оқушыларды атайды. Кітаптары қапталыған, өте таза, ұқыпты ұстайтын көптеген оқушылардың аты аталып, мадақталады.

6- оқушы: «Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн, көркем әдебиеттерді таңдап оқи білуде үлкен өнер. Ол үшін оқырманды жас кезінен бастап өмір бойы оқи білуге баулу керек»- дейді А.И.Маркулевич.

7- оқушы: Ұлы Маркске қызы Лаура: «Сіздің ең жақсы көретін қызметіңіз

не?»,- дегенде, ол «Кітап атқару»,- деп жауап береді.

Мұғалім: Біз бұдан бұрын ұлы адамдардың кітапті аса жоғары бағалағанын білеміз.Қазақ даласында мектеп салған, қазақ балаларына арнап тұңғыш «Әліппе» жазған кім ? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім айтып береді.

8- оқушы:

Оқу- білім қазығы

Білім- өмір азығы.

9- оқушы: Кітап шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап- адал пейіл, асыл дос, қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады.

Мұғалім: Жұмбақ.

Бір қойым бар, қаны жоқ

Қанатының саны жоқ

Адамменен сөйлесер,

Ақылы бар жаны жоқ.

Тілі бар да үні жоқ

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлей тұғын ішінен. (Кітап).

10- оқушы: Жұмбақ.

Бірінші әріп көзде бар, мұрында жоқ.

Екінші әріп тісте бар, бұрымда жоқ.

Үшінші әріп бетте бар, білектежоқ.

Төртінші әріп құлақта бар, жүректе жоқ.

Бесінші «П» әрпі ақырғысы

Жұмбақ шешкен баланының ақылдысы. (Кітап).

Мұғалім:

Бөбектерім оқы ойна,

Оқу білім саған пайда

Кітабыңның шетін жыртып,

Сиямене бояп қойма.

Хор: «Біз бақытты балдырған !».


© 2010-2022