А. Құнанбаев «Құлақтан кіріп, бойды алар»

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Құлақтан кіріп, бойды алар». Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Абай әндерін жан-жақты талдау жасау, өлеңдерінің құрылысына ,жаңалығына оқушылардың көзін жеткізу, оқушыларды өз ойын ортаға салуға бейімдеу. ә) Тәрбиелілігі: сырларын түсінуге ,эстетикалық талғам қалыптастыруға,өнердің қадір –қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу. б) Дамытушылығы: Абай әндерін ,өлеңдерін талдау арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту, әннің тылсым сырларын ұға беруге талаптандыру. Сабақ түрі: дәст...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Құлақтан кіріп, бойды алар».

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Абай әндерін жан-жақты талдау жасау, өлеңдерінің құрылысына ,жаңалығына оқушылардың көзін жеткізу, оқушыларды өз ойын ортаға салуға бейімдеу.

ә) Тәрбиелілігі: сырларын түсінуге ,эстетикалық талғам қалыптастыруға,өнердің қадір -қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу.

б) Дамытушылығы: Абай әндерін ,өлеңдерін талдау арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту, әннің тылсым сырларын ұға беруге талаптандыру.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтау т.б

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Күтілетін нәтиже: оқушылар Абай әндерінің ерекшеліктерін біледі, өмірде жүйелі қолдана

алады.

Көрнекілігі: сызба, интерактивті тақта, компьютер, электронды оқулық т.б

Пәнаралық байланыс: музыка, ағылшын, орыс тілі т.б

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

(Оқушылармен амандасу ,түгендеу)

Ал, балалар,балалар,

Бәрің бері қараңдар

Жаңа білім алуға

Дайынсың ба ,ұландар?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

(3-4 оқушыдан сабақ сұралады. 1-слайд «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңін бір оқушы оқиды, бір оқушы жылқы малының бейнесі бейнеленген суреттен көрсетіп тұрады).

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

Үйге берілген тапсырманы сұрау арқылы жаңа тақырыптың атын шығару.

2-слайд. Жылқы малының пірі не? (Қамбар)

3-слайд. Құлақтан

4-слайд. Жылқыға қатысты қандай мақал-мәтел білесің?

5-слайд. Кіріп

6-слайд. Қазақта жылқы малының қатысуы мен ойналатын қандай ұлттық ойындар бар?

7-слайд. Бойды

8-слайд. Батырлардың сенімді серігі не?

9-слайд. Алар

ІV. Жаңа сабақ.

  • Балалар , мінекей алдарыңда берілген сұрақтарға жауап бергенде бірнеше сөздер шықты, сөздерді бір-бірімен байланыстырып жаңа тақырыпты шығарып алып тұрмыз.

Ақын жоқ қой Абайға табынбаған,

Өлең арнап жүрегі жалындаған,

Қай қиырда жүрмесін ,туған елі.

Болса екен деп тілейді дауыл да аман.

  • Мінекей, балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз Абай атамыздың «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңімен танысамыз. «Құлақтан кіріп, бойды алар...» - Абайдың 1897 ж. М. Ю. Лермонтовтың «Звуки» атты шығармасының сарынымен жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан тұрады. Орыс ақынының шығармасы 20 жол. Өлеңнің бірталай жері Лермонтовтың туындысынан жолма-жол тәржімаланып алынғанымен, алайда жаппы алғанда Абайдың өз шығармасы. . «Құлақтан кіріп, бойды алар» - Абайдың өлең, ән-күй туралы жазылған идеялық жағынан өте күшті, көркемдік қасиеті де соған әбден сай келген тамаша шығармасының бірі. Тақырыбы, идеясы жағынан ол ақынның «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, қарапы ол...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...», «Адамның кейбір көздері...» сияқты шығармаларымен тығыз байланысты. Бұл өлең Абайдың көркем шығарманы, ән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы. Өлең7, 8, 9 буынды шалыс ұйқаспен (а, -б, -а, -б) жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Өлең басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді. Тек 1957 жылғы жинақта жазылу мерзімі 1896 ж. деп көрсетілген. Абайдың бұл өлеңіне компoзиторлар С. Мұхамеджанов, А. Гурьев ән-романстар жазған. [1]

10-слайд. Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күннің жадын жазыңдар.

а) Мағынаны тану.

- Балалар, құлақтан кіріп ,бойды алатұғын не нәрсе деп ойлайсыңдар?

- Ән-күй

-иа,дұрыс айтасыңдар,Абай атамыз музыка өнеріне көп көңіл бөлген. Сондай өлеңдердің бірі «Қөзімнің қарасы» өлеңін электронды оқулықтан тыңдаймыз.

(Электронды оқулықтан ән тыңдалады).

Дәстүрлі халық сазы Абай әндеріне негіз болса , сонымен қатар Семейде орыстың ән-сазын , романстарын естіп жүрді. Орыс достары ,Петербургте оқыған баласы Әбіштің орыс халық сазы

мен жақсы таныс болуы Абайға әсер етті. Өз өлеңдерінде және аударма өлеңдерінде ән шығарды. Ол өлеңдердің тізімін интерактивті тақтадан көреміз.

Абай әндерінің тізімі:

  1. «Сегіз аяқ».

  2. «Бойы бұлғаң».

  3. «Қор болды жаным».

  4. «Көзімнің қарасы»

  5. «Желсіз түнде жарық -ай».

  6. «Жарқ етпес көңілім, не қылса да».

  7. «Ата-анаға көз қуаныш».

  8. «Біреуден біреу артылса».

  9. «Әсемпаз болма әр неге».

  10. «Сұрғылт тұман, дым бүркіп» (М.И.Глинкадан)

  11. «Татянаның хаты»

  12. «Қараңғы түнде тау қалқып»

  13. «Мен көрдім ұзын қайың құлағынан» . (И.А.Криловтан,романс) т.б

«Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін оқып, түсіндіремін. 5-6 оқушыға мәнерлеп оқытқызамын,

талдап, әдеби теориялық ұғымдарды тапқызамын.

V.Топпен жұмыс.

Екі топқа сынып бөлінеді.

1-топ. Абай өлеңдерін жасыру, өлеңдерінің атын , жалғасын табу.

2-топ. Абай өлеңдері беріледі, соның ішіндегі сөздерді алып мақал -мәтел тапқызу.

VІ. Оқулықпен жұмыс.

«Кім жылдам» ойыны

«Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңіндегі сөздерді алып орысша, ағылшынша аудармаларын табу.

ә) Топтастыру

ақыл-ойдың данасы сазгер

ақын

Бекіту жұмыстары

1 « Мен таныған Абай»

(оқушының пікірі)

Мүмкін жауаптар жобасы

Абай қазақ халықының ұлы ақыны, ақыл - ойшыл ұлы кемеңгері.

Абай тар заманда «соқтықпалы, соқпақсыз» жерде көппен жалғыз алысып, халқының көшін жаңа жолға - мәдениет, өнер - білім жолына бастады.

Абай қазақтың әрбір ұлы, қызының еркі, бостандығы үшін, ой- санасын жетілдіру, ер жеткізу үшін күресті. Оларды халқын сүюге, халқы үшін, адам баласы үшін қызмет етуге шақырды, адамгершілікке баулыды.

Абай қазақтың жаңа әдебиетін - мағынасы терең, тілі орамды, өрнегі шебер, кестесі көркем әдебиетін жасады, шын мағынасында өлең өнерін жасады.

2 Сауал сұрақтары

•Абайдың ата салтымен алған алғашқы қалыңдығы(Ділда)

•Абайдың немере інісі, ақын, аудармашы (Шәкәрім)

•Абайдың ақылды анасы (Ұлжан)

•Абайдың жан досы, Тоғжанның жақыны, әрі ауылдасы (Ербол)

•Абай аудармасындағы А.С.Пушкиннің сүйікті кейіпкері (Татьяна)

•Абай жақсы көретін қазақтың ұлттық ойыны( Тоғызқұмалақ)

•Абайдың келешегінен үміт күткен ұлы Әбіш)

•Әнші, Абайдың сүйікті жары( Әйгерім)

•Абайдың әдеби хатшысы, әрі өлеңдерің жинаған қол жазба авторы (Мүрсейіт)

•Абайдың кіші шешесі (Айғыз)

Үйге тапсырма беру

Бағалау


© 2010-2022