Аялдамада урок казахского языка 5 класс

5 сынып Аялдамада. Дауыссыз дыбыстар. Сабақтың тақырыбы: Аялдамада. Дауыссыз дыбыстар. Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, дауыссыз дыбыстарды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету; ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру; б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу; Сабақтың түрі: пысықтау сабағы ...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып

Аялдамада. Дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың тақырыбы: Аялдамада. Дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

дауыссыз дыбыстарды түсіндіру, сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: дауыссыз дыбыстарды меңгеру, аялдама жөнінде өз пікірін айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2-3 тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып, рөлге бөлініп әңгімелесіңдер.

Аялдамада

- Сәлеметсіз бе, апай!

- Сәлеметсің бе, балам!

- Апай, вокзалға қандай автобуспен баруға болады?

- Вокзалға ... автобустармен баруға болады.

- Балам, сенің атың кім?

- Менің атым - ... .

2 - тапсырма. Осы модульдегі жаңа сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін

құраңдар. Бір сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.

Ережемен жұмыс

Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үш түрге бөлінеді:

  1. Қатаң дауыссыздар: п,т,с,ч,ц,ф,х,ш,щ,к,қ -11

  2. Ұяң дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,һ - 8

3. Үнді дауыссыздар: р,л,м, н ,ң, й ,у - 7

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

3 - тапсырманы орындау

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

© 2010-2022