Сабақ жоспары Қазақ тілі

№1  Сынып : 5 Пән: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Танысу. Дауысты дыбыстар. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға  қазақша еркін ойларын жеткізуге,тақырып бойынша әңгімелеуге,  өзі  жайлы  толық  ойын  жеткізіп сөйлей  білуге  үйрету. 2.Дамытушылық: Қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл бөлу,оларды ажыратуға, дұрыс айтуға, сөз қорларын  байыту, сауатты жазуға дағдыландыру, өзі  туралы  еркін  сөйлеу  дағдыларын қалыптастыру . 3.Тәрбиелік: Оқушыларды ақылды, әдепті болуға, үлкендерге көмектесуге,...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№1 Сынып : 5

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Танысу. Дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға қазақша еркін ойларын жеткізуге,тақырып бойынша әңгімелеуге, өзі жайлы толық ойын жеткізіп сөйлей білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл бөлу,оларды ажыратуға, дұрыс айтуға, сөз қорларын байыту, сауатты жазуға дағдыландыру, өзі туралы еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру .

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ақылды, әдепті болуға, үлкендерге көмектесуге, бос уақыттарын үнемдеуге , уақытты ұтымды пайдалана білуге тәрбилеу.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.Қазір қай жыл мезгілі? Күздің айлары қандай?Бүгін күздің нешесі? Аптаның қай күні? Бүгін сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

II Дыбыстық жаттығу.

ә - пәтер, і - есім,ө - өзім, ң - даңғыл, ғ - туған,қ - қаласы, ұ - ұнатамын.

Мұғалім өзі айтып тұрады, балалар қайталайды.Бір оқушы шығып, айтып тұрады, оқушылар қайталайды.

III Үй тапсырмасын тексеру.

7 б. 3-т. Мазмұнын айтып келу, сөздерді жаттау.Оқушыларды ауызша, жеке сұраймын.

IV Сөздік жұмысы.

Оқушылар сөздік дәптерлерді ашып, сөздерді көшіріп жазыңдар.Қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл бөліп шығамыз.

V Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы - қырлы жерлермен

Ытқып - ытқып жүгірді

VI Әңгіме құрастыру.

8 б. 1 - т.

Өзім туралы.

Менің есімім - ... ,жөнім - ... .

Мен ... жастамын.Туған жерім - ... .

Қазір ... қаласында, ... даңғылында (көшесінде), № ... үйде, ... пәтерде тұрамын.Мен ... мектебінде 5 - сыныпта оқимын.Сыныпта ... бір партада отырамын.Мен ... пәнін ұнатамын.Менің бос уақыттағы ермегім - қызықты кітап оқу, сурет салу, би билеу, дойбы ойнау.

VII Тәрбиелік сәті.

Үлкен кісілер әңгімелескенде, ідепті балалар не істейді?

Үлкен кісілер әңгімелескенде, олар шуламайды,сөзге араласпайды.

Мұндай балалар қандай?

Мұндай балалар ақылды, әдепті.

Әдептілік - дегенді қалай түсінесің

"Әдепті бала сүйкімді"

"Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді."

VIII Жаңа тақырып.

Дауысты дыбыстар.

Жуан

Жіңішке

ұ,ы,а,о,у,э

ү,і,ө,ә,и,е

Карточкамен жұмыс

Сөздерге о, ө,ұ, ү әріптерінің тиістісін қойып жаз.

Қ...л, с...ре, д...п, ...йыншық, қ...ян, с...з, ...зен, к...ше, к...л, т...ғыз, т...рғай, ...шіргіш, к...з, ...ң, д...стық, ...те, с...мке, ш...п, к...н, к...шік, с...р, ...лкен, ж...лдыз, т...н, б...гін, ...зын, қ...мырсқа, ...ш, ж...мыртқа, ...стел, ш...жық, г...л, т...р, ж...р, б...л.

IX Пысықтау кезеңі.

8 б. 2 - тапсырма.

Өзім туралы.

Менің есімім - ... ,жөнім - ... .

Мен ... жастамын.Туған жерім - ... .

Қазір ... қаласында, ... даңғылында (көшесінде), № ... үйде, ... пәтерде тұрамын.Мен ... мектебінде 5 - сыныпта оқимын.Сыныпта ... бір партада отырамын.Мен ... пәнін ұнатамын.Менің бос уақыттағы ермегім - қызықты кітап оқу.

3 - тапсырма.

Менің атым - ... .Менің жөнім - ... .Сенің атың ... .Сенің жөнің - ... .Мен ... жастамын.Мен ... қуаныштымын.Сен ... жастасың.Сен ... қуаныштысың.

Сөз тіркестен сөйлем құрастырып, қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызыңдар.

X Қорытындылау. Жағын, есімдігін, түскен әрпін жаз.

___ж ____________ қа__ ың

___ж ____________ бесі__іңіз

___ж ____________ жүре__іміз

___ж ____________ сыны__ым

___ж ____________ күре__терің

___ж ____________ ба__ы

___ж ____________ ая__тарыңыз

___ж ____________ үйре__тері

Балалар сабақтың тақырыбы қандай болды? Үлкен кісілер әңгімелескенде, олар не істейді ?

XI Үйге тапсырма.

8 б. 2-т. Мазмұнын айтып келу,сөздерді ,ережені жаттап келу.



© 2010-2022