Одағай сөздер. 8 сынып

 Сабақтың мақсаты: 1.       Білімділік:оқушылардың оқшау сөздердің түрлері туралы лингвистикалық  білімдерін  кеңейту, жазба жұмыстарында тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. 2.       Тәрбиелік:оқушыларды достыққа берік болуға, еңбекке тәрбиелеу. 3.       Дамытушылық:сабақта қолданылатын  лингвистикалық материалдар  арқылы оқушылардың  ауызша  және жазбаша  тіл мәдениетін дамыту,  пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақтың типі: аралас сабақ  Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ Сабақтың ...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 8

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: ІІ

  5. Мұғалім: .

Сабақтың тақырыбы: Одағай сөздер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың оқшау сөздердің түрлері туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жазба жұмыстарында тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру.

  2. Тәрбиелік: оқушыларды достыққа берік болуға, еңбекке тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: сабақта қолданылатын лингвистикалық материалдар арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Қыстырма сөздер 2. Әдеби кітаптардан құрамында қыстырма сөздері бар 5 мысал жазу

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.

1. Әй, Оспан, кеше еліңді жау шауып жатқанда, сен болыс қайда жүр едің? (М.Ә)

2. Бұл не, әй! (Ғ.М.)

3. Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі, Құмартқан бір нәрсеге мастың күйі! (І.Ж.)

2. Оқушыларға лингвистикалық білім беру.

Сөйлемде айтылған ойға айтушының немесе жазушының көңіл күйін, ішкі сезімін қатыстыра айту үшін жұмсалатын оқшау сөздердің түрін одағай сөз деп атайды.

Одағай сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгілері -леп белгісі мен үтір.

Одағайлар мысалдардағыдай, сөйлемдегі сөздермен синтаксистік байланыста болмайды және белгілі сөйлем мүшесінің қызметінде жұмсалмай, олардан оқшауланып, өзгеше әуенмен айтылып , басқа сөздермен бөлек тұрады.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Одағай сөздерге басқа оқшау сөздерге қойлмайтын, қандай тыныс белгісі қойылады? Себебін түсіндір.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс

67-жаттығу

1. Мәтіндегі оқшау сөздерді тауып, түрлерін ажыратыңдар.

Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.

2. Оқшау сөздердің қай түрі көбірек қолданылғанын талдаңдар.

2. Үлестірме қағаздармен жұмыс .

VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру.

1. 67-жаттығудан Атейге мінездеме беріңдер.

2. Қарамен жазылған сөздердің мәнін ашыңдар.



© 2010-2022