Урок Әдептілік 8 класс

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 8 Пәні: қазақ тілі күні:

Сабақтың тақырыбы: « Әдептілік ».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейлділікке үйрету, әдеп пен сыйластық арқылы жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жекелей, жұппен, топтық, сұрақ-жауап, басбармақ, бағдаршам,
Сабақтың көрнекілігі : АКТ, маркерлер, А3 қағаз, стикер, мақал-мәтелдер, слайд
Сабақ барысы: Ұйымдастыру Психологиялық дайындық. Топқа бөлу Оқушыларды 2 топқа бөлу.
1-топ. «Әдемілік» 2-топ- «Әдептілік»
«Ой шақыру» әдісі Ұлттық құндылық- қазақ халқына тән ең құнды, бағалы қасиеттер.
инабаттылық,мейірмділік ,әдептілік кішіпейіл ,сүйіспеншілік ізеттілік
Оқушылар А3 қағазға ұлттық құндылық туралы өз білетіндерін жазып шығады Слайд № 2
Маркер, А3 қағаз
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз айларын кім атайды? -Күз несімен ерекше? - Күзді неге сары алтынға теңейміз? - Күзгі табиғат көрінісін суреттеу.
Қызығушылықты ояту: Сөзжұмбақ шешу. «Әдемілік» тобына
1.Үйреткен ілімді, қырық екі білімді. (әліппе) 2.Жұмыс бізді үш жамандықтан құтқарады.( аурудан, жоқшылықтан, зерігуден) 3.Жақсыдан үйрен- жаманнан жирен. 4.Білім ордасы не? (мектеп) 5.Халықпен халықты,адам мен адамды теңестіретін не? (Білім) 6. Бала тілі -бал. 7.Үлкенге құрмет- кішіге ізет. 8.Күн күледі, Түн түледі. ( көктем)
«Әдептілік « тобына. 1.Анаңның насы саған кім? ( әже) 2. Оң аяқ, сол аяқ, Кезек оны тебеді. ( доп) 3. Бала тәрбиесі -бесіктен. 4. Жеті күн -апта. 5. Мектептегі екінші анаң ( ұстаз) 6. Бірлік болмай (тірлік) болмас.

Поэзия минуты.
«Әдемілік « тобы.
Мектепке біз барғанда Жолыққан бар жандарға. Ақниетпен пейілмен, Қайырлы таң! -дейміз біз Күндіз де елді елейміз Қайырлы күн! - тілейміз.
«Әдептілік» тобы. Тағам дәмді тұзбенен Үйдің сәні қызбенен Деген сөзді естігем Қыз боламын есті мен Тазалықты қалаймын Үйдің ішін жинаймын. Әр топ өлеңдерін оқиды.
Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

2 топқа мақалдың басын бастап беремін, оқушы жалғастыру керек.
1-топ:
Әдептілік белгісі --------------------
Әдепті бала-арлы бала-------------------
Әдепсіз бала
Ауыздықтан атпен тең ---------------------
2-топ:
Әдептің не екенін ----------------------------
Аға әдепті болса- ---------------------
Апа әдепті болса------------------------- Оқушылар мақалдың жалғасын табады.

Ситуациялық жағдаяттар. «Әдемілік» тобына
1-топ: Автобуста сіз отырсыз.Үлкен қарт адам кірді. Бос орын жоқ. Не істер едіңіз?
2. Көшеде бір қарт адам құлап қалды. Не істер едіңіз?
3. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз. Не істер едіңіз?
2-топ: 1. Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сіздің артыңызда әжей тұр. Не істейсіз? 2. Көшеде, мектепте,үйде таныс кісілер ,мұғалімдер кездессе не деу керек? 3.Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр. Оған не деу керек? Оқушылар мұғалім пікірін жалғастырып, өз ойларын
дәлелдейді. Слайд
Венн диаграммасы Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттер. Әр топтан бір оқушы қорғайды.


«Ой түйіндеу»

1-топқа « Мейірімділік»
2-топқа « Кішіпейілділік» сөздерінен сөз құрау. Оқушылар бір сөзден бірнеше сөз жасауға дағдыланады. .

Сабақты бекіту.. (сұрақ - жауап) әдісі

1-топқа. Не істеуге болмайды?
-үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды. -құстарды атуға болмайды. -сабақтан кешігуге болмайды. -сыныпта айғайлауға,жүгіруге болмайды.
2-топқа. Не істеу керек?
-үлкенді сыйлау керек. - кішілерге қамқор болу керек. - оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек. - сабақты жақсы оқу керек. Әр топ сұрақтарға шапшаң жауап беруге тырысады

Сергіту сәті. Музыка әуенімен сергіту сәтін жасау. Оқушылар сергіту сәтін жасайды. Ноукбук
Диалогтық оқыту. «Жалғастыр» ойыны. Әдептілік дегенді қалай түсінесің?

Әдептілік -әдемілік, әдепті адам әдемі. Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.
Кластер құру. «Сұлулықтың» қандай түрі бар?
Мінез сұлулығы- ( байсалдылық, жайдары, көпшіл)
Түр сұлулығы (бота көз, әдемі, көрікті.
Дене сұлулығы - ( ұзын бойлы, түзу аяқ, шымыр)
Жан сұлулығы ( көп білу, шешен, шыншыл, нәзіктік, қайсарлық)
Сабақты қорытындылау.

1-топ. «Қонақ бола білеміз бе?
Қонаққа барғанда өзіңе ыңғайлы киім таңдап ал.Киімін өзіңе жарасымды, таза, ұқыпты, жинақы болсын. Қонаққа барғанда бөлменің есігін қағып кір.Үйге кірмес бұрын аяғыңды сүртуді ұмытпа. Егер қар жауып тұрса баскиіміңді, пальтоңды тазалап кір. Үйге кіргенде ең алдымен үлкен кісілермен, достарыңмен амандасу керек. Ер адаммен қолғабыңды шешіп, екі қолдап амандасады.
2-топ. Дастархан басындағы әдептілік.
Дастархан басында дұрыс отыру, мәдениеттілікті көрсетеді. Дастарханға отырмас бұрын, алдымен қол жуу керек. Ас ішіп отырып, кітап оқу, көп сөйлеу- ыңғайсыз әдет. 1-топ сөйлейді

Рефлекция.

Маған ......... ұнады.
Маған....... қызықты болды.
Мен........ түсіндім. Оқушылар өз ойларын сткерге жазады.

Үйге тапсырма : Әдептілік тақырыбына эссе жазу



© 2010-2022