4 сыныпқа арналған сабақ жоспары тақырыбы: Астана

ен, Әлжанова Салтанат Ерденқызы,  1980 жылғы шілденің 23 –інде ,              Өлеңті ауылында  дүниеге келдім.1986 жылы Өлеңті ауыМлының орта мектебіне бардым.1997 жылы Екібастұз қаласындағы  №22   орта мектебінде бітірдім. Сол   жылы  Павлодар қаласындағы, педагогикалық колледжге түстім.2001 жылы аталған коледжді бітірдім. 2004 жылы  Екібастұздағы Инновацилық  Еуразия  университетіне  сырттай түстім. 2007 жылы аталған  университетті бітірдім.  2002 жылдан бастап №17 орта мектебінде мұғалім болы...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Астана-арман қала

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Астана туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,

Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір - біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)

- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
- Көңіл - күйлерің қалай?
Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу-Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер? ( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 минут) арқылы тексеру.

Сөзжұмбақ арқылы жаңа таұырыпқа шығу.

Ал, балалар , айтыңдаршы қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?
Иә, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Астана -арман қала туралы. Осы тақырып бойынша не біліп, үйренгілерің келеді.? Сабақтың мақсатын айту. (Балалар өздері айтады). Сызбаға түсіру. Астана қандай екенін айтқыза отырып, сызбаға түсіру.
- Енді, балалар, жаңа өздерің Астана туралы айтып өткендеріңді тамашалайық. (слайд көру).
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы. Астанамызға саяхатқа шығамыз.

-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?

-Карта.

-Дұрыс айтасыңдар,ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.

Әр топ жетекшілері алдарындағы бағалау парағына топ мүшелерінің жауаптарын бағалап отырады.

Саяхат картасы

1. Вокзал

2. Бәйтерек

3.Пирамида

4.Ақ Орда

5. «Думан»

6. «Хан шатыры»

1-ялдама. Сөздік алқабы.

ғимарат- здание

аялдама-остановка

көрікті-красивий

мәдени-культурный

орталық-центр

ойын-сауық орталығы - развлекательный центр

2-аялдама.«Бәйтерек»

1. Мәлімет беру.

Астана -Қазақстанның бас қаласы. Қала Есіл өзені жағасында орналасқан. Астана Президент сарайы, Парламен ғимараты,Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бар.

Астана мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени орталығы.

Мәтін бойынан жалғау жалғанған сөздерді теріп жаз.

3-аялдама «Пирамида»

сөздерді қазақ тіліне аударып,сөз тіркесін тап.

новая столица ғимараттар

расположен қонақтар

промышленность орналасқан

здания жаңа астана

гости кәсіпорын

4-аялдама «Ақ Орда»

Дұрыс сөйлем құра:

1. Астана, қала, жас.

2. Астана, облысында, орналасқан,Ақмола.

3. Астанада, орындары, көп, өндіріс.

4. Астанаға, қонақтар, келеді, көп.

5- аялдама «Думан»

І топ - Астана сөзін септеңдер.

ІІ топ - Отан сөзін тәуелдендер

ІІІ топ - Ғимарат сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар

Сөзжұмбақты шешу.

6-аялдама «Хан шатыры»

«Астана» туралы диалог құрастырыңдар.

-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.

-Саяхат сендерге ұнады ма?

-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де,келіп жеттік.

Үй тапсырмасы: Әңгіме жазу. «Астана-арман қала»

Сабақты қорытындылау.

Қазақстанның бас қаласы қай қала?

Астана қаласында нелер бар?

Не үйрендіңдер?

Бағалау: Топ басшылары бағалайды.

Бағалау парағы.


© 2010-2022