М. Мақатаев қазақ поэзиясының Хантәңірі

Мақсатымыз: а) білімділік: Мұқағали Мақатаев ақынның өмірімен танысу, шығармаларының мазмұнын ашу, өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу, әнін наөышына келтіре орындауға дағдылардыру; ә) Тәрбиелік: қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу; б) Дамытушылық: поэзиялық шығармаларда музыкалық үн-ырғақты сақтау. Барысы: Халықтың рухани бай әдеби мұрасынан күш-қуат алған Мұқағали – қазақ әдебиетінде қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға...Кейінгі ұрпағының өзін ұмытпай жыл сайын ...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Орындаған: қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Мұсылманбекова А.Қ.

Мақсаты: білімділік: Мұқағали өмірімен таныстыру, шығармаларының мазмұнын ашу, өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу, әнін нақышына келтіре орындауға дағдылардыру;

Тәрбиелік: қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу;

Дамытушылық: поэзиялық шығармаларда музыкалық үн-ырғақты сақтау.

Барысы:

1-жүргізуші: Өмірге бірақ келген асыл едің,

Теңіздей тебіреніп тасып едің.

Сағымға еніп кеткен кемедейсің,

Аралап ХХ ғасыр елін.

Өмірін өлеңменен өрген ақын,

Тағдырдың тапшылығын көрген ақын.

Қазақтың қасиетті қара өлеңі.

Жалғаса береріне сенген ақын! - деп толғана еске алады кейінгі ұрпақ. Кейінгі ұрпағының өзін ұмытпай жыл сайын еске алатынын сезіп кеткен ақынды әулие демеске шараң жоқ. Уақыт өткен сайын мәртебесі биіктей беретін бүгін тағы да танытпақпыз.

«Менің анкетам»

«Мен таулықпын» өлеңі оқылады.

1-ж: Таудай едің таудың алып тумасы,

Қарапайым қазақ едің турасы.

Қыр басында неге шөгіп жатырсың,

Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.

2-ж: Сырым да осы,

Жырым да осы

Алдыңда.

Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махандар жоқ,

Махандардың сарқыты

Мұқағали бар мұнда!

1-ж: Халықтың рухани бай әдеби мұрасынан күш-қуат алған Мұқағали - қазақ әдебиетінде қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға...

Табиғатына тартып туған ақынның асқар таулардай биіктігі, Шәлкөде жайлауындай кеңдігі, Қарасаз шалғынындай шалқыма көңілі туған жердің қасиеттілігінен бе деп қаласыз?!

«Қайран, Қарасазым-ай!» өлеңі оқылады.

2-ж: Мұқағалидың балалық шағы соғыз жылдарымен сәйкес келген. Болашақ ақын 10 жасында майданда жүрген әкесін сағынып өлең шығарады.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жалғыз біткен жалбыз еді.

Мінеки, он ай болды хабары жоқ,

Біздағы әкемізге зармыз енді.

Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын. Дарабоз ақын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді.

«Сәби болғым келеді» әні орындалады.

1-ж: Анасы Нағиманның айтуынша Қарасаздың Шәлкөде жағы саздау екен де, сазда қаз-үйрек жақсы өседі екен. Шешесінен екі қаз сұрап алып, пошта машинасын айдайтын орысқа қазды беріп, орыс тілінде жазылған әдебиеттер алып қалады екен. Машина келесі қайтып келгенше кітаптарды оқып, белін буып дайындап қояды екен. Міне, ақын осылайша бір орысы жоқ таза қазақ ауылында білімін көтерген екен.

10-сыныпты бітірген соң өте сауатты, өткір болғандықтан, ауылдық кеңеске хатшы болып қызмет істеген. Осы қызметте жүргенде мектепке орыс тілінен мұғалім таппай, ауыл басшыларының өтінішімен орыс тілінің мұғалімі болып орналасады. Ол мектепте оқып жүрген кезінен кітап оқуға құмар болған. Оқулықтармен қоса үйіне әдеби кітаптар жинауды әдетке айналдырады. Қазақ ауылында туып өскен, қазақ мектебінен білім алған Мұқағалидің орыс тіліне аса сауаттылығы жастайынан орыс тіліндегі әдеби кітаптарды көп оқып, өзін-өзі жетілдіруінің арқасы екен. Кейін ауылдан Алматыға көшкенде де екі машинаға артқан жүгі осы қимас досы, білімінің көзі том-том кітаптар болады.

Ақынға не керек бұл өмірден? Өмірді соншалық сүйген жанның өмір жайлы толғанбауы мүмкін емес.

«Өмір жайлы» өлеңі

2-ж: Иә, Мұқағали - ғажайып, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

1-ж: Мұөағали поэзиясы - таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия.

«Поэзия» өлеңі оқылады

2-ж: Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер ме мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы, - деп ақын өзі жырлағандай жарық дүниедегі аз ғұмырының мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты. Ол туралы естеліктер жазылып жатыр, әлі де жазылады.

1-оқушы (Әлнұр Мейірбековтың естелігінен үзінді оқылады)

«Мұқағали адам ретінде жіберген кемшілігін де, азамат ретінде артықшылығын да ақын жүрек арқылы сана саңылауынан өткізді. Әркімнің жүрек тұсынан сөйлеп тұратын Мұқағалидың артықшылығы сол. Ол басынан өткерген барлық тауқымет пен азапты өзімнің ғана тағдырым деп ұққан еді. Ол үшін халқына өкпелеген жоқ. Керісінше бас иіп өтті». Ол туралы ақын былай дейді:

Не сыйлайды, не береді келер күн,

Не де болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.

2-оқушы: Әжесі Тиынның естелігінен

Ақынның атасы көкпар тартып жүріп аттан құлап аяғы сынады. Ел - жұрт оны аттың алдына өңгеріп, аяғын салбыратып әкеледі. Туысқандары сынықшы іздеп кеткенде, әжесі атасына «Мына аяқ түбінде аяқ болмайды, шауып тастау керек» дейді. Атасы келіседі. Балтаны өткірлеп, ақынның батыл әжесі аяқты шауып тастап, жуып, таза шүберекпен орап қояды. Үш күннен кейін сынықшы келіп, бәрін дұрыс істегендігін айтып батасын береді. Бәйбішесінің мінезіне қарап атасы (Мұқағалидің әжесін) «Көкдауыл» дейді екен. Әжесіне арнап ақын «Сөнбейді, әже, шырағың» деген өлеңін шығарған.

1-ж: Кезінде Нұрғиса Тілендиев өз естелігінде былай деген екен: «Бірде Мұқағали, әйелім Дариға үшеуіміз қыдырып келіп, күрең шайды рахаттана ішіп отырғанда көңілденіп кетіп әйеліме «Дариға, домбырамды берші маған» деппін. Қиядағыны көзбен шалатын Мұқағалиға әлгі сөз әсер етіп, әсем жырды төге салды да, «Енді осыған ән жазыңыз, аға!» дейді. Сөйтіп тамаша ән дүниеге келді.

2-ж: Ән сал, жаным,

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жер - көктегі.

Ән «Дариға, домбырамды берші маған».

1-ж: Ақынның жары Лашынның естелігінен

«Мұқағали кірпігі әрең қимылдап ауруханада ақырғы сәттерін күтіп жатты. Әбден арыған, сөйлеуге шамасы жоқ, сол қалпымен жатып, ақырғы күшін жинап соңғы рет тілге келді: «Лашын, такси әкел. Одаққа барайық...Балаларым жас еді. Бітпеген жұмыстарым бар еді..» деп сыбырлап әрең-әрең айтып шықты. Сөйтіп Мұқаң өзінің сүйікті Жазушылар Одағына әлдене айтқысы келіп жатып жан тәсілім етті.

«Арыз жазып кетейін» өлеңі

2-ж: Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,

Күнделікті тірлікке бой суытпа, - деп дарынды ақынымыз жырлағандай, өдеңдері көркем қуатымен, еркелігімен халқының жүрегіне жол тауып жатты. Сондай өлеңінің бірі - әкеге арнау өлеңі.

«Әке» өлеңі

1-ж: Ғашықпын,

Шын ғашықпын, сол адамға!

Мен болмасам болмайын, сол аман ба?

О, Тәңірім, неткен жан ед қайрылмайтын,

Жүрегі еттен бе, әлде қолдан ба?! - деген сыршыл ақынның жастық алау шағында жазған махаббат, ғашықтық жайындағы өлеңдер топтамасы бір арнаға тоғысады.

2-ж: Махаббат па, әлде басқа сезім бе?

Сезінбедім сол бір сәтте өзім де.

Қысқа өмірдің қызғылықты сәтінің

Негативі әлі менің көзімде.

(Өлеңді тыңдау)

1-ж: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, - деп өзі жырлағандай өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмек емес.

2-ж: Байғазы етіп байлаған халқым маған,

Менің де бір күйім бар тартылмаған.

Менің де тұғырдағы қыраным бар,

Асқар шың, аспанды аңсап шанқылдаған.

1-ж: Батар, кетер келмеске күнім менің,

Қалар бірақ киелі тілім менің...

Қасіретті шақтардан түңілгенде,

Қасиетті тілімнен түңілмедім...

2-ж: Менің мына қайта туған күнімде,

Сөйле оркестр, дүрілде бір дүрілде!

Сөйле, Моцарт, менің Ана тілімде!

Сөйле, Данте, менің Ана тілімде!

1-ж: Қайсыбір қиын - қыстау ай, күндерде,

Шойрылтып түссе дағы қайғым белге,

Алаңсыз аққуымды атпасын деп,

Жатқа да жастарханды жайдым төрге,

Аққулар ұйықтағанда айдын көлде...

2-ж: Жалғасы бар,

Жырымның жалғасы бар,

Жырларым жылдарменен жалғасындар...

1-ж: ...Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай,

От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай, дей келіп «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты

әдеби - сазды кешімізді аяқтаймыз.

2-ж: «Өлсе өлер М.Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.» - деп ақын өзі жырлағандай ақындық сыры да, өзі жырлаған таулардың асқарындай асқақ жыры да халқымыздың мәңгі есінде қалды.

«Есіңе мені алғайсың» әні


© 2010-2022