Баяндама СЫНИ ОЙЛАУ-ШЫҢДАЛҒАН ОЙЛАУ

Ахмет Байтұрсынұлы: «Келешек ұрпаққа екі байлық қалады: біреуі- кең байтақ жері, екіншісі- көлдария тілі» десе,  жас жеткіншектерді ата- бабаларымыздан қалған асыл мұра- ана тіліміздің тарихынан білімдерін жетілдіру, тіл өнерін шешендікпен тапқырлықты, ұлттық мәдениетті қадірлеуге баулу. Үйрену үрдісі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.   Сабақ қарастырғалы  тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтау. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына әсер ету....
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СЫНИ ОЙЛАУ-ШЫҢДАЛҒАН ОЙЛАУ


«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен еліміздің өркениетке апарар жолдың бастауы - мектеп.

Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға арналған стратегиялық дамуы бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңінен толғай отырып «мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар-біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз- баға жетпес биік тұлға.

Қазақ тілін оқыту барысында туған тілілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орнын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ тілі-оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттың салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелейміз.

Ахмет Байтұрсынұлы: «Келешек ұрпаққа екі байлық қалады: біреуі- кең байтақ жері, екіншісі- көлдария тілі» десе, жас жеткіншектерді ата- бабаларымыздан қалған асыл мұра- ана тіліміздің тарихынан білімдерін жетілдіру, тіл өнерін шешендікпен тапқырлықты, ұлттық мәдениетті қадірлеуге баулу.

Ал қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданып келеді. Технология-грек сөзі, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Мақсатты білім беру- технологияның басты белгілері. Ахмет атамыз «Оқытатын адам бала оқыту ғылымын жақсы білуі керек»-деп айтқандай, қазіргі ең басты мәселе-өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушы тұлғасын қалыптастыру, яғни оқушы білімін халықаралық деңгейге жуықтау. Бұл дегеніміз-білім беру саласындағы жаңа идеяларды және оқыту технологияларын толық пайдалану, мектептің оқыту үрдісінде енгізіліп жүрген теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?

  • Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

  • Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Ой толғаныс

Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру. Білім арқылы тәрбиелікке, даналыққа бастау алады. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Ой-толғаныс сабақты қортындылау кезеңі. Үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін үйренеді.

Бес жолды өлең

Венн диаграмма

Еркін жазу

Сол сияқты стратегиялар ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай қолданылады.

«ИНСЕРТ», «Түртіп алу жүйесі» стратегиясы оқушының өзіндік білім деңгейін тексеруге қолайлы әдістердің бірі. Сонымен қатар оқушы білімін тереңдетуге мұғалімге көмекші әдіс ретінде табылған.

«Екі жақты күнделік» стартегиясы арқылы оқушының қоршаған ортаға өз көзқарасын білдіруге, ойын ашық айта алуға талпындыратын әдістің бірі болып табылалы.

Ал «Семантикалық карта» стратегиясы оқушы мен шығарма арасындағы байланысты үдетеді. Оқушының шығарма мазмұнын жетік меңгеруін көздейді.(жаңа сабақ кезеңінде)

«Концептуалдық кесте» стратегиясы кейіпкер жанын түсінуге, өмірлік ұстанымын тануға, оның іс-әрекетіне адамгершілік тұрғыдан баға беруге үйретеді.

«Ой толғаныс» кезеңінде оқушылардың сабақ үрдісінде алған білімдері тексеріледі.

«Венн диаграммасы» бойынша оқиға кейіпкерлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығы ажыратылады. (сабақты бекіту)

Тақырыпты жан-жақты талдауды қолдайды «Кубизм» әдісінде кубиктің 6 қырына сай жасалған тапсырмалар (яғни зерттеңіз, суреттеңіз, салыстырыңыз, қолданыңыз, бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестеді? Талда, қорған, қарсы шық) арқылы оқушыға жаңа білім мазмұнын игертуге болады.

Ұлы мұғалім- қанағаттандырады, шабыттандырады»- деп А.Уорт айтқандай оқушының құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып нәтижелі болуға тиіс. Өйткені, заман талабына сай білім беру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай өз тәжірибиемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор екені анықталды. Қорыта келгенде М. Жұмабаев айтқандай жеке тұлғаның жан көріністерінің үш түрінің:

  • Ақыл көріністері:

  • Ішкі сезім немесе көңіл көрністерінің:

  • Қайрат көріністерінің дамытуы - сын тұрғысынан ойлауымен байланысты.

Сөзімнің соңын Абылай ханның мына даналық сөзімен аяқтағым келеді.

Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік,

Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік!



© 2010-2022