Тропеция. Танымдық сабақ. Жаңа білімді менгеру

Тақырыбы: ТрапецияТүрі: Танымдық сабақТипі: Жаңа білімді меңгертуГеометрия 8 сыныпСабақтың басты мақсаты:Трапеция туралы түсінік беру,оқушылардың төртбұрыштар туралы ұғымын кеңейту.Көрнекілік және оқытудың техникалық құралдары: Слайдтар, геометриялық фигураларӘдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру,дәлелдеу, зерттеу,іздендіру,бақылау, практикалық.Пәнаралық байланыс: Әдебиет,тарих, информатикаЖаңа технология: Дамыта оқыту,ақпараттық.Сабақтың кезеңдері:I .Кіріспе1.1 Сабақтың міндеттері:Білімділік: Оқ...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Трапеция
Түрі: Танымдық сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Геометрия 8 сынып

Сабақтың басты мақсаты:
Трапеция туралы түсінік беру,оқушылардың төртбұрыштар туралы ұғымын кеңейту.
Көрнекілік және оқытудың техникалық құралдары: Слайдтар, геометриялық фигуралар
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру,дәлелдеу, зерттеу,іздендіру,бақылау, практикалық.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет,тарих, информатика
Жаңа технология: Дамыта оқыту,ақпараттық.
Сабақтың кезеңдері:

I .Кіріспе
1.1 Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды трапеция ,оның түрлерімен және элементтерімен таныстыру, трапецияның элементтерін табуға есептер шығаруды меңгерту.
Тәрбиелік: Әр оқушының өздігінен еңбектенуге,тапқырлыққа, шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,есте сақтауын дамыту,пәнге қызығушылығын оятып ,белсенділігін арттыру

1.2Бағытталған негізді іс-әрекеттер құру:
1) Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесіп, жоқ оқушыларды анықтау.
2) Үй тапсырмасын тексеру: № 2(2),№5 есептер ,4п
3)Жаңа сабақты меңгерту:
4)Жаңа сабақты бекіту
5)Оқушы білімін бағалау
6)Үйге тапсырма беру
7)Сабақты қорытындылау

1.3 Проблемалық жағдаяттар құру: Пысықтау сұрақтары
II .Танымдық жұмыстар
2.1. Оқушыларды қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету
Теориялық бөлім
- Трапеция анықтамасы
- Трапецияның шығу тарихы
- Трапецияның түрлері,элементтері
Шығармашылық бөлім
- Шәкәрім жұмбағын шешу

Дәлелдеу бөлімі:
- Егер диагоналдар перпендикуляр болса,онда h ac
- Сызбаны сызып, формуланы жазу

2.2.Қосымша әдебиеттер қолдану
- Анықтамалықтар, «Шың» оқулығы, тарихи мағлұматтар, оқыту әдістемелігі

2.3 Алгоритмді тапсырмаларды орындау
Практикалық бөлім
- Ауызша есептер шығару
- Оқулықпен жұмыс: № 65,№ 66 есептер шығару

2.4.Жеке жұмыстар үшін тапсырмалар:
Параллелограмнан ,ромбтан,квадраттан,тіктөртбұрыштан трапеция қиып түсіру.
III.Бақылау - бағалау

3.1.Эвристикалық тапсырмалар. Логикалық есепті шешу.
3.2 Бекіту сұрақтары

- Қандай төртбұрыш трапеция деп аталады?
- Трапецияның табандары деп нені айтады?
- Бүйір қабырғалары деп нені айтады ?
- Тең бүйірлі трапеция деген не ?
- Тік бұрышты трапеция деген не ?
- Трапецияның биіктігі,диагоналы деген не?
3.3 Оқушы білімін бағалау
IY.Үйге тапсырма беру
5 п, № 68,№ 70
Y.Сабақты қорытындылау
Трапецияның параллелограмнан айырмашылығы неде?

© 2010-2022