Шерхан Мұртаза Тұтқын бала

Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романынан үзінді) Сабақтың мақсаты: білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығана шолу жасау, азаматтық тұлғасын ашу, қызыл империяның құрбаны – Тұрар Рысқұловтың балалық шағындағы саналы да, батыл бейнесін ашу.  дамытушылығы: әдеби тілді меңгерте отырып, оқушының сөздік қорын молайту, ой түю, талдау қабілетін дамыту, өз пікірін ашып айту қабіліетін арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру, жүйелі түрде мазмұндау қабілетін қалыптастыру;  ...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романынан үзінді)

Сабақтың мақсаты: білімділік - жазушының өмірі мен шығармашылығана шолу жасау, азаматтық тұлғасын ашу, қызыл империяның құрбаны - Тұрар Рысқұловтың балалық шағындағы саналы да, батыл бейнесін ашу.

дамытушылығы: әдеби тілді меңгерте отырып, оқушының сөздік қорын молайту, ой түю, талдау қабілетін дамыту, өз пікірін ашып айту қабіліетін арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру, жүйелі түрде мазмұндау қабілетін қалыптастыру;


тәрбиелік - бір - бірінің пікірін бағалауға, отанды сүюге, патриоттық рухқа, тарихи тұлғаларымызды құрметтеуге, адамгершілікке, адам бойындағы асыл қасиеттерді өз бойына сіңіруге әділ, батыл,шыдамды болуға тәрбиелеу;

Түрі: жаңа сабақ, ізденіс сабағы, білік пен дағдылы қалыптастыру

Формасы: топпен жұмыс

Әдісі: шығармашылық ізденіс, ой қозғау, венн диограммасы, ББҮ кестесі, деңгейлік тапсырмалар (ҮӘЖ технологиясы бойынша)

Көрнекілігі: әдеби материалдар, баспасөз материалдары, деңгейлік парақшалар, тарихи тұлғалардың портреттері, «ашық журнал».

Техникалық құрал: интерактивті тақта

Пән аралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, география.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аударту, дайындау, оқу құралдарын түгендеу, жоқтарды белгілеу.

I кезең. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Әбдіжәміл Нұрпеиісовтың «Балықшылар» үзіндісі бойынша Елеманға мінездеме беру

  2. Үй тапсырмасын бекіту. Әр топтан Еламанға, Андрейге тентек Шодырға 5 жолды өлең құрастыру.

II кезең. Жаңа тақырыпты меңгерту

Әр топқа үйден ізденіс жұмысына Шерхан Мұртаза мен Тұрар Рысқұловтың өмір жолын зерттеп келуі керектігі хабарланады.

Бірінші топ:Шерхан Мұртаза - әдебиет әлемінің майдангері, қоғам қайраткері.

Екінші топ: Тұрар Рысқұлов - қоғам қайраткері, таудай алып тарихи тұлға.

Үшінші топ: «Қызыл жебе» романы қалай жазылды? Мұхтар Әуезовтың Тұрар Рысқұлов туралы қандай шығармасы бар? Тұрар туралы қандай кинофильм білесің?

Мағынаны таныту:

  1. Үзіндінің үш бөлігін үш топқа бөліп беру

Қойылатын талаптар:

ә) мәтінді түсініп оқы;

б) мәтіндегі негізгі ойды анықта;

в) мәтіннің мазмұнына сай жоспар жаса;

г) мәтіндегі оқиғаның өз пікіріңмен көзқарысыңмен, ойыңмен тұжырымдай біл, кейіпкерлерді сарапта.

д) оқушылардың түсінбеген сұрақтарына мұғалімнің жауап беруі.

  1. Сөздік жұмысың жүргізу

  2. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

  3. Эпопея дегеніміз не?

Жаңа сабақты бекіту: топтарға сұрақтар беру.

Бірінші топ:Оқулықтағы басты кейіпкерлерді ата.

Екінші топ: Шығарма қандай жанрға жатады?

Үшінші топ: Шығармада жазушы қандай көркемдік тәсілдерді пайдаланған? ( баяндау, суреттеу, диолог элементтері бар ма?)





Деңгейлік тапсырмалар.

I деңгей

  1. Шерхан Мұртаза кім, оның қазақ әдебиетінде алатын орны қандай?

  2. Тұрар Рысқұлов кім? Оның қайраткерлік тарихи тұлғасын аш.

  3. Шығармадағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ата.

Жағымды кейіпкерлер. Несімен жағымды?

Жағымсыз кейіпкерлер. Несімен жағымсыз?









II деңгей

  1. Әке мен бала арасындағы сезімді жазушы қалай суреттейді?

  2. Бала Тұрар басынан қандай қиындықтар өткізді?

  3. Тұрар неге шоқынбады? Тұрардың бойында қандай қасиеттер бар?

  4. Аркаша мен Тұрарды венн диограммасы арқылы салыстыру

Тұрар Ортақ Аркаша

Шерхан Мұртаза Тұтқын бала







III деңгей

  1. Әке мен баланың қоштасу сәтіндегі диалогты оқы.

  2. Шығарманың тәрбиелік мәні қандай?

  3. Рысқұл мен Тұрардың арасында қандай тарихи үндестік бар? Олар шынайы өмірде болған ба?

  4. Бала Тұрардан қандай Тұрар шықты?

IV деңгей

  1. « Әке көрген оқ жонар» халық мәтелін Тұрар өмірімен байланыстырып ой толғау жазу.\

Қорытынды: Бағалау. Үйге тапсырма үзіндіні аяғына дейін оқу, Тұрарға мінездеме жазып келу.

Қызылорда №222 Т. Рысқұлов атындағы мектеп.





© 2010-2022