Буынның түрлері (5 сынып)

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Буынның түрлері Сабақтың мақсаты: а) білімділік:Буын туралы түсінікті еске түсіре отырып,буын түрлеріне тоқталу,сөз қолданыста, мәтін құрауда буын түрлерін ажырата білгізу,буын түрлерін мәтін ішінен тапқызып, жасалу жолдарын ұқтыру ;

ә) тәрбиелік:

Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету,өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу,тіл байлықтарын дамыту,өз бетімен ізденуге,ой қорытуға дағдыландыру.

б) дамытушылық: жаңа білімді бере отырып,ой өрістерін кеңейту.Нақты тұжырымды сөйлей білуге қалыптастыру, шығармашылық қабілетке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі:сұрақ - жауап,ой қозғау,талдау,жаттығу әдісі,іздендіру,ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі:слайд, дидактикалық материалдар,суреттер
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару..
Ал балалар, балалар
Бәрің бері қараңдар.
Шын көңілмен назар сап
Оқысаңдар сабақты
Сендерден шығар даналар,-деп балаларға үлкен сенім артып, жауапкершілік жүктей отырып,саяхатқа шығамын.

Буынның түрлері (5 сынып)

Буынның түрлері (5 сынып)

Жеке дауыстыдан немесе дауыссыздан басталып, дауысты дыбысқа аяқталатын буын түрін ашық буын дейміз.
Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын түрін тұйық буын дейміз.
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын түрін бітеу буын дейміз.

Жаттығумен жұмыс.
1) 302 -жаттығуға назарымызды аударайық.Сөздерді дефис арқылы буын санын көрсетіп,буынның қай түріне жататынын айтайық.Өзім талдап көрсетемін.
Ел қон-ба-са жер же-тім, Құс қон-ба-са көл же-тім
т.б. б.б. а.б. а.б. бб. а.б. б.б. б.б. б.б. а.б. а.б. б.б. а.б. б.б.
Қалғанын оқушыларға талдату.
Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.
№ 1
Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес. Бауыржан Момышұлы.
№ 2
Ақылдың көркі - тіл,
Тілдің көркі сөз.
Жүсіп Баласағұни.
Орнында отырған оқушыларға 304 - жаттығуды орындауға беремін.Қалаған бір сөйлем жазып,буын түрін,буын санын көрсету.

Буынның түрлері (5 сынып)

Буынның түрлері (5 сынып)

Буынның түрлері (5 сынып)

© 2010-2022