Разработка урока по казахской литературе для 5-х классов

""Описание материала: "Этот урок разработан для дополнительных занятий по казахской литературе. Цель урока: Мақсаты:  Оқушыларды қиялдай білуге, табиғатты, қоршаған ортаны бақылап, аңғарымпаз, тапқыш болуға; антоним, синоним, омонимдерді қолдана білуге баулу. Оқушылардың логикалық ойлауға баулу. Урок разделен на несколько частей. "1 часть – Вводная. Где я сравлю перед учащимися цель, задачу урока. Говорю о том, что мы на уроке будем делать, что должны знать и уметь. "2 часть: работа с новыми сло...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

______ ______ _____ ______ 2013 жыл

5 «А» 5 «Б-1» 5 «В» 5 «Г» сыныптар

Тақырып: Жаңылтпаштар /2 сағат/.

Мақсаты:

Ауыз әдебиті түсінігінің мән-мағынасын ашу.

Оқушылардың білім деңгейінде ауызша және оқу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.

Қазақтың жаңылтпаштарға оқущыларда қызығушылықты ояту.

Тапсырмалары:

Меңгеру іскерліктері

Тыңдалым

«Жаңылтпаштар» мәтіні

Айтылым

Сұхбаттасу. «Жаңылтпаштар» тіл дамыту сабағы. Сұрақтар қою.

Оқылым

«Жаңылпаштар» мәтінін оқыту.

Жазылым

. Жаңа тақырыпқа жазбаша жаттығу, сөйлемдер жазу.

Оқушыға әдістемелік нұсқау:

«Жаңылтпаштар» - мәтінімен жұмыста халқымыздың халық ауыз әдебиетінің түрлеhіне баса назар аударыңыз.

«Жаңылтпаштар» атты сызбаны толтыр.

Жаңылтпаштар.

Тыңдау

Қазақ халқының әдет-ғұрып, тұрмыс-салтымен байланысты өлең, әңгіме-жырлар айтылып қана қойған жоқ, ойын-сауық үстінде жиналған жұртты күлдіру үшін ауыз әдебиетінің басқа үлгілері де қолданылды. Соның бір түрі - жаңылтпаш.
Жаңылтпаш айтқызып үйретуде жаңылтпаш айтушының әр сөзді нақты, дәл айтып үйренуін, тіл ұстартуға жаттықтыру мақсат етіледі. Жаңылтпаштың сөздері айтылуға қиын, көбінесе ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады. Жаңылтпаштың әр сөзі шапшаңдата, тез-тез айтылуға тиіс. Егер жаңылтпаш айтушы адам қиыннан құралған сан қырлы сөздерді орамына келтіріп айта алмаса, аздап тайып кетсе - онда күлкі болмақ.
Жаңылтпаштың сөздері қара сөз түрінде де, кейде өлең секілді ұйқасып та келеді.

Мысалы:
Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай,
Кім томағалайды,
Оны мен томағаламай,
Кім томағалайды.

Немесе:
Ар жақтағы құдияр құдам еді,
Ол мені қудаламады,
Мен оны қудаламадым, -
деп, соңғы екі жолды қайталап айтады.

Қазақтың салты бойынша, ойын-сауыққа, тойға келген жастардың бәрі де ән салып, өлең айтуға тиіс. Ал ондай өнері жоқтардан ойынды басқарушы адам жаңылтпаш айтуды талап еткен. Жаңылтпаштың әр сөзін ойынды жүргізуші өзі жайлап айтып беріп, екінші кісінің шапшаңдата қайталап шығуын талап ететін болған. Егер ойынға қатысушы адам жаңылтпаштың сөзін дұрыс айтпай, бұзып айтса, көпке күлкі болады. Осындай ыңғайсыз жағдайға қалмас үшін әр жас адам алдын ала өлең, ән, күй, би үйреніп, ойын-тойда өз өнерімен көзге түсуге тырысқан.
Жаңылтпаштың тіл ұстаруда тәлімдік мәні аса зор.

Жаңылтпаштар:
1.Көк базарда күзде бәрі бар,
Барып,бәрін,бәрін ал.

2.Таң атты ма,
Таң атпады ма?
Таң атпаса,
Оятпа Таңатты да.

3.Жапалақтап қаптап қар жауады,
Алқапты аппақ ақ қар жапты.

4.Анау арал қай арал?
Қайыңды арал, талды арал,
Ішінде бұзаулы ала марал.

5.Қыста боран болар, қар борар.
Қыздар шәлі, орамал оранар.

6.Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық,
Бес күзетші - бес пысық.

Үйге тапсырма: Жаңылтпашты жаттап келу


© 2010-2022