Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.   Мақсаты: Қазақтың тіл өнерін, шешендік пен тапқырлықты, қазақ тарихындағы салт-дәстүрлердегі тіл шұрайын тану, үлгі алуға дағдыландыру. Халық мәдениетін тіл арқылы насихаттау, ана тілінің өміршеңдігі, адам тіршілігіндегі тілдің рөлін қалыптастыру.           Сахналандырылған мерекелік кешті М.Шахановтың «Рух пен тіл» әнімен бастау. Кіріспе. Мұғалім: -         Студенттер, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргі...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Орал гуманитарлық-техникалық колледжі

Нурмукашова Майра Сагингалиевна

Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.


Мақсаты: Қазақтың тіл өнерін, шешендік пен тапқырлықты, қазақ тарихындағы салт-дәстүрлердегі тіл шұрайын тану, үлгі алуға дағдыландыру. Халық мәдениетін тіл арқылы насихаттау, ана тілінің өміршеңдігі, адам тіршілігіндегі тілдің рөлін қалыптастыру.

Сахналандырылған мерекелік кешті М.Шахановтың «Рух пен тіл» әнімен бастау.

Кіріспе. Мұғалім:

  • Студенттер, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз - қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» күшіне енді. Ана тілінсіз іс өрге баспайды. Ана тілімізді құрметтей білейік.

Менің тілім біреу-ақ,

Сөйлейтін де жазатын.

Тауып қойған тілеуі-ақ

Қазақ деген өз атын,

Дариядай пейілі,

Тілі, діні жырында.

1-жүргізуші:

Тілім барда қазағым бар,

Халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.

2-жүргізуші:

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

«Менің тілім өлмейді!» атты көрініс.

Түрме іші. Қайрат дауыстап өлең оқып отыр. Тергеуші екі күзетшімен кіреді.

Тергеуші: - Не туралы оқып отырсың? Бүгін жазаланатын күнің, білесің бе?

Қайрат: - Білемін. Мен «Ана тілім» туралы өлең оқып отырмын.

Тергеуші: - Айтар ақтық сөзіңді айтып қал.

Қайрат: - Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айрылып өз тіліммен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артығы жоқ өз тілінен.

Тергеуші: - Әй, оңбаған, шыныңды айт, (қағазды көрсетіп) орыс тіліңде жаз!

Қайрат: Мойныма алдым жаланы,

Туған жердің намысы.

Бөтен қолда кетпесін,

Титыққа орыс жетпесін.

Тергеуші: Әкетіңдер! Атыңдар! (Қайратты алып кетеді)

1-жүргізуші:

- Иә, теңдік, бостандық, тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Қаншама асылдарымыз құрбан болды. Солардың бірі - Қайрат Рысқұлбеков ағамыз еді.

1-оқушы:

Дархандығын елімнің,

Аз емес ел ұққандар.

Құнын білмей төрімнің,

Аз ба көңілін жыққандар.

2-оқушы:

Қасиетің ана тіл аз ба сенің,

Өзің барда ескермес, тозбас елім

Сен болмасаң, ұлы Абай ақын болып,

Мұқағали отты өлең жазбас еді.

Ә.Тіләлиевтің «Анамның тілі» әні орындалады.

2-жүргізуші:

- Халқымыздың тарихында елі үшін, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кемеңгерлері, ойшылдары, қайраткерлері аз болмаған. Солардың ең бастылары: От ауызды, орақ тілді, ақылы асып туған билер - Төле, Қазыбек, Әйтеке.

Ел тағдыры сынға түлкенде абыздай күңіреніп, арашаға келген осынау сұңғыла жандардың атқарған қызметі ұшан-теңіз. Ендеше, құрметті қонақтар, сол билерімізді ортамызға шақырайық. (ұлттық үлгіде киінген үш би кіреді)

  • Армысыздар, халайық!

1-жүргізуші:

Қош келдіңіздер, бабалар!

Үш кемеңгер дүлдүлім,

Сақтаған елім пір тұтар,

Қасиетті үш бабам тілім туралы не айтар?

Төле би:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілің жасау керек мәңгілік.

Қазыбек би:

Жетер енді әркімге ермейік,

Қазақ болсын құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген ана тілін халқым-ау

Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.

Әйтеке би:

Қазақ, қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің,

Мүмкін емес өлмегі.

Төле би:

  • Қош, балалар, бүгінгі тіл мерекесіне орай тақпақтарыңды тыңдап отырайық.

1-оқушы:

Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2-оқушы:

Тәуба, тәуба жаратқанға мың тәуба,

Біреу болсам қайтер едім жан ауға.

Менің ұлтым - қасиетті киелі,

Жасық емес асыл оның сүбесі.

Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні орындалады.

3-оқушы:

Үйде, түзде басқа тілде сөйлесек,

Қайтеміз біз тілімізге шөлдесек?

Өзімізді өзіміз қорлағандай боламыз,

Қошеметтен басқаны біз «жөн» десек.

4-оқушы:

Бір қазағым орысшалап бастайды,

Екіншісі шатып-бұтып қоштайды.

Қайран қазақ, «Дәрежеге жеттік» деп,

Өз тілінде жағын мүлде ашпайды.

5-оқушы:

Тілімізге келеміз тұрақтамай,

Ана сүтін жүрміз-ау түк ақтамай.

Жиындарды бастасақ басқа тілде,

Бабалардан туады сұрақ талай.

Әйтеке би:

  • Ал, енді балалар, тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Оқушылар:

  1. Ақыл көркі - тіл,

Тілдің көркі - сөз.

  1. Көңіл - гүл,

Тіл - бұлбұл...

  1. Аяққа кісен салуға болар,

Қолға кісен салуға болар.

Ал, тілге кісен болмас.

2-жүргізуші:

- Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

6-оқушы:

Асан қайғы, Жиренше,

Сөйлеп өткен қазақ тіл.

Жәнібек пен Қойлыбай,

Сыйлап өткен ғажап тіл.

Ата-анамыз әлдилеп,

Уатқан бізді баба тіл.

7-оқушы:

Сол туған тіл атауы -

Ежелгі біздің қазақ тіл.

Осы тілді жек көрген,

Дүниеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен

Баба тілің - шын асыл.

8-оқушы:

Тілім менің!

Осы тілде шежірем, жырым менің,

Асан қайғы арманы, Қорқыт күйі -

Тағдырыммен тамырлас мұңым менің.

9-оқушы:

Тілім менің!

Тіршілігім тынысым, құным менің!

Бас бергенмен, Махамбет тіл берген жоқ

Тіл кесілсе, не болмақ күнім менің?!

10-оқушы:

Тілім менің!

Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!

Тұнығым, рухани жан азығым,

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

11-оқушы:

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.

Аралыммен, арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау - парызым бүгін менің.

Е.Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әні орындалады.

12-оқушы:

Ана тілім, жүрегісің анамның,

Жүрек-ана, мен өзіңнен таралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

13-оқушы:

Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.

Анашымды ұмытқаным емес пе?

Ана тілім, егер мені ұмытсам!

14-оқушы:

Сенің әрбір тынысыңнан күн көрем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай тура қараймын?

Ана тілім, егер сені білмесем!

15-оқушы:

өнер алды - қызыл тіл,

ой толғаған сырлы тіл.

Қалауын тауып қар жаққан,

Тіл тілетін алмас тіл.

Қоршаған ал отау тіс,

Сарайын ашып, сырын біл.

Қазыбек би:

  • Балалар, мына мақалдың мазмұнын кім ашып береді?

  1. Ана тілің - қазынаң.

  2. Тіл қылыштан өткір.

Халықтың «Арынғазы» күйі орындалады.

Төле би:

  • Енді, балалар, сендердің шешендік өнерлеріңді сынайық. Сондықтан, «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық.

  • Ана тілін білмеген адам...

Оқушылар:

  • Ештеңе сезбейтін надан.

Би: - Түк сезбеген балаң...

О: - Жақсылық көрме одан.

Би: - Жүйрік тілді ақын бол...

О: - Жақсылыққа жақын бол.

Би: - Достарыңмен тату бол...

О: - Дұшпаныңа қату бол.

Би: - Ақындардың бірі бол...

О: - Туған елдің ұлы бол.

Би: - Туған жердің гүлі бол...

О: - Азамат бол, ірі бол.

Төле би:

  • Бәрекелді, болар елдің ұрпағы екендеріңді көрсеттіңдер.

Ел мақтар азамат болыңдар.

Сендерге жақсы бата берейін:

Айтқан сөзің аталы болсын,

Жүрген жерлерің бәтуалы болсын.

Дуалы ауыз әділ жан аталыңдар.

Осы сендерге бере батам. Әумин!

2 - жүргізуші:

Әр адамда өз анасынан басқа,

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері - түп қазығы, айдыны,

Туған тілі - сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт санасы, тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы...

Ән: «Туған жерім - Қазақстан»



© 2010-2022