Курмалас сөйлем 8 класс

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Курмалас сөйлем 8 классКурмалас сөйлем 8 классКурмалас сөйлем 8 классКурмалас сөйлем 8 классКурмалас сөйлем 8 классСабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:11.01.2016

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: А.Оразалы

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

Сабақтың мақсаты: Тұлға қалыптастыру

1.Білімділік: оқушылардың құрмалас сөйлем синтаксисі туралы білімдерін кеңейту, салалас құрмалас және оның негізгі белгілерін жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды халқымыздың тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

II.Үй тапсырмасын тексеру:

Жай сөйлем түрлерін қайталау

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 1. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.

1. Дүниеде тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да жоқ, халық та жоқ. (Ә.Кекілбаев)

2. 1986 жылдың Желтоқсаны қазақ халқының ұлттық сезімінің өсуіне айрықша ықпал етті және қазақтың өзін-өзі тануын, ұлттық мақтаныш пен тәуелсіздік туралы ұғымын түбірімен өзгертті.

2.Теориялық білім беру

*Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз.

Құрмалас сөйлем күрделі үш топқа бөлініп қарастырылады:

а) салалас құрмалас сөйлем,

ә) сабақтас құрмалас сөйлем,

б) аралас құрмалас сөйлем.

Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып келіп, бір-біріне тәуелді болмай, тең дәрежеде байланысады. Жай сөйлемдер бір-бірімен ұласпалы интонация, кейде жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады. Қоңырау соғылды, сабақ басталды. Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзді ол кек тұтқан жоқ.

Сабақтаса байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақсыз болып келіп, бірі екіншісіне бағына, сабақтаса байланысады. Біреу қағаз жазып, біреу іс тігіп отырса, біреу темір соғып, біреу машина жүргізіп тұр. Пышақ қанша өткір болғанмен, өз сабын жона алмайды.

Бұл сабақтастардың бірінші жай сөйлемдерін екіншілерінен бөліп, өз алдына дербес айтуға келмейді, өйткені жазып, отырса, соғып, болғанмен деген баяндауыштары тиянақсыз.

Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем болады, олар бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысады. Қарт әкенің қайғысын естіп, асыл перзентін жоқтаған ащы зарын тыңдағанда, біздің төбе құйқамыз шымырлады, көзімізден жас парлады.

3. Кесте арқылы жаңа тақырып туралы теориялық білім беру.

Салалас құрмалас

1.Іргелес,ұласпалы 2. Жалғаулық шылаулар

(тиянақсыз)

интонация

Құрмалас сөйлемнің түрлері.

1.Салалас 2. Сабақтас 3. Аралас

Жалғаулықтар:

  1. Ыңғайлас мәнді; да, де, та, те, әрі, және

  2. Қарсылықты мәнді; бірақ, алайда, дегенмен.

  3. Себеп-салдар мәнді; өйткені, себебі, сондықтан.

  4. Талғау мәнді: не, немесе, я, яки, не болмаса.

  5. Кезектес мәнді; кейде, біресе, бірде.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас дейміз.

Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

  1. Мағыналарының жақындығына қарай, іргелес тұрып, ұласпалы (тиянақсыз) интонация арқылы байланысады. Мысалы: Берден бұдан гөрі де шұбалта сөйлемек еді, әлденеден сүйретпеде жатқан қозылары шу ете түсті (Ғ.М.) Бұл сөйлемде бірінші жай сөйлемдегі ойға екінші жай сөйлемдегі ой қарама-қарсы айтылу арқылы құрмаласқан.

  2. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Шынында, Әбіштің сөздерінде әрі саясаттық шеберлік бар, әрі, бір жағынан, Семейдің үркек, шорқақ чиновниктерін айламен сескендіру де бар. (М.Ә)

Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін. Олардың арасындағы мағыналық қарым-қатынас бірыңғай болмай, әр алуан болып келуі мүмкін.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

93-жаттығу

Оқып шығып, мәтінді құрайтын сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар.

Тұрлаулы мүшелерін тауып, құрамына қарай талдаңдар.

Даналық сөздердің мағынасынан не түйгендеріңді топ ішінде анықтаңдар.

Мінезі жақсы төрге озар. Ыстық асқа үрме. Кісі айыбын ашқаннан жақсы. Үлкен келсе, аяғыңды аяма. (Ж.Баласағұни) Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскенде қайран жоқ. (С.Сарай) Досыңды барда да сына, жоқта да сына. (Ж.Баласағұни) Дос адам артық сұрамайды. (М.Қашқари) Сыйлағанды сыйла, илегенді иле. (Ж.Баласағұни) Құлағанның сұрағанын өтесең, өтеуін Құдай береді. Өш алғаннан гөрі, кешірген жақсы. (С.Сарай) Халық тарықса, үкімет жұтайды. (Ж.Баласағұни) Зорлық қылғанды кешіру-сорлы адамды зорлаумен бірдей. (С.Сарай) Торығып тапшылықтан өлсең де аштан, Ақысын жетімдердің жеме ешқашан. (Сағди).Кімде-кім адамдардан ұялмаса, ол Алла тағаладан да ұялмайды. («Мың бір хадистен».) Достық деп махаббат-осы екі ұлы сезім адамды мүлде өзгертіп жібереді.(Жан Поль)

Қорқақ-махаббатқа қабілетсіз, махаббат-ержүректің еншісі (М.Ганди)

95-жаттығу (ауызша)

Досымбектің досы қанша екен?

96-жаттығу

1. Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын өздерің ойлап тауып, салалас құрмаласқа айналдырып жазыңдар.

2. Содан кейін тұрлаулы мүшелерінің астын сызып, бір сөздің қайталануынан болған тұрлаулы мүшенің біреуін ғана қалдырып, салалас құрмалас сөйлемдерді бірыңғай мүшелі жай сөйлемге айналдырыңдар.

  1. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер. (Еңбек ерлікке, ерлік елдікке жеткізер.)

  2. Көз қорқақ, қол батыр.

  3. Еңбек түбі-береке, көптің түбі мереке.

  4. Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді. (Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді)

  5. Көп қорқытады, терең батырады.

  6. Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас.

  7. Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

2.Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып, сөйлем мүшелеріне талда.

  1. Кейде қабағы түксиеді, кейде бет-әлпеті күлім қағады. (Б.Майлин)

  2. Өмірдің өз заңы бар: қуаныш пен қайғы үнемі алмасып жатады.

  3. Кейде өзі илейді, кейде қызы илей салатын. (Н.Оразов)

  4. Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын. (Қ.Исабаев)

  5. Көз тоқтатар не бір тау жоқ, не орман жоқ (Ғ.Ахметов)

3.Әдебиет пәнімен байланыстыру.

Сөйлемнің қай әдеби шығармадан алынғанын, авторын айқындау.

  1. Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас.

  2. Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас.

  3. Ол қыздың көзі көктен де көгірек екен, оның шашы теңіз толқынындай екен.

  4. Оғыз қаған қатты қаһар шақырып, Үрім қағанға аттануға ниет қылды.

  5. Бір-бірлеп мың болар,

Тама-тама көл болар.

  1. Кішкентайында қиналса, үлкейгенде сүйінер.

IV. Үйге тапсырма беру:

1. Салалас сөйлем туралы түсінік

2. 96-жаттығу

3. Әдеби шығармалардан салалас құрмалас сөйлемге 5 мысал жазу.

V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VI. Сабақтың аяқталуы.

Тексерілді




© 2010-2022