«Педагогикалық тәжірибе: жаһандану жағдайында қазақ тілі мен әдебиетті оқыту мәселелері»

Тақырыбы: «Педагогикалық тәжірибе: жаһандану жағдайында қазақ тілі мен әдебиетті оқыту мәселелері » Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады . Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіру білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз», -деп бүгінгі күні білім саласының алдында тұрған міндеттерді атап көрсетті. XXI ғасыр – әлемдік жаһандану ғасыры. Әр халық өзінің ұлттық м...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кіріспе (1 слайд) Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқындай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Негізі бөлім ( 2 слайд)

XXI ғасыр - әлемдік жаһандану ғасыры. Әр халық өзінің ұлттық мәдениеті мен дәстүрін, тілі мен дінін сақтай отырып, білімі мен ғылымын тұтастандыруы қажет. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері экономикасының өсімі мен әлеуметтік проблемаларды шешудің басты тетігі білім мен ғылымда деп танып, білім саласындағы реформаларын жүзеге асырып отыр. Біз де тіліміздің өркендеуіне, өлмеуіне елім, жерім дей алатын азаматтың өсіп -өнуіне зор үлес қосуымыз керек. Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің ең басты түпкі мақсаты-тіл үйрету, тілді дұрыс қолдана білуге дағдыландыру, әрбір шәкірттің өз ана тіліне деген табиғи сүйіспеншілігін арттыру деп ойлаймын.

XXI ғасыр - ақпараттар ғасыры. Ақпараттандыру саласында болып жатқан жаңалықтардың барлығы да оқушының жан-дүниесіне ,мейлінше, әсер етеді.Қазіргі педагогикалық лексиконға педагогикалық технология түсінігі енді.

( 3 слайд) Жаңа білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы баланың білімін ,білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын , білім алу арқылы дамуын алдыңғы орынға қойып отыр.Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа білім беру технологиясының басты қағидалары -оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын , өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру.

( 2 слайд) ХХI ғасыр - шығармашыл тұлға тәрбиелеу ғасыры

Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауларын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану және оның тиімді әдістемесін жасау өзекті мәселеге айналып отыр. Қазіргі кезде әдебиеттерде даму бағытын қамтитын 50-ден астам оқыту технологиялары қолданылып жүр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

( 4 слайд) Қазіргі таңда оқыту технологияларының мынадай түрлерінің элементтерін өз сабағымда қолданамын.

1. Дәстүрлі оқыту
2. Дәстүрден тыс оқыту
3. Дамыта оқыту
4. Деңгейлеп оқыту
5. Сатылай талдап оқыту
6. СТО
7. Үш өлшемді деңгейлеп оқыту
8. Модульдік оқыту технологиясы
9. Ойын арқылы оқыту
10. Проблемалық оқыту
11. Түсіндіре оза оқыту
12. Бағдарлап оқыту технологиясы
13. Тірек белгілері арқылы
14. Білім беруді ізгілендіру технологиясы
15. Интерактивті оқыту
16. Зерттеу - жобалау оқыту технологиясы

Осы технологияларды қолдану барысында оқушы бойында жеке тұлғалық қасиеттерді дамытуға болады. Қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізінде: -Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктері ескеріледі ;

-Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтары артады;

-Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу , іздену дағдылары қалыптасады.

( 5 слайд-) Өз іс-тәжірибеммен бөліссем:

Оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - туған тілдің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта білу керек.

Осы алдыма қойған мақсатымды жүзеге асыру жолында сан қилы тиімді әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың сапасын арттыруға көңіл бөлемін. Өткізетін сабақтарымның мазмұны мен құрылымын үнемі өзгертіп, аралас, интегралдық семинарлар, диспуд, саяхат сабақ, ойын, баспасөз конференциялары, модульдік, концерт сабағы, деңгейлеп оқыту, блок, сахналандырылған, т.б. оң нәтижелерге жетіп отырамын.

Тәжірибемде, модульдеп оқытуда ,оқушы білімді өздігінен пайдалана білу сияқты іскерлік дағдылармен қаруланады. Менің тарапымнан баламен өзара ортақ тіл таба отырып, оқушы мәдениетін көтеруге ықпал жасау жағы ескеріледі.

( 6 слайд) Жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөліктерінің бірі- дамыта оқыту. Осы талаптарды орындау үшін, біріншіден, оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алуына әрекет ету. Екіншіден, оқытудың дербес және топтық түрлері арқылы оқушыға сенім арту, мұғалім - ұйымдастырушы, бағыт беруші.

Үшіншіден, жаңа технологияның мақсаты - оқытуды ізгілендіру. Ол оқулықтарға деген көзқарасты өзгертуді талап етеді. Бұрынғы оқулықтар ескірген. Жаңа оқулықтарда оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет. Деңгейлік жұмыс істеуде бала жалықпайды. Күрделі тақырыпты қарапайым тілмен жеткізе отырып, әрбір бала өз бетінше түсінігін айта отырып, өзінің тіл байлығы мен білімін көрсетеді. Бірлесе отырып ,айтылған бір нұсқаны таңдап алудағы мақсат - бала бойындағы дарынын оянуына жол беру: ол - белгіліден белгісізге , яғни , жаңа ұйымдарды игеру бала белсенділігі арқылы айқындала түседі. Оқушылардың ой өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор. Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болғандығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне көзім анық жетіп келеді. Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай 3 топқа бөлемін: білімі толық, беске оқитындар- үздік топ, екінші топ- «төрттіктер» , үшінші топ- «үштіктер».

«5» бағасын алатын оқушылар өз бетінше ізденіп,оқулықпен қатар қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуі керек, ал «төртіктер» газет, жұрнал материлдарымен өз білімін ұштастырып отырып, оқулықпен сабақтастыруы- шарт, ал оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізуге шамасы келмесе, қосымша материалдарымен ұштастыра алмаса , онда ол оқушы «үштіктер» тобына кіреді.

Мұндай саралап оқытудың көп пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді.Әрбір топтағы бала білуге құмарта түседі, төменгі топтар жоғары топқа өтуге, жоғары топ төменгі топқа түсіп қалмауға талпынады. Ұтымды әдістер қолдану арқылы ғана оқушының білімге деген ынтасын ұштауға болады.Әр оқушының еркін ойлауына,дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі әдістер арқылы қолайлы жағдай жасауға тырысамын.Айталық, « Атаулар көмегімен болжау жасау», «Елеспен жетелеу» стратегиялары оқушының ой ұшқырлығын бақылауда,стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдаланып жүрмін.Қазіргі оқушыларды кең ауқымды көркем әдебиетті оқытуға баулу оңай іс емес. Бұл жолдағы қиындықты шешуге «Жигсо» әдісі көп көмегін тигізеді.Оқушы өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, басқа топ мүшелеріне түсіндіру үшін сурет те салады,сахналық көріністер де қояды.

Өз сабақтарымда жаңашыл тәсілдерді қолдану арқылы жеткен нәтижелерім мынандай: оқушының білім деңгейі түсінігінен басталады,алған білімін қолданып, қорытындылауға дейін жоғарылайды. Қабылданған жаңа ақпаратты саралап , мәселені өзі шеше алуға мүмкіндігі болады.

( 7 слайд) Технология- шартты мағынада айтсақ , әр мұғалімнің өзіндік шеберлігінің нәтижесінде жинақтаған тәжірибесі. Ол біреудің жасағанын қайталап көшіруде , қатып қалған тәртіппен орындалатын әдіс те емес.Технология - мұғалімнің үнемі ізденісі мен шығармашылығының өсіп отыруы. Мұғалім кез келген адамның жасағанын көрсетіп , айна қатесіз салып отырса,өспейді, шеберлігі шыңдалмайды. Екінші бір айта кетерлік жайт, шетелдің жылтырама технологияларына әуестенбей ,өзіміздің отандық ғалымдар мен әдіскер мамандардың технологияларын оқып, үйренген абзал. Алысқа бармай-ақ, өз жерлесіміз Қ. Бітібаеваның «Әдебитті оқытудың инновациялық технологиялары » атты кітабынан да аларымыз көп. Табиғаты таныс, дүниетанымы ортақ өзіміздің отандық технологиялардың кез келген мұғалімге берері де көп екені даусыз. Сонымен қатар,білім сапасын арттыруда- мына мәселелерге басты назар аударуымыз керек: Әдетте, мектепте балаларда қызығушылық пен көтеріңкі көңіл күй туғызатын өзіндік шығармашылық тапсырмалары көп сабақтарды кеңінен қолданамыз.Әрине , мұның барлығы сабақтың тартымдылығын арттырып, оны қызықты да нәтижелі еткенімен, жеке тұлғаға бағытталған сабақ деп санауға негіз болмайды. Ең маңыздысы - әр оқушының ерекше болмысын , тұлғалық қасиеттерін мойындау. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз- оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, олардың қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты , «сахналық» алаң. Жоғарыда аталған әдіскер Қ. Бітібаеваның технологиясы да осыған негізделген. Қазіргі міндет - тәжірибесі терең , технологиясының «қоржыны» толы әр мұғалім бала бойына өз ізденістерін жеткізе білу.
( 7 слайд) Қорытынды:

Жаңа технология әдістерін қолдану - бұл әр баланың жүрегіндегі сезім - талшықтарын, қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын жетілдіру. Баланың тапқан жаңалығын сыртқа шығару, талдау. Қай технологияны сабақта қолдансаң да, осы тұжырымды басшылыққа алу керек. Сонда ғана оқушылардың білім сапасын арттыруға қол жеткізесің.Осы орайда, «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес , ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

© 2010-2022