Жүрегімнің түбіне терең бойла

Жүрегімнің түбіне терең бойла.Мақсаты: оқушыларға 1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздер, оқушылар бүгінгі «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты Абай оқулары байқауына қош келдіңіздер. Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?Жырымен жан сусынын қандырған кім?Қастерлеп сөз асылын өлеңменен,Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?2-жүргізуші:Ерте оянып, ойланып ер жеткен кім?Талабын тас қияға өрлеткен кім?Құба жан, құбақан құм құла қырды,Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 1-жүргізуші: Абай бейнесінде бір оқушы шығып өз ө...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүрегімнің түбіне терең бойла.

Мақсаты: оқушыларға

1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздер, оқушылар бүгінгі «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты Абай оқулары байқауына қош келдіңіздер.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Қастерлеп сөз асылын өлеңменен,

Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?

2-жүргізуші:

Ерте оянып, ойланып ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жан, құбақан құм құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

1-жүргізуші: Абай бейнесінде бір оқушы шығып өз өсиетін айтады. (Дамир)

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қой ма?

Мен өлең арқылы келешек ұрпаққа үлкен мұра, асыл қазыналы алтын сөз қалдыра білдім. Үміт еткен шеберлік пен сөз жақсысы, сөз асылы, мен жазған өлең мен қара сөзде сыр шертіледі. Талаптарыңа нұр жауып, өлең жолындағы, поэзия әлеміндегі қанаттарың мәңгі талмай қалықтай берсін!

2-жүргізуші:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе,

Адалдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге - деп С. Торайғыров айтқандай келешек ұрпаққа Абайды оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан теңіз. Ұлы Абайдан алатын басты өнеге - оның данышпан тұлғасы, алтын бесік туған еліне деген сүйіспеншілігі.

1-жүргізуші: Ендеше Абай оқулары байқауның шарттарымен таныс болыңыздар.

  1. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» ақын өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқу.

  2. «Қара сөздің - тұңғиығы тереңде» ақын қара сөздерін оқу.

  3. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» әндерінің байқауы. Байқауға әр сыныптан 3 оқушыдан қатысуы тиіс.

2-жүргізуші: Байқау шарттарымен таныс болсақ, бүгінгі шараның төрелігін беретін, шын жүйрікті анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Мектеп директоры Талғат Қатауов

2. Тәрбие ісі меңгерушісі Гүлсая Ажигалиева

3. Тарих пәнінің мұғалімі Бақытжан Ақдоңов

1-жүргізуші:

Шапағат боп шым алтын шұғыладай,

Махаббат боп мәңгілік тұнып арай.

Өлең жырға жөн сілтеп мәңгілікке,

Парасатты сыйлап тұр бүгін Абай. Олай болса байқауымыздың алғашқы кезеңі «Өлең сөздің - паатшасы, сөз сарасы» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға кезек береміз.

Бірінші байқауды бастаушы

5-сынып оқушысы Беәйсова Мөлдір

6-сынып оқушысы Нұрбеков Нұрхан

7-сынып оқушысы Тасқалиева Мадина

8-сынып оқушысы Ильясов Думан

9-сынып оқушысы Ақымғожина Айтолқын

2-жүргізуші:

Байқауымыздың ІІ кезеңі «Қара сөздің - тұңғиығы тереңде» деп аталады. Бұл турда қатысушы үміткерлер ақынның екінші бір қырынан танытып, қара сөздің тереңінен орын ап, өмірде көрген мен білгенін, естігені мен түйгенін қара сөздің бойынан іздеп өз қабілеттерін шыңдай түседі. Ендеше ІІ кезеңімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. Ақынның болашаққа аманат еткен мұрасы поэзиясы, қазынасы - қара сөзінің құдіреті, өлмейтін, өшпейтін дүниесі, жүрегіңді жандырған әндері бүгінде бар оқырман мен тындарманның назарынан тыс қалмайды. Өйткені ол жаңғырып, өз орынын табады.

1-жүргізуші:

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Оның тәтті оралған мәні оятар.

Кейде сауық, кейде мұң дертін қозғап,

Жас балаша көңілді жақсы уатар.

2-жүргізуші:

Өзгеге көңілім тярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың.

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың. Олай болса ІІІ турымызға ақын әндеріне кезек берейік.

Барлық турдан өтіп мәреге де жеткендейміз. Олай болса бүгінгі байқауда өз көзқарасын, сыны мен мінін айтып түзетер әділ-қазылар алқасына сөз кезегі беріледі.



Ма ра пат та ла ды.

Қорытынды сөз. Қазақтың баласы Абайдың ұлылығын, даналығын сырлы жүрегін бесік жырынан, отбасы қара шаңырағынан тыңдап өсті. Сондықтан қазіргі заманда әр үйдің төрінде суреті мен сөзі тұрса, сол үйдегі ұрпақ тәрбиесіне өнеге болары сөзсіз. Өйткені Абай туған халқының данышпан ұлы, асқар тау, ағар бұлағы, қасиетті ана тілінің шешендік бастау, қамқор бабасы.

Осымен бүгінгі «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты Абай оқуының байқауы да өз мәресіне жетті. Ақын мұрасы барша халықтың жүрегінің төрінен орын алып, мәңгі жасай берері хақ.



© 2010-2022