Коучинг сабак жоспары Бірлескен және топтық іс-әрекет!

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Бекітемін»

Мектеп директоры: У Жуман

Коучинг-сессия жоспары

Тақырыбы

Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару.

09.11.2015ж

Мақсаты

Топтарда бірлескен жұмыс жүргізу ережесін жасау; Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу; Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету ;тиімді топтық қарым-қатынас орнатуға дағдыландыру

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Ой қозғау; Сұрақ қою; Бірін-бірі оқыту;Топтық зерттеу; Зерттеушілік әңгіме;

Диалогтік оқыту.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер өз сабақтарында топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе алады, шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игереді.

Уақыт

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ресурстар

5-минут

Сергіту сәті.

«Амандасу» Жағымды ахуал қалыптастыру. Жаттығудың психологиялық мәні: қол беріп амандасу мейірімділік пен кеңпейілділіктің көрінісі. Бұл уақытта көзбен қарым-қатынас жүзеге асады. Бұл жақындық пен позитивті ішкі сезімнің қалыптасуына септігін тигізеді. Іс-әрекеттің сөзсіз (сөйлеуге болмайды) жүруі топ мүшелерінің көңіл аударуын күшейтеді.

Әрбір адам бір мезгілде екі қолмен екі адаммен амандасу керек. Бір қолды тек қана амандасуға дайын адамды тапқан кезде босатуға болады. Бірақ 1 секундтан көп уақыт бос қалмауы керек. Мақсаты - топтағы бүкіл адаммен амандасып шығу. Ойын барысында ешкім сөйлемеуі керек.


10 минут

Фильм «Әлем өзгерумен бізде өзгереміз»

Фильм көреді

Видеофильм

20 минут

1.«ЭЫДҰ» қорытындысы бойынша шолу жасайды.

2. Сұрақтар беріледі: а) топтық жұмысты жүргізудің мақсаттары қандай?

б) топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар?

3.Топтардың көлемі қандай болу керек?

4. Тиімді топтық қарым-қатынас деген не?

«ЭЫДҰ» қорытындысымен танысып, видеофильм мазмұны бойынша, топтық жұмысты жүргізудің мақсаттары,топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы әңгіме өрбітіп, зерттеу жүргізіп, топта талқылау жасайды.

Таныстырылым

10 минут

Әр топ өзінің мүшелеріне арналған топ ережесін құрады. Таныстырады.

Топпен ақылдасып, бірлесе отырып,ынтымақтастықта орындайды.

Маркерлер, плакат, стикерлер

5 минут

Сергіту сәті

«Қара жорға» биіне билейді.


20 минут

Топтарға тапсырма:

Оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасын сипаттау мақсатында дәстүрлі және интербелсенді сабақтар кезіндегі олардың (оқушы мен мұғалімнің) өзара қатынасының ерекшеліктерін анықтап салыстырыңыздар, қорғаңыздар.


Топ мүшелері дәстүрлі сабақ пен интербелсенді сабақтың айырмашылықтарын, ерекшеліктерін анықтап, салыстырады, бірлескен оқудың пайдасын түсінеді. Дәстүрлі сабақ пен интербелсенді сабақтың әлсіз тұстары мен жағымды жақтарын ажыратады.Постер қорғайды.

Маркерлер, плакат, стикерлер

15 минут

  1. Топқа бөлінудің тәсілдері. Топқа бөлінудің қандай тәсілдері бар?

  2. Қорытынды.

  3. Рефлексия жазуды ұсыну

1. Мұғалімдер өздерінің білетін әдіс-тәсілдерімен бөліседі.

2. Топтық жұмыс-оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Бұл тәсіл арқылы оқушылар қандай мүмкіндіктерге қол жеткізуге болатыны жайлы ой қозғайды.

3. Мұғалімдер: Нені білді? Нені білгісі келеді? Ұсыныстар? жазады

Слайд

Стикерлер

Ерлибекова Б

© 2010-2022