Оценивание для обучения и обучения

Донная программа предназначена учителю второго уровня для проведения коучинг занятия по модулю оценивание для обучения и обучения. цель коучинг - занятия: познакомить педагогов с новыми методыми оценивания, рассказать какое бывает оценивание. провести мастер класс. Учитель призван совершать чудеса. Их ждут от него ученики. И это происходит, если смоделированы такие условия, при которых личность ребёнка получает наибольшее развитие.Традиционная система обучения основана на передаче готовых знани...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2 коучинг - сессияның жоспары.

Коучинг тақырыбы: 1.«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау»

Жалпы мақсаты:

Әріптестерімізді педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпалдасу. Мұғалімдерге оқушылардың айқындалған критерийлерге сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жасай бiлуге қол жеткізуін үйрету.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер формативті және жиынтық бaғалаудың айырмашылығын біледі, критериалды бағалауды сабақтарында қолдана алады

Түйінді идеялар:

Формативті бағалау - оқыту үшін, ынталандырушы бағалау. Бағалау бұрынғы тәжірибеміздегі сияқты оқыту мен оқудан кейінгі болатын үдеріс емес, оның ажырамас бөлігі екендігін меңгерткім келді

Сабақта қолданылатын материалдар: Слайд-презентация, видеожазба, тренингтер, маркерлер.

Оқыту әдістері: Жаңа әдістер

Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі

«Галерия», «БББ».

Дерек көздері: Әдістемелік нұсқау

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық .

Тапсырмалар: Топтық талдау, салыстыру, зерттеу, сыни ойлау.

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

Қоданылатын әдіс-тәсілдер Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті



  1. Тренинг. Өзін таныстыру және бір жақсы қасиетін айту

  2. Топқа бөлу (2 мин) Кәмпиттер арқылы топқа бөлу. Топтың атын, топ ұранын құру.

Қызығушылықты ояту кезеңі

  1. «БББ» әдісі.

Бағалау дегеніміз не? «БББ» әдісінің «Білемін» бағанын толтыру.

Мұғалімдер «Білемін» бағанын толтырады.

Мағынаны ашу кезеңі

  1. Мұғалімдерге «үш торай» жайлы видеороликті көрсету және осы торайлардың салған үйлерін бағалату. Сіздер өздеріңіз қойған баға дұрыс деп ойлайсыздар ма?

  2. 5-11 сыныптың бақылау жұмысынан алынған бағаларын жариялағандағы реакциялары жайында видеороликті көрсету. Бағаларды айтып болғаннан кейін 5-11 сынып оқушыларында неліктен осындай реакция болды деп ойлайсыз? Сізде осындай жағдайлар жиі кездеседі ме? Осы ситуациядан қалай шығасыз? Оқушының қандайда бір жұмысын бағалауын түсіндіріп беру керек деп ойлайсыз ба? Және де оны қалай істейсіз?

  3. Мұғалімдерге торайлардың үйді салудағы критерийлерді ұсынып, қайта бағалау.

Бұл жерде бағалаудың қандай түрі қолданылды?

Бағалардың айырмашылығы болды ма, неліктен?

Сіздерге қайсы бағаны қою оңай болды?

  1. Мини-лекция тарату. интерактивті тақтадан лекцияға шолу жасау. Лекцияны оқып болып «Білдім, Білгім келеді» бағанын толтыру.

  2. Сергіту сәті: Екі қолды артқа қойып, мұрынмен ауаға өзінің сүйікті бағасын жазу.

  3. Мұғалімдерді пән бойынша топқа бөліп, бір тақырыпта критерий құрастыруға тапсырма беріледі, қалған екі топқа сурет салу ұсынылады: бір топқа «Киіз үй» суретін салуға критерий беріледі, екінші топқа критерийсіз. Суреттің екі түрлі болып шығу себебін түсіндіреді. Критерий арқылы бағалаудың маңыздылығын атап өтеді.

Критерийлер:

  1. Беттің толық қамтылуы

  2. Өрнектелуі

  3. 3 түсті қолдану /қызыл, сары, жасыл/

Мұғалімдерді өз постерлерін қорғауға шақыру. Әр топ өз постерін қорғайды.

  1. Фронтальді сұрау:

  1. Жаңаша жұмыс істеуге Сіз дайынсыз ба?

  2. Критериалды бағалауды барлық сабақта қолдануға бола ма?

  3. Барлық мұғалім жаңа тәсілдермен сабақ өтуі тиіс пе?

  4. Дәстүрлі педагогика енді керек емес пе?

Әр бағаға түсініктеме беру қажет пе? Барлық сабақта оқушыларды топқа бөлу керек пе?

Қорытынды

У. Уорд «Жай мұғалім-хабарлайды, жақсы мұғалім-түсіндіреді, керемет мұғалім-көресетеді, ұлы мұғалім-шабыттандырады» дегендей оқушыларымыздың оқуға деген ынтасын көтеріп, шабыттандыруға шақырамын

Рефлексия (5 мин) «Тілек шоғырына» өздерінің ұсыныстары мен тілектерін жазып, жабыстыру.

© 2010-2022