Қазақ тілінен емтихан билеттері (6 «Б» сынып)

1. Дара сөздер мен күрделі сөздер. Мысал келтір. 2. Сөз таптары.Әрқайсысына мысал келтір. 3. Негізгі сын есімге талдау жаса. Адал ұл ер боп туса – ел тірегі. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді. №2 1. Біріккен сөз деген не? 2. Сын есімнің мағыналық түрлері. 3. Сөйлемге морфологиялық талдау жаса. Күз түсіп, тауға қар жауа бастаған кезде таутекелер төмендеп түсіп, арша және басқа да бұталар өскен өңірге келеді. (Б. Мұқанов). №3 1. Қос сөздің жасалу жолдарын түсіндір. 2. Зат есім, оның мағыналық түрлері. ...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен емтихан билеттері (6 «Б» сынып)

№1
1. Дара сөздер мен күрделі сөздер. Мысал келтір.
2. Сөз таптары. Әрқайсысына мысал келтір.
3. Негізгі сын есімге талдау жаса. Адал ұл ер боп туса - ел тірегі. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді.

№2
1. Біріккен сөз деген не?
2. Сын есімнің мағыналық түрлері.
3. Сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
Күз түсіп, тауға қар жауа бастаған кезде таутекелер төмендеп түсіп, арша және басқа да бұталар өскен өңірге келеді. (Б. Мұқанов).

№3
1. Қос сөздің жасалу жолдарын түсіндір.
2. Зат есім, оның мағыналық түрлері.
3. Біріккен сөздердің қажетті сыңарын тауып жаз.
Қонақ..., үш..., Бота..., еш..., Жеті..., таң..., дәрі..., шаң..., мектеп.., жез..., әнеу..., қол..., ел..., бағдар..., ғалам..., сая..., тас...

№4

1. Сын есім, негізгі және туынды сын есім.
2. Күрделі сан есімнің жасалу жолдары.
3. Қос сөздің сыңарын тауып жазып, сөйлем құра.
Бұрын -... Егжей -...Жоғары -... Сауда -...Ой -... Ағыл -...Қып - Алты -

№5
1. Сан есім, мағыналық түрлері.
2. Шылаудың ерекшелігін ата.
3. Берілген сөйлемнен сын - қимыл үстеуін тауып, морфологиялық талдау жаса.
Күні бойы шауып зорыққан ит пен қасқыр жекпе - жек кездескенде, бойларына қуат бітіп, ашуға мініп, лезде ширығып алған еді. (С. Жүнісов).

№6
1. Есімдік, оның мағыналық түрлері. Әрқайсысына мысал келтір.
2. Күрделі үстеулердің жасалу жолы
3. Сөйлемнен жалқы есімді тауып, фонетикалық талдау жаса.
Абайдың кәрі әжесімен, өз шешесімен тұратын үйі осы еді. (М. Әуезов).

№7
1. Сабақты және салт етістіктер.
2. Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар, мысал келтір
3. Сөйлемнен сын есімді тауып, морфологиялық талдау жаса.
Түндіктен қара көк аспан көрінеді. (М. Сүндетов).

№8
1. Есімшенің жұрнақтарын ата.
2. Септеулік шылаулар. Мысал келтір.
3. Дара және күрделі еліктеу сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.



№9
1. Етіс, оның түрлері.
2. Көсемшенің тұлғаларын ата.
3. Сөйлемнен шылауларды тауып, шылаудың қандай мағыналық түрі екендігін айт.
Шуаққа адамдар ғана емес, жануарлар мен жәндіктер де шықты.

№10
1. Үстеу, өзіне тән ерекшеліктері.
2. Зат есіммен омоним болатын тұйық етістіктерді қатыстырып, сөйлем құра.
3. Сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
Жорықтан оралған жігіт Төле би үйіне келіп, жол үстінде көрген - білгенін әңгімелеп отырады.

№11
1. Үстеудің мағыналық түрлері.
2. Зат есіммен омоним болатын болымсыз етістікті ажырату жолы
3. Екі бағанға еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерді жаз.

№12
1. Еліктеу сөз, оның тұлғасына қарай бөлінуі.
2. Дефис арқылы және тіркесу арқылы жазылатын үстеулерді жазып шық.
3. Қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.
Ауыл - ауылдың арасында Қоянкөктің тізгінін босатып, ағызып - ағызып алады.

№13
1. Тұйық етістік, оның жасалуы.
2. Одағай сөздің тыныс белгісі.
3. Сөйлемнен күрделі зат есімдерді тауып, морфологиялық талдау жаса.
Алпысбай да арамшөп жұлып, біраз қимылдады. (М. Төрежанов).

№14
1. Шылау, өзіне тән ерекшеліктері.
2. Сан есімнің мағыналық түрлерін ата, мысал келтір
3. Еліктеу сөздерді етістіктермен тіркестір, сөйлем құра.
Бұрқ - сарқ... Зыр...Сатыр - сұтыр... Гүрс...Шиқ - шиқ... Сақ - сақ...

№15
1. Одағай, өзіндік белгілері.
2. Жинақтық сан есім
3. Морфологиялық талдау: Ойы жоғары,тілі алғыр шығарма естен кетпейді. (Ғ.М.)



№16
1. Дара және күрделі етістіктер.
2. Болымсыз етістіктің жасалуы.
3. Берілген сөйлемнен үстеулерді тауып, морфологиялық талдау жаса.
Күздің бір дауылды қара түнінде Көксерек тағы жоқ боп шықты. Енді қайта оралмастай болып кетті.


№17
1. Көмекші етістіктер.
2. Есімшенің жасалуы.
3. Құрамында есімшесі бар мақал - мәтел жаз.



№18
1. Септеулік шылау, түрлері.
2. Сан есімнің емлесі.
3. Қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.
Дермене - жабайы өсетін жусанның бір түрі.



№19
1. Біріккен сөздердің емлесі.
2. Бейнелеуіш сөздер.
3. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жаса.
Киіз үйдің көшіп - қонуға ыңғайлы, жеңіл болуы, дауылға, боран мен шаңға, құмға төзетіндей берік болуы ескерілген.



№20
1. Болжалдық сан есім, жасалуы.
2. Тіркесті сөздер, мысал келтір.
3. Деректі зат есімнен бір бағанға 10 сөз, дерексіз зат есімнен екінші бағанға 10 сөз жаз.



№21
1. Көмекші сөздер туралы түсінік.
2. Құрамында көсемшесі бар мақал - мәтел
3. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса.
Халық медицинасында алоэның жапырақтарымен, шырынымен, тұнбасымен тері ауруларын, күйікті емдейді.



№22
1. Белгісіздік есімдігі.
2. Дефис арқылы жазылатын шылауларды қатыстырып, сөйлем құра.
3. Қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.
Мына жүрісінен Аққұлақтың таңданып келе жатқанын білмейді. (М. Мағауин).



№23
1. Есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтар.
2. Одағайдың мағыналық түрлері.
3. Сөз тіркестерінен сөйлем құрап жаз: Бар ғаламда, барлық оқушылар, күллі адамзат, бүкіл дүние жүзі, тегіс жиналып, түгел келеді.

№24
1. Қатыстық сын есім, жасалуы.
2. Қосарлану арқылы, бірігу арқылы жасалған зат есімдерді ата.
3. Қарамен жазылған сөзге морфологиялық талдау жаса.
Автобус оларды тура үйінің алдына түсіріп кетті.

№25
1. Демеулік шылау, түрлері.
2. Топтау сан есім, ерекшелігі.
3. Қарамен жазылған сөзге морфологиялық талдау.
Мадина басын үнсіз шұлғып, ертегісін жалғастырды. (Б. Момышұлы).



© 2010-2022