Қазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы 2 сынып

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы 2 сыныпҚазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы 2 сыныпҚазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы 2 сыныпҚазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы 2 сыныпҚазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы 2 сыныпҚазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы 2 сыныпҚазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы 2 сыныпҚазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы 2 сыныпҚазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы 2 сыныпҚазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы 2 сыныпҚазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы 2 сыныпҚазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы 2 сыныпСабақ жоспары


Күні: 8.12.2015

Сынып: 2 «Б»

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы

білімділігі: Балаларға сөйлем түрлері оның ішіндегі сөздердіңбайланысы туралы мағлұмат беру отырып жаттығуларжазғызу.Сөйлемдегі әр сөзге сұрақ қойғызу арқылы олардың байланысын пысықтау

дамытушылығы: сөздік қорын,есте сақтау қабілеттерін ауыз екі сөйлеу

тілдерін дамыту

тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: оқулық, ребус, портрет, слайдтар, өзін-өзі бағалау парағы, белгілер

Қолданылатын әдіс: сұрақ-жауап, ребус шешу, топтық жұмыс, тест, іздендіру, ойын элементтері.


Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі.

1. Оқушылармен амандасу, құрал-жабдықтарын әзірлету.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Ризамын бүгінге,

Ризамын ертеңге,

Ризамын, ризамын,

Ризамын қазірге!

Өткен сабақты пысықтау.

Күн сәулесіндегі сұрақтар

* Сөйлем дегеніміз не?

* Сөйлем туралы не білесіңдер?

* Сөйлемнің қандай түрін білесің?

* Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

* Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

* Лепті сөйлем дегеніміз не?

Тест тапсырмалары.

1. Сөйлем түрлерін көрсет.

А. Әңгімелеу

Б. Хабарлы,сұраулы,лепті

В.Мәтін

2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді.

А.үшке

Б.төртке

В.екіге

3. Дұрыс жазылған сөзді тап.

А.кійік

Б.кйік

В.киік

4.Сөйлемді аяқта. Айнур сабақ оқып .......

А.жүгірді

Б.отырды

В.тұрды

5.Мәтінді көрсет.

А. Оқушы отырды.

Б. Оқушы отырды.Машина жүрді.

В. Балалар баққа келді.Бұта түбінен қоянды көрді.Олар қоянды ұстап алмақ болды.Қоян қаша жөнелді.

Мектеп суреті көрсетіледі. Бұл не? мектеп.

І қатарға сұрақ. Мектеп сөзінде неше дыбыс бар? Дыбыс дегеніміз не? (ауызша дыбыстық талдау жасату)

ІІ қатарға сұрақ. Мектеп не? Сөйлем дегеніміз не? (ауызша сөйлемді талдап өту керек)

ІІІ қатарға сұрақ. Мектепте кімдер болады? Сөйлем түрлеріне тоқталу.

Көркем жазу. Мектепте балалар білім алады.

(Осы сөйлемде неше сөз бар? Олар қалай байланысып тұр?) Оқушылардың өздеріне талдау жасату арқылы ереже шығару)

Ереже.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады.Олардың байланысы сұрақ қою арқылы табылады.

Жаңа сабақ.

Сурет бойынша жұмыс.

«Бір-бірімен бөліскен әңгіме»

Топқа 1 сурет беріп, сағат тілімен 2 сөйлемнен, 2 рет айналдырып әңгіме етіп жазу.

(мазмұнды сурет бойынша сөйлемдер құрату арқылы сөйлемдердің байланысын түсіндіріп өту)

Бой сергіту жаттығулары

• Табиғат аясында жиі боласыңдар ма?

• Табиғаттан қандай әсер аласыңдар?

Олай болса,ауа (дем аламыз). Су (жүзиміз). Күн (шуақтанамыз)

Оқулықпен жұмыс.

1жаттығу. (Сұракка жауап беріп сөйлемді көшіріп жазу. Екі сөйлем тақтада талданады)

2жаттығу. (ауызша орындалады).

Тапқырлық таныт айдары. Ой қозғау.

• Кім әйнекті сындырмай көктеп өтеді? Күннің сәулесі

• Екеуі қатар тұрады, бірақ бірін - бірі көрмейді? Екі көз

• Менің қалтам бос, бірақ ішінде бірдеңе бар.Ол не? Тесік

• Қандай ағаш өсуін тоқтатады? Жаңа жылғы шырша

• Өзі дыбыс шығармайды, дыбыстың бәрін жұтып жатады.Ол не? Құлақ

Сауатты жазу айдары.

3жаттығу (мәтін оқып түсіндіріліп,дурыс жазылмаған сөйлемді тауып,түзетіп жазу). Әр қатарға 2 сөйлемнен көшіріп жазуға беріледі.

Ойлы болсаң,озып көр айдары:

1.шығармашылық диктант

Ітоп. Ердос пен Елдос ...... аулауға барды.

ІІ топ. Аспанда ..... қалықтап ұшып жүр.

ІІІтоп. Күзде орман іші ......кетеді.

Керекті сөздер: (балық,қыран, құлпырып)

3.сызба бойынша сөйлем құрастыру.

Іқатар:

ІІқатар:

ІІІқатар:

Қорытынды.

Сұрақ-жауап. (ия,жоқ деп жауап беруі керек)

Сөйлем сөзден құралады. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылмайды.

Сөйлемге сұрақ қойылады. Буын сөзден құралады.

Сөз буыннан құралады. Сөйлемнің бір түрі бар.

Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады. Сөйлем мәтінен құралады.

Үйге тапсырма. 4-жаттығу.

Бағалау.

© 2010-2022