Сабақ Сөз мағынасының өзгеруі

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасының өзгеруі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға сөз мағынасының өзгеруі туралы лингвистикалық білім беру.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа, достыққа баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Сөз мағыналарының сипаты туралы түсінік

2. 35 - жаттығу

ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қой.

Да...а, ды...ыс, ...ыныс, жай...ау, ...ғаш, ...ал, жа..., ...аң.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сөздердің мағынасы бірде өзгеріп, бірде жоғалып,бірде жаңарып отырады.

Қазақ тілінде малай деген сөз «біреудің есігінде жалданып жүрген қызметші, жалшы» дегенді білдірсе, башқұрт пен татар тілдерінде малай сөзі «бала» деген мағынада қолданылады.

Қазақ тіліндегі көкпар сөзі екі сөзден құралған: көк және бөрі. Бөрі сөзі түркі тілдерінде «қасқыр» деген ұғымда жұмсалады.

VІ. Түсінік тексеру:

Ойланып көріңдерші, күнделікті қолданылып жүрген барлық сөздің мағынасын білесіңдер ме? Білмеген сөздеріңді түсіндірме сөздіктен қарап, мағыналарын жазыңдар.

VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс

37 -жаттығу. Ауызша орындалады.

  1. Осы мәтіндегі сөз тағдыры туралы айтылған әрбір ойды таратып айтып, мысалмен дәлелдеңдер.

38 - жаттығу

  1. Мәтінді сөздік дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.

39 - жаттығу. Тақтада орындау

  1. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтаңдар.

VІІІ . Сабақты қорыту:


1Бағалау

2Үй тапсырмасын беру.

2.1Сөз мағынасының өзгеруі туралы түсінік.

2.240- жаттығу.




© 2010-2022