Сабақ жоспары Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Трааз қаласы №47 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Р.К. Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме» Сабақтың мақсаты: а) А Байтұрсынұлының шығармаларынан мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу; ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; б) оқушылардың өз...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Трааз қаласы

№47 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Р.К.

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы

«Ақын ініме»

Сабақтың мақсаты:

а) А Байтұрсынұлының шығармаларынан мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.А.Байтұрсынұлының қандай мақалаларын білесіңдер?

2. Ахмет не себепті ату жазасына кесілді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

А.Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін мәнерлеп оқып беріп,ақынның айтпақ болған ойын өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.

Сөздікпен жұмыс: Милләт- араб сөзі,халық,ұлт деген мағынада

Аплатон-ертедегі грек оқымыстысы

Кітаппен жұмыс: Автордың ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарындағы ирониялық сарынды тап.

Мысалы. «Нашардың көбірек же,хақын інім,

Айғырсып момындарға ақыр,інім,

Кісімсіп,ең болмаса қақыр, інім»

Тақтаман жұмыс: Өлеңді құрылысына қарай талдайды.

3 4 4

Азырақ // құлағың сал,//ақын інім,

Ойымыз,//рухымыз //жақын,інім.

Ағалық //провасын //қолыма алып,

Келемін// айтайын деп //ақыл,інім.

1 шумақ, 4 тармақ , 12 бунақ , 11 буынды.

.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?

2. Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: А.Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін жаттап келу.


© 2010-2022