Статья на тему: «Зиятында ауытқуы бар балалардың тілін дамыту» («Развитие речи детей с нарушением интеллекта»)

Арнайы мектеп-интернаттарының негізгі міндеті – дамуы шектелген балалардың қоғамда табысты бейімделуіне қажетті білім, білік және дағдыларын қалыптастыру болып табылатыны бәрімізге мәлім. Зиятында ауытқуы бар балалардың бас миының органикалық зақымдалуының нәтижесінде психикалық,  әсіресе жоғарғы танымдық үдерістері бұзылған. Яғни олардың қабылдау, зейін, есте сақтау, ауызша-қисынды ойлау процестері, сөйлеу тілдері дамымаған. Осының салдарынан балалардың коммуникативтік дағдылары да қалыптаспаған. Зиятында ауытқуы бар балалардың тіл қорының тапшылығы, өз ойын еркін  жеткізе алмауы, айналасындағыларды дұрыс түсінбеуі келешекте қоғамда басқа  адамдармен тіл табысып, дұрыс қарым-қат...          Қазақ тілінде оқытылатын   балаларда орыс тілінен тіл дамыту сабағында кездесетін ерекше қиындық – бұл орысша сөздерді дұрыс айту, оқу, түсіну, сөйлеу, өз ойларын орыс тілінде жеткізу, яғни осы тілде еркін қарым-қатынас жасау. Сондықтан сабақта көбіне ауызша жұмыстарға көп көңіл бөлінеді: айтқызу, сөйлету, оқыту, қайталау. Әрине,  бір нәрсені қайта-қайта айтқызу, оқыту немесе қайталату  кез келген оқушының  болмасын еш қызығушылығын тудырмайды, ал біздің  балалар өздерінің психофизикалы... 1.     Зима недаром злится,                              2. Это утро, радость эта, Прошла ее пора-                                                  Это мощь и дня и света, Весна в окно стучится                                Эти стаи, эти птицы И гонит со двора... /Ф.Тютчев/                  Эти ивы и березы,  / Мұндай жұмыс түрі баланың тілін ширатып қана қоймайды, сонымен қатар оның шығармашылық дағдысын қалыптастырады және өз бетімен ізденуіне жетелейді, өйткені балаға дайын тақпақ берілмейді, оқушы өз бетімен кітапханадан тиісті тақпақты тауып жаттайды.          Тіл дамыту сабақтарында жиі қолданылатын жұмыс түрінің бірі – ауызекі сөлесу- берілген үлгіні рөлмен оқу, берілген диалогты жалғастыру немесе үлгі бойынша диалог құрастыру және әр түрлі жағдайларда ауызекі сөйлесуді пайдалану. Бұл жұмыс түрі сабақта ойын технологиясының элементтерін кеңінен қолдану арқылы жүзеге асырылады.          Белгілі педагог А.С.Макаренко ойынның ролін былай тұжырымдаған: «Кез келген баланың бойында ойынға деген қызығушылық, ынта-жігер болады, міне, осыны қанағаттандырып отыру керек. Бала өмірі – ойын арқылы дамиды» - деген. Қазіргі таңда ойын білім беру саласында зор педагогикалық құралға айналды. Ал ақыл-ой дамуы артта қалған балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты тәрбиелеуде және білім беруде әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, ойын түрінде берілген тапсырмалар ... Мысалы 5 сыныпта «Дүкенде" /«В магазине»/ деген ауызекі сөйлесу тақырыбын өткенде сабақ бойы ойын элементтерін тиімді қолданылды. Бұл қайталау және бекіту сабағы болғандықтан алдыға қойылған мақсат: оқушылардың өз алған білімдерін іс жүзімен ұштастыра алуға және қоғамдық орындарда өздерін дұрыс ұстау біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызу, яғни тапсырма практикалық іс-әрекет түрінде жүргізілді. Сабақтың өткенді қайталау кезеңі /қоғамдық орындарды атау/ «Найди слова» деген ойынды қолдану арқылы жүргізілді. Өйткені, оқушыларға  жай ғана: Балалар, қандай қоғамдық орындарды білесіңдер, атаңдаршы, десек, барлығы бірдей зейін қойып тыңдап, бірдей көңіл бөлмейді, яғни бұлай қойылған сұрақ оқушылардың танымдық қызығушылықтарын аса тудыра қоймайды. Егер, мысалы: «Ал, балалар, қазір ойнаймыз, деп, ойын түрінде тапсырманы /әріп сызбасын/ көрсетіп, қане, осы сызбада қандай таныс сөздер жасырынған,...          Осыдан кейін қоғамдық орындардың атауларын әрі қарай есте сақтап бекіту үшін, мысалы, сыныпты екі топқа бөліп, командалық ойын ретінде өткізуге болады.
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Смагулова Шайзада Шыныбековна, учитель - дефектолог

КГУ «Областная школа-интернат № 3 для детей с ОВР»


Статья на тему: «Зиятында ауытқуы бар балалардың тілін дамыту» («Развитие речи детей с нарушением интеллекта»)

Арнайы мектеп-интернаттарының негізгі міндеті - дамуы шектелген балалардың қоғамда табысты бейімделуіне қажетті білім, білік және дағдыларын қалыптастыру болып табылатыны бәрімізге мәлім.

Зиятында ауытқуы бар балалардың бас миының органикалық зақымдалуының нәтижесінде психикалық, әсіресе жоғарғы танымдық үдерістері бұзылған. Яғни олардың қабылдау, зейін, есте сақтау, ауызша-қисынды ойлау процестері, сөйлеу тілдері дамымаған. Осының салдарынан балалардың коммуникативтік дағдылары да қалыптаспаған. Зиятында ауытқуы бар балалардың тіл қорының тапшылығы, өз ойын еркін жеткізе алмауы, айналасындағыларды дұрыс түсінбеуі келешекте қоғамда басқа адамдармен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынаста болуларын қиындатады. Сондықтанда ақыл-ой дамуы артта қалған балалардың коммуникативтік, яғни, тіл арқылы қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру оларды әлеуметтік бейімдеу жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Әрине, оқушылардың байланыс тілін дамыту барлық пәндерде жүзеге асырылады, дегенмен де бұл тіл сабақтарының тікелей түзетушілік мақсатына енеді. Сондықтан әр сабақта осы мақсатта жүйелі түрде үнемі жұмыс жүргізіледі.

Қазақ тілінде оқытылатын балаларда орыс тілінен тіл дамыту сабағында кездесетін ерекше қиындық - бұл орысша сөздерді дұрыс айту, оқу, түсіну, сөйлеу, өз ойларын орыс тілінде жеткізу, яғни осы тілде еркін қарым-қатынас жасау. Сондықтан сабақта көбіне ауызша жұмыстарға көп көңіл бөлінеді: айтқызу, сөйлету, оқыту, қайталау. Әрине, бір нәрсені қайта-қайта айтқызу, оқыту немесе қайталату кез келген оқушының болмасын еш қызығушылығын тудырмайды, ал біздің балалар өздерінің психофизикалық ерекшеліктеріне байланысты тез жалығады, шаршайды, сондықтан біздің міндетіміз бір жұмыстың өзін сабақтың әр кезеңінде алуан түрлі тәсілмен қызықты етіп жүргізу. Сабақтың ұйымдастырушылық кезеңінен бастап-ақ балаларды орысша сөйлетуге жаттықтырған жөн: мысалы, кезекшінің есебі /әр сабақ сайын кезекші оқушы бүгін нешесі, қай ай, аптаның қай күні, сыныпта кім жоқ деген сұрақтарға толығымен орысша жауап береді/, сондай-ақ балалардың тілін жаттықтыратын, тіл икемділігін арттыратын жаттығулар беріледі /әр кезекшіге сол жыл мезгіліне байланысты тақпақ немесе үзінді жатқа айту тапсырылады, мысалы:

  1. Зима недаром злится, 2. Это утро, радость эта,

Прошла ее пора- Это мощь и дня и света,

Весна в окно стучится Эти стаи, эти птицы

И гонит со двора... /Ф.Тютчев/ Эти ивы и березы,

Эти капли - эти слезы,

Эти мошки, эти пчелы! /А.Фет/

Мұндай жұмыс түрі баланың тілін ширатып қана қоймайды, сонымен қатар оның шығармашылық дағдысын қалыптастырады және өз бетімен ізденуіне жетелейді, өйткені балаға дайын тақпақ берілмейді, оқушы өз бетімен кітапханадан тиісті тақпақты тауып жаттайды.

Тіл дамыту сабақтарында жиі қолданылатын жұмыс түрінің бірі - ауызекі сөлесу- берілген үлгіні рөлмен оқу, берілген диалогты жалғастыру немесе үлгі бойынша диалог құрастыру және әр түрлі жағдайларда ауызекі сөйлесуді пайдалану. Бұл жұмыс түрі сабақта ойын технологиясының элементтерін кеңінен қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Белгілі педагог А.С.Макаренко ойынның ролін былай тұжырымдаған: «Кез келген баланың бойында ойынға деген қызығушылық, ынта-жігер болады, міне, осыны қанағаттандырып отыру керек. Бала өмірі - ойын арқылы дамиды» - деген. Қазіргі таңда ойын білім беру саласында зор педагогикалық құралға айналды. Ал ақыл-ой дамуы артта қалған балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты тәрбиелеуде және білім беруде әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, ойын түрінде берілген тапсырмалар ақыл-ой дамуы артта қалған балалардың танымдық қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыратыны сөзсіз.

Мысалы 5 сыныпта «Дүкенде» /«В магазине»/ деген ауызекі сөйлесу тақырыбын өткенде сабақ бойы ойын элементтерін тиімді қолданылды. Бұл қайталау және бекіту сабағы болғандықтан алдыға қойылған мақсат: оқушылардың өз алған білімдерін іс жүзімен ұштастыра алуға және қоғамдық орындарда өздерін дұрыс ұстау біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызу, яғни тапсырма практикалық іс-әрекет түрінде жүргізілді.

Сабақтың өткенді қайталау кезеңі /қоғамдық орындарды атау/ «Найди слова» деген ойынды қолдану арқылы жүргізілді. Өйткені, оқушыларға жай ғана: Балалар, қандай қоғамдық орындарды білесіңдер, атаңдаршы, десек, барлығы бірдей зейін қойып тыңдап, бірдей көңіл бөлмейді, яғни бұлай қойылған сұрақ оқушылардың танымдық қызығушылықтарын аса тудыра қоймайды. Егер, мысалы: «Ал, балалар, қазір ойнаймыз, деп, ойын түрінде тапсырманы /әріп сызбасын/ көрсетіп, қане, осы сызбада қандай таныс сөздер жасырынған, кім тез таба қояды?, десек, оқушылардың барлығы қол көтеріп, жұмысқа белсене қатысады.

Осыдан кейін қоғамдық орындардың атауларын әрі қарай есте сақтап бекіту үшін, мысалы, сыныпты екі топқа бөліп, командалық ойын ретінде өткізуге болады.

Келесі кезеңде оқушылар қоғамдық орындардың қайсысына баратынын тағы да ойын-тапсырма арқылы өздері анықтайды.

М

Ә

Ң

А

Қ

Ұ

Г

Ү

Ғ

А

Ң

З

Ө

И

Н

/Берілген әріптердің ішінен тек қазақ тілне тән әріптерді сызып тастау керек, сонда «Магазин» деген сөз шығады./ Вычеркнуть из данного ряда специфические буквы казахского языка/. Слайд № 2

Дүкенге бару үшін балалар не алатындарын ойыны арқылы анықтайды. Бір оқушыға басқа оқушылар көрмейтіндей етіп жемістің суреті көрсетіледі, ол өзіне көрсетілген жемісті сипаттау арқылы басқа оқушыларға түсіндіру керек.

Содан кейін алынатын жеміс-көкеністердің аттары мен бағалары тақтаға жазылып ілінеді де, оқушылар дүкенге бару үшін қанша ақша керектігін есептеп шығарады /математика пәнімен байланыс/:

Әрі қарай сюжеттік-рөлдік ойын қолданылады. Оқушылар ауызекі сөйлесуді жай ғана рөлмен оқып қоймайды, сыныпта іс жүзінде «Овощи-фрукты» деген дүкен ұйымдастырылады: таразы, касса, калькулятор, т.б. керекті жабдықтармен қамтамасыз етіледі, екі оқушы стаушы, қалған оқушылар сатып алушы рөлінде болып күнделікті тұрмыста дүкенде қалай сауда жасау, сатушымен қалай тілдесу керектігін екіауыз сөйлесу арқылы іс жүзінде көрсетеді.

Қорытындай келсек, мұндай тапсырмалар біріншіден, балаларды аңғарымпаздыққа, зейінділікке баулыйды, ойлау, есте сақтау, көру арқылы қабылдау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамытады, қоғамдық орындарда өздерін дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастырады, екіншіден, ойын түрінде берілген тапсырмалар олардың танымдық қызығушылықтарын, белсенділігін, икемділігін арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында бір оқушы көңілден тыс қалмайды, әрбір бала оқу үрдісінде өз еркімен жұмыспен қамтылады.


© 2010-2022