Ата - ана мен мектеп арасындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аткаратын жұмысы

Үстірт орта мектебі мемлекеттік мекемесі 2011-2012 оқу жылын 46 сынып комплекісі 923 оқушы, 112 мұғаліммен аяқтады. Әрбір сыныпқа сынып жетекшісі бекітіліп, жыл бойы оқушыларға тәрбие жұмысын жүргізді. Тұжырымдаманың басым бағыттары бойынша төмендегідей он екі бағытты қамтиды. 1.Азаматтық –патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие 2. Рухани-адамгершілік 3. Отбасы тәрбиесі 4. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту 5. Әлеуметтік – мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру 6. Коммуникактивтті мәдениетті қалыптастыру 7. Эстетикалық тәрбие 8. Экологиялық тәрбие 9. Дене тәрбиесі мен салаутты өмір салтын сақтау 10. Кәсіби - шығармашылық тәрбие 11. Еңбек және экономикалық тәрбие 12. Интеллектуальды мәдениетті дамыту Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саяси, мәдени және халықаралық дамуындағы жетістіктері туралы апталық линенкада айтылып отырды. Білім күніне орай Тәуелсіз Қазақстан «Бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттар өткізілді. Айына бір рет құқық пәні мұғалімдері құқықтық сабақ өткізіп отырды. Жыл басында сынып оқушылардың қызметтері бөліп беріліп күн режімі жасақталды. 21 қыркүйек - Қазақ тілі – мемлекеттік тіл дәрежесін алған күніне байланысты, қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Ана-тілің – арың бұл” тақырыбында тіл апталығы өткізіліп, оған мектеп оқушылары түгел қатыстырылды. «Полицияның жас көмекшісі» тобының жиналысы өткізіліп, топ мүшелері сайланып жоспары бекітілді. 24 қазан – Халақаралық БҰҰ күніне орай 10-11- сынып оқушыларына тәлімгер А.Лепесова баяндама оқып оған 75 оқушы, 5 мұғалім қатысты. 8 сыныптар арасында қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мен Қазақстан республикасының азаматымын», «Менің Қазақстаным» тақырыбтарында шығарма жазылды. Оған сынып оқушылары түгел қатыстырылды. «Елтаңбаның патироттық маңызы», «Мемлекеттік нышандар тарихын білесіңбе?» «Қазақ батырлары. Маңғыстау батырлары» тақырыбтарында 1-11 сынып оқушыларына тәрбие сағаттары өткізілді. Құқық бұзушылықтың алдын – алу бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі К.Мақсымбай мен мектеп инспекторының ұйымдастыруымен «Заң білмеген зардап шегеді» тақырыбында 8 -10 сынып оқушылары арасында интелектуалды жарыс өткізіліп, оған 162 оқушы, 16 мұғалім қатысып жеңімпаз топтар марапатталды. “Ауғанның асуында от кешкендер” тақырыбында 8 - сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ауған соғысы ардагерлері мен кездесу өткізіліп, 100 оқушы, 16 мұғалім қатысты. 1992ж 2 наурыз ҚР ББҰ кірген күніне орай, 9-10 сынып оқушылары арасында құқық пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «БҰҰ әйелдердің саяси – құқықтары туралы Конвенция « тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара өткізіліп, оған мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата- аналар қатыстырылды. Технология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қазақ халқының қолданбалы өнері қолөнер» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата - ана мен мектеп арасындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аткаратын жұмысы









Ата - ана мен мектеп арасындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аткаратын жұмысы

Ата - ана мен мектеп арасындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аткаратын жұмысы



© 2010-2022