Ән жүйрігі - Біржан сал. Музыка 3 сынып

  Сабақтың тақырыбы:     Ән жүйрігі - Біржан сал.   Сабақтың мақсаты: Біржан салдың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.   Сабақтың білімділігі: Біржан салдың әндерін тыңдау арқылы  балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру.   Сабақтың дамытушылығы: Біржан салдың әндерін тыңдау арқылы музыка өнеріне баулу.   Көрнекілер:  Композитордың суреті, домбыра аспабы.   Сабақтың барысы: Біржан сал 19 ғасырдың ортасында Көкшетау дүниеге келген. Халық Біржанды ардақтап «сал» деген атақ берген. Сал деге...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ән жүйрігі - Біржан сал.

Сабақтың мақсаты: Біржан салдың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

Сабақтың білімділігі: Біржан салдың әндерін тыңдау арқылы балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың дамытушылығы: Біржан салдың әндерін тыңдау арқылы музыка өнеріне баулу.

Көрнекілер: Композитордың суреті, домбыра аспабы.

Сабақтың барысы:

Біржан сал 19 ғасырдың ортасында Көкшетау дүниеге келген. Халық Біржанды ардақтап «сал» деген атақ берген. Сал деген атақ кез келген адамға берілмейтін еді.

Сал - өзі ақын, өзі композитор, өзі әнші, сөзге шешен - сегіз қырлы бір сырлы ақылды адам. Біржан сал да осы қасиеттерді бойына сіңіріп, той - думанның көркі болып, ел еркесіне айналады.

Біржан салдың атағы елге кең тарап, халықтың құрметіне бөленген кез. Көкшетау өнірінің атақты болыстары Азнабай мен Жанбота ауылға сыйлы еп, қызу үстінде.

Жанбота өзінің құрметті қонақтарына ән салдыруға Біржан салды арнайы шақыртады. Осы сыйлы қонақтар алдында Жанбота мен Азнабай өз байлықтарын асырып көрсетпек болады. Күн бата Жанбота ауылынан Біржан салдың шырқап салған әні естіледі.

Бұл Азнабайға ұнамайды. Азнабай өзінің үйінде осындай әншінің болмағанына намыстанып қалады. Өзінің шабарманын шақыртып: «Анау үйдегі әншіні менің үйіме алып кел, ән салсын, сыйлықты Жанботадан асырамын», - деді.

Азынабайдың шабарманы Біржан сал отырған үйге келіп: «Оу, Біржан! Сізді Азнабай болыс шақыртып жатыр. Менің үйіме келіп ән салсын дейді. Беретін сыйлығын Жанботадан асырып береді», - дейді. Сонда Біржан сал: «Азнабайға сәлем де, мен ешқайдада бармаймын. Мал мен сыйлық іздеп жүргем жоқ. Халыққа өнерімді көрсеткелі жүрмін», - дейді.

Ашуланған шабарман бір қолымен Біржанның қолындағы домбырасына жабысып, екінші қолындағы қамшымен салып жібереді. Біржанның қолындағы домбырасын жұлып алмақшы болады. Отырған халық Біржанды қорғап қалады.

Амалы таусылған шабарман келген ізімен қайтып оралады. Шабарман шығып кеткеннен кейін Біржан сал Жанботаға барып, болған істі баяндап береді. Жанбота болса, Біржанның сөзін тыңдамай, өзі сияқты ьолыстыңсөзін сөйлеп: «Жетер! Қақсама! Бас жарылса, бөрік ішінде», - деп әншіге ақырады. Сонда ғана Біржан сал би - болысқа арқа сүйеп, әділдік күтіп, адасқанына өкінеді. Домбырасын қолына алып, Біржан сал сол бойда бір ән шығарып айтады. Бұл ән ел арасында «Адасқақ»деп аталады.

Ән тыңдау: «Адасқақ».

Ән үйрену.

Сәулем - ай

Халық әні

Аяғыма кигенім былғары етік, сәулем - ай,

Табанымнан барады ызғар өтіп сәулем - ай.

Жақсы болсаң келерсің судан өтіп сәулем - ай,

Жаман болсаң кетерсің суға кетіп сәулем - ай.

Қайырмасы:

Сәулем, сәулем, сәулемсің,

Басымдағы дәуренсің.

Жақсы болсаң, сәулемсің.

Жаман болсаң, әуремсің.

Біліп ал!

Біржан сал Қожағұлұлы (1834 - 1897) қазақтың әйгілі әнші, ақын, композиторы. Ол суырыпсалма ақын ретінде де кеңінен танылды. Біржан сал мен Сараның айтысы ел аузында сақталып, бүгінге жетті. Біржан салдың «Жанбота», «Ләйлім шырақ», «Жонып алды», «Айтбай», «Адасқақ», «Көкек» т.б. әндері бар.

Қорытындылау.

Қандай қасиеттері бар адамды «сал» деп атаған?

Біржан сал кімнің ауылында ән салды?

Азнабай болыс Біржанға кімді жұмсады?

Біржан сал шабарманға не деп жауап берді?

Біржан салдың Жанботаға арызданып барған себебі не?

Біржан сал Жанботаның жауабына қандай ән шығарды?

Не себепті Біржан сал әннің атын «Адасқақ» деп қойған?

Бағалау.

Үйге тапсырма.



© 2010-2022