Балабақшадағы ара жәндігін зерттеу

Жобалау әдісі бойынша  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру салалары: Қатынас, Таным,Шығармашылық. Тараулары: Тіл дамыту, Айналаны қрошаған орта, Жапсыру. Тақырыбы: Балабақшадағы ара жәндігін зерттеу. Мақсаты: Балаларға экологиялық тәрбие бере отырып, айналамен таныстыру. Ара жәндігі туралы білімдерін кеңейту. Ара жәндігінің тіршілігі, адамға пайдасы мен зияны жайлы түсінік беру. Ата-аналар ақпарат құралдарын пайдалана отырып, балалармен бірге ара жәндігін зерттеп...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жобалау әдісі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру салалары: Қатынас, Таным,Шығармашылық.

Тараулары: Тіл дамыту, Айналаны қрошаған орта, Жапсыру.

Тақырыбы: Балабақшадағы ара жәндігін зерттеу.

Мақсаты: Балаларға экологиялық тәрбие бере отырып, айналамен таныстыру. Ара жәндігі туралы білімдерін кеңейту. Ара жәндігінің тіршілігі, адамға пайдасы мен зияны жайлы түсінік беру. Ата-аналар ақпарат құралдарын пайдалана отырып, балалармен бірге ара жәндігін зерттеп, мәліметтер жинақтап ортаға салу.

Міндеттері:
- Ара өсімдігінің суреттерін жинақтап альбомдар жасау.
- Балаларға ара жайлы мәліметтер жинақтау.
- Ара тақырыбына әр түрлі заттардан көрме ұйымдастыру.
- Бал түрлерін жинақтау.
- Жұмыс барысында ата-аналардың қызығушылығын орнату.

Әдіс-тәсілдер: Ара жәндігін іздену.

Керек құралдар: Суретті слайд, ара жайында альбом және бейне таспа, көрме ұйымдастыру.

Сөздік жұмыс: Жарғаққанатты.

Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: Айдай арайланып,
Күндей күлімдеп.
Жұлдыздай жарқырап,
Қонақтармен амандасып алайық.

Балалар: Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей бәріміз.
Сәлемдейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме қонақ апайлар!

I-ші дайындық кезеңі: Топ балаларын және ата-аналарды 4 топқа бөліп үй тапсырмасы алдын-ала берілді және өздеріне берілген тақырыпты ашық сабақ барысында қорғайды.

Әр топқа берілген тапсырмалар:
I-топ: Ара жайлы не білесіз және ол туралы мәліметтер.
II-топ: Бал ара отбасының тіршілігі.
III-топ: Араның адамға пайдасы мен зияны.
IV-топ: Балдың түрлері мен емдік қасиеттері.

II-ші кезең: Жобаның жүзеге асуы. Үй тапсырмаларын қорғау.

I-топ: Ара жайлы не білесіз және ол туралы мәліметтер.
Азамат Ара, үй арасы бал арасы жарғақ қанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді.
Әмина Бір ұяда бір ұрғашы Ара аналық ара, бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың жұмысшы ара болады.
Айдар Аналық ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішінде ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20-25 мм, ал салмағы 150-300мм-ге дейін жетеді.
Айдын Тәулігіне 2-3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін салады.
Айдидар Бал аралардың түк басқан ірі басының екі жағында екі күрделі көзі, олардың аралығында үш жай көзшелері болады.

Айдидардың анасы ара жайлы толықтырып береді.

Тәрбиеші: Ара жайлы өлең шумақтарымызды, жаңылтпаштарымызды айтып берейік.

  1. Ара, ара, аралар

Гүл қауызын жағалар

Оны баққан ағалар

Шелек Шелек бал алар

  1. Баратыным - қыр

Қонатыным - гүл

Теретінім - нәр

Беретінім - бал.

Жаңылтпаштар:

1. Ара барда бал бар,
Қайда кетер бар бал?

2. Ара, ара, аралар
Ара алысқа бара алар.

3. Бала арадан алар,
Балды жалар балалар.

II-топ: Бал ара отбасының тіршілігі жайлы айтып түсіндіреді.
Әйгерім Аналық, еркек, жұмысшы аралар. Үлкен жанұя болып, аралар тіршілік етеді. Бір жанұя ішінде мыңдаған жұмысшы аралар мен бір аналық арадан бар.
Асылан Еркек аралар көктемнің соңында және жаздың басында пайда болады да, аз уақыт тіршілік етіп, күздің аяғында өліп қалады.
Дінмұхаммед Омарта тұрғындары бір жанұя болып тіршілік етеді де омартада қалыптасқан белгілі заңдар мен ережелерге бағынады.
Дария Мұнда тұратын әрбір ара өзінің жұмыс орны мен міндеттерін жақсы біледі және орындайды.
Талшын Ара отбасының басым бөлігін жұмысшы аралар құрайды. Олар шіре мен тозаң жинайды, ұяшықтар тұрғызады, дірнәсілдерді қоректендіреді, ұяшықты тазалайды және қорғайды.
Талшынның анасы толықтырып айтып береді.

Сергіту сәті: «Аралардың биі»

III-топ: Араның адамға пайдасы мен зияны жайлы айтып береді.
Ернар Араның тіршілігі гүлдермен тығыз байланысты болады, олардың негізгі қорегі -гүлдерден тәтті шырындар мен тозаңды жинайды.

Нұрсұлу Аралардың өсімдікке тигізер пайдасы орасан зор. Олар ұшып-қонып жүргенде гүлдерді айқас тозаңдандырады да, өсімдіктің өнімділігін арттырады.
Тұлыхан Араның беретін негізгі өнімі- бал әрі дәмді, емшілік қасиеттері мол.

Мадина Жұмысшы бал араларда құрсағының ұшында шаншары болады. Оны жануарлардың немесе адамның денесіне шанышқанда у құйып, қатты ауыртады.
Данияр Ұсақ жәндіктер араның уына өліп кетеді.
Алихан Ерегде ара бізді шағатын болса, ісіп кеткен жерді сабындап жуу керек, суық мұз басу керек.
Нұрсұлудың анасы толықтырып береді.

Үнтаспадан аралар жайлы видео көру.

IV-топ: Балдың түрлері мен емдік қасиеттері.

Нұрсұлатан Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық-янтарь болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Альмира Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы иол және ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
Иса Шайқурай (киппей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
Әлімжан Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр алтын түсті болады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке,жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Абылай Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Абылайдың мамасы толықтырып айтып береді.

Тәрбиеші: Ара жайлы көп мәліметтер жинадық, сол мәліметтерді ата- аналарымызбен бірігіп ортаға салдық. Енді ата-аналарымызбен бірге осы араны жасап көрейік. Араның бөлшектерін өзіміз дайындап қойған болған едік, енді құрастырып, жапсырайық. (жапсыру әдісін көрсетемін).
-Ал енді жұмысты бастамас бұрын қолымызды жаттықтырайық.

Әке ара келеді
Ана ара келеді
Бәрі бірге келеді
Күнмен бірге тұрады
Көйлектері сап-сары
Қара жолақ болады
Жүгіреді ғыр-ғыр-ғыр
Ұшып кетті ыз-ыз-ыз.

Қорытынды:

  1. -Аралар нешеге бөлінеді?
    -Аралар 3ке бөлінеді. Аналық, еркек, жұмысшы аралар.

  2. -Бал арасы қай жерлерде кездеседі?
    -Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі.

  3. Аралар қалай тіршілік етеді?

-Аралар топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді.

  1. Араның тіршілігі немен байланысты?

-Араның тіршілігі гүлдермен тығыз байланысты.

5. Аралардың өсімдікке тигізетін пайдасы қандай?

-Олар ұшып-қонып, жүргенде гүлдердің өнімділігін арттырады.

6. Ара бізге не береді?

-Ара бізге бал береді.

7. Балдың қандай түрлері бар?

  • Түйе бұршақ;

  • Жөке;

  • Шайқурай;

  • Шабындық;

  • Таңқурай.




© 2010-2022