«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

Данная статья «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» об оценивании учащихся на занятиях. Коучинг занятие об оценивании учащихся.Программа коучинга поможет многим учителям понять модуль оценивание обучения. Әріптестерімізді педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпалдасу. Мұғалімдерге оқушылардың айқындалған критерийлерге сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жас...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ерсаинова Айнұр Самийқызының «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында өткізген коучинг сабағының жоспары.

«Каменка орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы, ШҚО

Коучинг №2

Сабақтың

тақырыбы:

«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау»

Мақсаты:

Әріптестерімізді педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпалдасу. Мұғалімдерге оқушылардың айқындалған критерийлерге сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жасай бiлуге қол жеткізуін үйрету.

Оқытудың нәтижесі:

Мұғалімдер формативті және жиынтық бaғалаудың айырмашылығын біледі, критерий арқылы бағалауды сабақтарында қолдана алады

Негізгі идея:

Формативті бағалау - оқыту үшін, ынталандырушы бағалау. Бағалау бұрынғы тәжірибеміздегі сияқты оқыту мен оқудан кейінгі болатын үдеріс емес, оның ажырамас бөлігі екендігін меңгерткім келді

тренинг:

Өзінің атының бірінші әрпіне сәйкес сын есімді қолданып, жақсы қаситін атау

Топтарға бөлу:

Кәмпиттер арқылы топқа бөлу

Кіріспе сабақ:

Тарсырмалар түрі:


Тапсырманы орындау барысындағы әрекеттер:

Уақыт:


Коучтың әрекеті

Мұғалімдердің әрекеті

Тапсырма 1:

«БББ» әдісі.

Бағалау дегеніміз не? «БББ» әдісінің «Білемін» бағанын толтыру ұсынылады.

Мұғалімдер «Білемін» бағанын толтырады.

5 мин

Тапсырманы бағалау

Коуч тарапынан түзету, мадақтау

Тапсырма 2:

Мағынаны ашу кезеңі


  1. Мұғалімдерге «үш торай» жайлы видеороликті көрсету және осы торайлардың салған үйлерін бағалату. Сіздер өздеріңіз қойған баға дұрыс деп ойлайсыздар ма? Деген сұраққа жауап алу

Мұғалімдер мультфильмді көреді, бағалайды және де өздерінің қойған бағаларының әділдігі жайында пікірлерін айтады


7 мин

Тапсырманы бағалау

Смайликтер арқылы

Тапсырма3:



  1. 5-11 сыныптың бақылау жұмысынан алынған бағаларын жариялағандағы реакциялары жайында видеороликті көрсету. Бағаларды айтып болғаннан кейін 5-11 сынып оқушыларында неліктен осындай реакция болды деп ойлайсыз? Сізде осындай жағдайлар жиі кездеседі ме? Осы ситуациядан қалай шығасыз? Оқушының қандайда бір жұмысын бағалауын түсіндіріп беру керек деп ойлайсыз ба? Және де оны қалай істейсіз?

Мұғалімдер видеороликті көреді, сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі.

7 мин

Тапсырманы бағалау

Формативті

Тапсырма 4:

Мұғалімдерге торайлардың үйді салудағы критерийлерді ұсынып, қайта бағалау.

Бұл жерде бағалаудың қандай түрі қолданылды?

Бағалардың айырмашылығы болды ма, неліктен?

Сіздерге қайсы бағаны қою оңай болды? Деген сұрақтар қойылады

Мұғалімдер берілген критерийлер бойынша қайтадан бағалайды, критериалдық бағаладың тиімділігін түсінеді

5 мин

Презентация

Мини-лекция тарату. интерактивті тақтадан лекцияға шолу жасау. Лекцияны оқып болып «Білдім, Білгім келеді» бағанын толтыру.

Мұғалімдер лекияға шолу жасайды, «Білдім», «Білгім келеді» бағанын толтырады

7 мин

Сергіту сәті:

Екі қолды артқа қойып, мұрынмен ауаға өзінің сүйікті бағасын жазу.

Мұғалімдер сергіту жұмысын жасайды

2 мин

Тапсырма: 5

«Киіз үй» суретін салуды ұсыну. Бірінші жай бағалау

Екінші критерий құрып қайта бағалау, бағаларын дәлелдеу

Әр топ «киіз үй» сретін салады, алдыме жай, онан кейін критерий құрып бағалайды, қойған бағаларын дәлелдейді Критерий арқылы бағалаудың маңызын айтып өтеді

15

Фронтальді сұрау:


  1. Жаңаша жұмыс істеуге Сіз дайынсыз ба?

  2. Критериалды бағалауды барлық сабақта қолдануға бола ма?

  3. Барлық мұғалім жаңа тәсілдермен сабақ өтуі тиіс пе?

  4. Дәстүрлі педагогика енді керек емес пе?

Әр бағаға түсініктеме беру қажет пе? Барлық сабақта оқушыларды топқа бөлу керек пе?

Мұғалімдер сұрақтарға жауап беру арқылы өз пікірлерін айтады

7

Қорытынды рефлексия:

5 мин

«Тілек шоғырына» өздерінің ұсыныстары мен тілктерін жазып, жабыстыру.



© 2010-2022