М. Сұлтанқожаұлы Ілімге толса көкірек

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : М.Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы

Білімділік: Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары тағлымдық шығарма екенін түсіндіру;

Тәрбиелік: Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу;

Дамытушылық: Көркем шығарманы талдай білу қабілеттерін, сөйлеу тілі мен жазба тіл мәдениетін дамыту, оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : Серпілген сауал, сұрақ-жауап, дамыта оқыту,топтық жұмыс,түсініктеме күнделігі

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,слайдтар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу.

  2. «Айна» тренингі арқылы психологиялық ахуал туғызу

  3. Әріптер арқылы «А,В,С,Д» Топқа бөліну.

Үй тапсырмасын пысықтау «Серпілген сауал» 1. Шортанбай Қанайұлы кім?

2.Шортанбай өмір сүрген кезеңде қазақ қоғамына қандай өзгерістер енді?

3.Шортанбай шығармаларының басты тақырыбы не?

4.Ақын дін иелерінің заман ыңғайына көшкенін қалай бейнелейді?

5.Шортанбай Қанайұлын неге «Зар заман ақыны» дейді?

«Зар заман» өлеңінен үзіндіні жатқа сұрау.

  • Жаңа сабақ: Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы (Слайд)

  • Майлықожаның термесін тыңдату. Интербелсенді тақтадан тамашалау.

Ақын:

...Мәлім болған халыққа, Не жүйрік келіп дүниеге,

Өтірік емес анық та, Аяқтарын тіреді.

Өнер алды - тіл еді. Қарсыласқан хандарға

Сарттан өткен Науаи Үзеңгісін шіреді...

Тілдің гаусар гүлі еді. Бәрі де өтті дүниеден,

Парсыда еткен Фирдоуси, Адам бар ма оларды

Заманында дүр еді. Есіткенде күймеген, -

деп, оларға ерекше ден қойып құрметпен қарағанын, өзіне

үлгі тұтатынын мақтанышпен айтады.

  • Кітаппен жұмыс: Майлықожа Сұлтанқожаұлының толғауларын мәнерлеп, нақышына келтіре оқу.

1 топ

  • «Түсініктеме күнделігі»

Толғаудан үзінді

Менің түсінгенім

«Жақсының жолы- жарық күн

Жаманның жолы-көмескі

2топ

  • Үлгі бойынша Сәйкестендіру кестесін жасақтау

Толғаудан үзінді

Орынсыз жерде күледі

Сабырсыз болма асығып

Бастағы мінін жасырып

Жаман

ның жолы-көмескі

Сабыр ақыл серігі


Ақылсыздың белгісі


Жақсының жолы- жарық күн


Жаман сөйлер халықтан


3 топ

  • «Салыстыру»

Майлықожа Абай

Талап,білім, еңбексіз,Қалайша тірлік жеңбексіз?

Адамгершілік Білім,еңбек

Еңбек

Талап,еңбек,

терең ой,

Қанағат,рақым ойлап қой .

Абай



  • Өлеңнің көркемдік тілі

Метафора,Эпитет,Теңеу

  • Жақсы адам бейнесін сипаттап жазу

«Жақсы болу өзіңнен,жаман болу өзіңнен» бейнебаян тамашалау

Оқушы пікірлері (бейнебаян бойынша)

Білімді бекіту: Толғаудан қандай ой түйдіңіздер?


Кері байланыс: «Басбармақ»

М.Сұлтанқожаұлы Ілімге толса көкірек

Білімді бағалау: Оқушыларды стикер арқылы бағалау

Үйге тапсырма: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу. «Ілімге толса көкірек» толғауды жаттау








© 2010-2022